Өртке қарсы қызметтердiң өрт қауiпсiздiгi саласындағы мамандарын арнайы даярлайтын бағдарламаларды, оқу курстарын және бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы



бет2/4
Дата18.07.2016
өлшемі0.77 Mb.
#207468
1   2   3   4
      Жүргiзу әдiсi: практикалық сабақ.

      № 5-тақырып. Өрт жеңдерi, жеңдiк жабдық, өрт оқпандары.


      1-сабақ. Өрт жеңдерiнiң және жеңдiк арматуралардың, өрт оқпандарының түрлерi, құрылысы, тағайындалуы. Сорғыш және сорғыш-сору жеңдерiнiң сынағы мен оларды күту, пайдалану. Өрт жеңдерiмен, оқпандармен жұмыс iстеу кезiндегi техника қауiпсiздiгi.
      Жүргiзу әдiсi: практикалық сабақ.

      № 6-тақырып. Көбiктi өрт сөндiрудiң құралдары мен жабдықтары.


      1-сабақ. Үстiртiн белсендi заттар туралы жалпы мәлiметтер мен түрлерi. Көбiктендiргiштер мен дымқылдатқыштар және оларды сақтау ережелерi. Ауа-көбiк оқпандары мен көбiк генераторлары: тактика-техникалық деректерi, оларды күту тәртiбi және әрекет ету ұстанымы, түрлерi, құрылымы, тағайындалуы. Көбiк араластырғыштар: тағайындалуы, түрлерi, құрылымы, әрекет ету ұстанымы мен техникалық сипаттамасы. Аспаптарды пайдалану кезiндегi техника қауiпсiздiк ережелерi.
      Жүргiзу әдiсi: практикалық сабақ.

      № 7-тақырып. Өрт сөндiргiштер.


      1-сабақ. Көмiрқышқыл ұнтақты және ауа-көбiктi өрт сөндiргiштердiң жұмыс iстеу ұстанымы мен қолданылу саласы, тағайындалуы.
      Жүргiзу әдiсi: сыныптық-топтық сабақ.

      № 8-тақырып. Өртке қарсы қызметтегi байланыс.


      1-сабақ. Өртке қарсы қызметтегi байланысты ұйымдастырудың жалпы ұстанымдары мен тағайындалуы. Өрт байланысының аппаратурасы. Стационарлық тасымалдану радиостанциялары, олардың құрылысы мен жұмыс iстеу тәртiбi. Өрттегi байланысты ұйымдастыру. Радиоауысымды жүргiзу ережесi.
      Жүргiзу әдiсi: практикалық сабақ.

4-бөлiм. Өрттен-құтқару дайындығы

      № 1-тақырып. Өрт жеңдерiмен, оқпандарымен, жеңдiк арматура және оның керек жарақтарымен жұмыс.


      1-сабақ. Өрт жеңдерiмен, қол және лафеттiк оқпандармен су беру жұмысы.
      Жүргiзу әдiсi: практикалық сабақ.

      № 2-тақырып. Өрт сатыларымен жұмыс.


      1-сабақ. Сатыларды өрт автомобилiнен түсiру, оны тасымалдау, орнату, онымен қабаттарға көтерiлу, сатыны жинау және автомобильге орнату тәсiлдерiмен практикалық машықтану.
      Жүргiзу әдiсi: практикалық сабақ.

      № 3-тақырып. Құтқару арқанымен жұмыс. Құтқару және өзiн-өзi құтқару.


      1-сабақ. Құтқару арқанын будаққа орау. Құрылыстың төрт тәсiлдерiмен құтқару арқандарын бекiту. Құтқару iлгектерiн зардап шегушiге кигiзу. Зардап шегушiлердi құтқару және өзiн-өзi құтқару.
      Жүргiзу әдiсi: практикалық сабақ.

      № 4-тақырып. Өртте конструкцияны ашу және құру.


      1-сабақ. Өртте зардап шегушiлердi құтқару және түтiндi шығару үшiн конструкциялардың ашылатын көлемi мен орнын анықтау. Конструкцияны ашу және құру үшiн пайдаланылатын құрал.
      Жүргiзу әдiсi: практикалық сабақ.

      № 5-тақырып. Су көзiне қойылған өрт сөндiру автомобилiнен (мотопомпалар) жауынгерлiк қанат жаюы. Жауынгерлiк қанат жаю кезiндегi өрт сөндiрушiлердiң әрекетi.


      1-сабақ. Өрт сөндiру автомобилiнiң су көзiне орнатумен және орнатусыз бiр (екi) оқпаннан 2-3 жеңге су берумен бөлiмшенiң жауынгерлiк қанат жаюы.
      Жүргiзу әдiсi: практикалық сабақ.

5-бөлiм. Өрт-тактикалық дайындығы.

      № 1-тақырып. Жану және жанғыш заттар, өрт және оның өршуi туралы жалпы мәлiметтер. Өртте жануды тоқтату негiздерi.


      1-сабақ. Жану процесi туралы жалпы түсiнiктер. Жану мен аса таратылған жанатын заттардың өрт қауiпсiздiгi және сипаты туралы қысқаша мәлiметтер. Тұтану температурасы және жану жылдамдығы  заттардың ұсақтауынан, сумен дымқылдауынан, жарылысқа қауiптi қоспаның болуына байланысты.
      Өрт сөндiргiш құралдарды таңдау және классификациялау. Негiзгi өрт сөндiргiш заттар мен өрт сөндiру тәсiлдерi туралы жалпы мәлiметтер.
      Жүргiзу әдiсi: сыныптық-топтық сабақ.

      № 2-тақырып. Өрт бөлiмшелерiнiң түрлерi және олардың тактикалық мүмкiндiктерi туралы түсiнiк.


      1-сабақ. Өртке қарсы қызметтiң алғашқы және негiзгi тактикалық бөлiмшесi. Бөлiмшенiң тактикалық мүмкiндiктерi жөнiнде және олардың тәуелдiлiгi жөнiнде түсiнiк. Бөлiмшенiң (объектiнiң) жарағындағы негiзгi және арнайы өрт автомобильдерiнiң тактикалық мүмкiндiктерi. Бiрiншi оқпанды берудегi автоцистернаның мәнi. Запастағы су таусылғанға дейiн автоцистерналарды су көзiне орнату қажеттi жағдайы.
      Жүргiзу әдiсi: сыныптық-топтық сабақ.

      № 3-тақырып. Өрттi барлау. Өрттi барлаудағы өрт сөндiрушiнiң әрекетi.


      1-сабақ. Өрттi барлаудың мiндеттерi мен мақсаты. Барлауды ұйымдастыру және оны өткiзу, барлауды өткiзетiн адамдардың мiндетi. Өрттi барлаудағы өрт сөндiрушiнiң әрекетi. Барлауды өткiзудiң әдiстерi. Көмек қажет ететiн адамдарды құтқару үшiн шаралар қолдану. Барлауды өткiзу кезiндегi қауiпсiздiк шаралар.
      Жүргiзу әдiсi: сыныптық-топтық сабақ.

      № 4-тақырып. Өрттегi iздеу-құтқару жұмыстары. Адамды құтқару және мүлiктi көшiру кезiндегi өрт сөндiрушiнiң әрекетi.


      1-сабақ. Қандай жағдайларда iздеу-құтқару жұмыстары жүргiзiледi. Өртте адамдарды құтқару. Адамдарды iздеп табу жолдарының, тәртiбiнiң тәсiлдерi және құтқару тәсiлдерi. Адамдарды құтқару және мүлiктердi көшiру кезiндегi өрт сөндiрушiнiң әрекетi. Адамдарды құтқару және мүлiктердi көшiру кезiндегi техника қауiпсiздiгi.
      Жүргiзу әдiсi: практикалық сабақ.

      № 5-тақырып. Өрттi сөндiру тактикасы. Өрт сөндiру кезiндегi өрт сөндiрушiнiң әрекетi. Күзетiлетiн объектiлердегi өрттi сөндiру ерекшелiктерi.


      1, 2-сабақтар. Өрт тактикасы туралы түсiнiк. Өртке қарсы қызмет органдарының жауынгерлiк жарлығыөрт тактикасының негiздерi. Өрт сөндiру кезiндегi өрт сөндiрушiнiң әрекетi. Өрт сөндiру – өрттен қорғану жүйесiнiң құрамдас бөлiгi және өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiнiң жауынгерлiк әрекеттерiнiң негiзгi түрi. Өрт сөндiрудiң мiндеттерi мен ұстанымдары. Өрт-тактикалық сипаттама, күзетiлетiн объектiлердегi өрттi сөндiру мен өршу ерекшелiктерi. Күзетiлетiн объектiлердегi өрттi сөндiру кезiндегi техника қауiпсiздiгi.
      Жүргiзу әдiсi: сыныптық-топтық және практикалық сабақтар.

6-бөлiм. Өртте зардап шеккендерге дәрiгерге дейiнгi
көмек көрсету

      № 1-тақырып. Қан кетудi тоқтатудың негiзгi ережесi.


      1-сабақ. Таңғышты қойып, артерияны қысу, аяқ, қол, саусақ бастарын барынша бүгiп, жгут қою.
      Жүргiзу әдiсi: сыныптық-топтық сабақ.

      № 2-тақырып. Жасанды тыныс алу мен жүрекке сырттан массаж жасаудың негiзгi ережесi мен әдiстерi. Тамырдың жиi соғуын анықтау.


      1-сабақ. Өмiр мен өлiмнiң (биологиялық және клиникалық) белгiлерi. Жүректiң тоқтау белгiлерi. Тамырдың жиi соғуын анықтау тәртiбi. Бiр және екi өрт сөндiрушiмен жүрек-өкпе реанимациясының алгоритмi. Жүрек-өкпе реанимациясының дағдысына машықтану.
      Жүргiзу әдiсi: практикалық сабақ.

      № 3-тақырып. Жараланғанда, зақым болғанда, дене мүшелерi шығып кеткенде, сынып қалғанда дәрiгерге дейiн көрсетiлетiн бiрiншi көмек көрсету әдiстерi.


      1-сабақ. Бас сүйектi, кеуденi, iштi тесiп өтетiн жарақаттар. Дәрiгерге дейiнгi алғашқы көмек көрсету ерекшелiктерi (жарақаттарды тану, таңғыштар, жансыздандыру, жатқызу, тасымалдау). Бас, мойын, кеуде куысы жараланғандағы дәрiгерге дейiнгi көмек (бас, мойын, бет, иек бөлiктерiн таңу). Кеуде мен iш жараланғандағы өзара және өзiне көмек көрсету. Пневмоторакс. Өзiне және өзара көмек. Таңу, аяқ-қолды таңу дағдысына машықтану (иық, бiлек буыны, саусақтар).
      Жүргiзу әдiсi: практикалық сабақ.

      № 4-тақырып. Үсiген, термиялық және химиялық күйгенде дәрiгерге дейiн көрсетiлетiн көмектiң әдiстерi.


      1-сабақ. Күйiктер, түрлерi, ауыртпалық. Еспен танудың алдын алу, дәрiгерге дейiнгi көмек көрсетудiң алгоритмдерi. Үсiктiң түрлерi, алғашқы көмек көрсету. Гипотермия мен гипертермия, дәрiгерге дейiнгi көмек көрсетудiң ерекшелiктерi.
      Жүргiзу әдiсi: практикалық сабақ.

7-бөлiм. Техника қауiпсiздiгi

      № 1-тақырып. Қызметтi өткеру және өрттi сөндiру кезiндегi техника қауiпсiздiгi.


      1-сабақ. Қызметтiк жайларға қойылатын техника қауiпсiздiгi ережелерiнiң талаптары. Өрт техникасына, өрт-техникалық жабдығына, жауынгерлiк киiм-кешек пен жараққа қойылатын талаптар. Қызметтi өткеру және өрттi сөндiру, жиналып, дабыл бойынша, өрт орнына шығу, өртке (апатқа), дүлей зiлзалаға жету, бөлiмшеге қайту кезiнде қойылатын техника қауiпсiздiгi ережелерiнiң талаптары; жауынгерлiк қанат жаю және өрт сөндiру кезiндегi техника қауiпсiздiгi.
      Жүргiзу әдiсi: сыныптық-топтық сабақ.

Өрт сөндiру автомобиль жүргiзушiлерiнiң алғашқы бастама
дайындығының тақырыптық жоспары

№  р/с

Тақырыптардың атаулары

Сағат саны

Барлығы

олардың

Сыныптық-топтық

практикалық

1

Өрт сөндiру автомобильдерiнiң тұрпаттары және классификациясы.

1

1

-

2

Негiзгi қолданудағы өрт сөндiру автомобильдерi және олардың негiзгi тактика-техникалық деректерi.

1

1

-

3

Арнайы қолданудағы өрт сөндiру автомобильдерi және олардың негiзгi тактика-техникалық деректерi.

1

1

-

4

Өрт сөндiру автомобильдерiнiң шассиi. Өрт сөндiру автомобильдерiнiң арнайы агрегаттарының қосымша трансмиссиясы.

1

-

1

5

Қозғалтқыштың қосымша салқындату жүйесi. Су мен көбiктендiргiш арналған сыйымдылық. Су, көбiктендiргiш, сорғышты бөлiктi сыйымдылықтарына арналған жылыту

1

-

1

6

Өрт сөндiру сорғыштары.

3

1

2

7

Вакуумдық жүйе. Газ ағысты вакуум-аппаратының және газ дабылының блогы

1

-

1

8

Көбiкпен сөндiрудiң құралдары, жабдықтары және аппараттары.

2

1

1

9

Өрт сөндiру мотопомпалары.

1

-

1

10

Басқару органдары. Өрт сөндiру автомобильдерiнiң бақылау-өлшеу құралдары. Өрт сөндiру автомобильдерiнiң қосымша электр жабдықтары. Жауынгерлiк топтың кабинасына жылу беру

1

-

1

11

Кузов, өрт-техникалық жабдықтар

1

-

1

12

Өрт сөндiру автомобильдерiнiң техникалы жағдайын және олардың арнайы агрегаттарын диагностикалау

2

1

1

13

Өрт сөндiру автомобилi жүргiзушiсiнiң мiндеттерi және оған қойылатын бiлiктiлiк талаптар

1

1

-

14

Өрт сөндiру автомобильдерiне техникалық қызмет көрсету және жөндеу

2

1

1

15

Техникалық құжаттар. Отын мен жанармайлар шығынының нормалары, оларды үнемдеу тәсiлдерi

1

1

-

16

Автомобиль радиостанциялары және радиоауыстыруды жүргiзу тәртiбi.

1

-

1

17

Жану және жанатын заттар туралы жалпы мәлiметтер

1

1

-

18

Өрт сөндiрудiң негiзгi тактикалары

1

1

-

19

Өрт сөндiрудiң алғашқы құралдары.

1

1

-

20

Өрт-техникалық қарулану және олармен жұмыстың тәсiлдерi.

2

1

1

21

Өртке қарсы сумен қамтамасыз ету. Су көзiнен су толтыру

3

1

2

22

Өрт сөндiру автомобильдерi қозғалысының қауiпсiздiк негiздерi және теория элементтерi. Арнайы жарық және дыбыс дабылдарымен жабдықталған автомобильдердiң қозғалу ережесi.

1

1

-

23

Өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiнде еңбектi қорғау және техника қауiпсiздiгi бойынша ережелер

2

2

-

24

Өрт сөндiру автомобильдерiнде жұмыс

4

-

4

25

Емтихандар тапсыру

4

1

3

 

Барлығы:

40

18

22

      № 1-тақырып. Өрт сөндiру автомобильдерiнiң тұрпаттары және классификациясы.
      1-сабақ. Базалық шасси, басқару жүйесi тұрпатын, қозғалу дәрежесi жұмыстарын орындау бойынша өрт сөндiру автомобильдерiнiң классификациясы. Өрт сөндiру автомобильдерiнiң үш топқа (негiзгi, арнайы, қосымша) бөлiнуi. Өрт сөндiру автомобильдерiн тұрпаттары – олардың тактикалық-техникалық сипаттарының негiзi.
      Жүргiзу әдiсi: сыныптық-топтық сабақ.

      № 2-тақырып. Негiзгi қолданудағы өрт сөндiру автомобильдерi және олардың негiзгi тактика-техникалық деректерi.


      1-сабақ. Қысқаша тактика-техникалық сипаттамасы, Автоцистерналар мен жеңдi-сорғыш автомобильдердi қолдану салалары. Негiзгi агрегаттар мен арнайы тағайындау жүйесiнiң тағайындалуы, орналасуы, құрылысы және өзара әрекетi.
      Жүргiзу әдiсi: сыныптық-топтық сабақ.

      № 3-тақырып. Арнайы қолданудағы өрт сөндiру автомобильдерi және олардың негiзгi тактика-техникалық деректерi.


      1-сабақ. Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтердiң жарағындағы арнайы қолданудағы өрт сөндiру автомобильдерi туралы жалпы мәлiметтер. Тағайындалуы, жалпы құрылысы, негiзгi параметрлерi, жұмыс ұстанымдары.
      Жүргiзу әдiсi: сыныптық-топтық сабақ.

      № 4-тақырып. Өрт сөндiру автомобильдерiнiң шассиi. Өрт сөндiру автомобильдерiнiң арнайы агрегаттарының қосымша трансмиссиясы.


      1-сабақ. Автомобильдердiң шассиiнiң қысқа техникалық сипаты.
      Карбюратор және дизель қозғалтқыштарының жұмысының жалпы құрылысы және жұмыс ұстанымдары. Кардандық берiстiң тағайындалуы. Қозғалтқыштан сорғышқа айналатын сәтте беру схемасы. Бiлiк пен оның тiрегi арасындағы кардан берiсiнiң құрылысы. Пайдалану және оларды жою процесiнде пайда болатын негiзгi ақаулар.
      Қораптағы күштi сұрыптау және оны қосу және басқару механизмi жұмысының ұстанымдары және тағайындалуы. Қуатты сұрыптауда қорабтың жұмысы.
      Жүргiзу әдiсi: практикалық сабақ.

      № 5-тақырып. Қозғалтқыштың қосымша салқындату жүйесi. Су мен көбiктендiргiш арналған сыйымдылық. Су, көбiктендiргiш, сорғышты бөлiктi сыйымдылықтарына арналған жылыту.


      1-сабақ. Қосымша салқындату жүйесiнiң жұмысы, құрылысы. Салқындатылған сұйықтың температурасын реттеу және бақылау. Қосымша салқындату жүйесiнiң негiзгi ақаулары. Ақаулардың белгiлерi мен себептерi және оларды жою тәсiлдерi.
      Су сыйымдылығын, көбiк-түзгiштi, сорғышты бөлiктi жылыту. Суды жылыту. Цистерна, бак, сорғыш бөлiгi жылытуға қажет. Суды жылыту мен ысытудың жүйесiнiң құрылысы мен жұмысы. Жылыту және ысыту жүйесiн қосу және ағыту.
      Жылыту және ысыту жүйесi негiзгi ақаулары, ақауларының белгiлерi мен себептерi, оларды жою тәсiлдерi. Жылыту, қосымша салқындату жүйесiне техникалық қызмет көрсетудегi жұмыс және оларды орындау тәсiлдерi.
      Жүргiзу әдiсi: практикалық сабақ.

      № 6-тақырып. Өрт сөндiру сорғыштары.


      1, 2-сабақ. Жоғары қысыммен қиыстырылған сыртқа тебу өрт сөндiру сорғышының тағайындалуы және жұмыс ұстанымдары. Сорғыштардың құрылысы. Сорғыштың негiзгi торабы мен детальдарының тағайындалуы. Тағайындалуы және орналасуы: бақылау құралдары (мановакууметр, тахометр); клапан-вакуум; көбiк араластырғыш; ысырмалар; құбырлар; бұрама; төгу краны және басқа сукөбiк коммуникациялары. Автомобильдiң рамасына сорғышты бекiту. Ақаулардың белгiлерi мен себептерi және оларды жою тәсiлдерi. Сорғыштың герметикалығын тексеру.
      Жүргiзу әдiсi: практикалық сабақ.

      № 7-тақырып. Вакуумдық жүйе. Газ ағысты вакуум-аппаратының және газ дабылының блогы.


      1-сабақ. Газ ағысты вакуум-аппаратының және газ дабылының тағайындалуы, орналасуы, құрылысы және жұмысы. Блоктың жұмысын басқару органдары. Негiзгi ақаулары және оларды жою тәсiлдерi.
      Вакум жүйесi құралдарының өзара әрекетi, тағайындалуы, орналасуы. Сорғыш вакуум клапанының әрекет ұстанымдары және құрылысы. Вакум жүйесiн қосу тәсiлдерi. Вакум жүйесiнiң негiзгi ақаулары және оларды жою тәсiлдерi.
      Жүргiзу әдiсi: сыныптық-топтық сабақ және практикалық сабақ.

      № 8-тақырып. Көбiкпен сөндiрудiң құралдары, жабдықтары және аппараттары.


      1, 2-сабақ. Көбiк араластырғыш: тағайындалуы, түрлерi, құрылысы, әрекет ұстанымы және техникалық сипаты. Сорғышта көбiк араластырғышты орнату және құбырға қосу.
      Көбiк төгу мен көбiк түзгiштiң құрылысы: тағайындалуы, түрлерi, құрылысы. Ауа-көбiк оқпанның, көбiк генераторының жұмысы. Көбiкпен сөндiру құралдары мен аппаратының негiзгi ақаулары. Ақаулардың белгiлерi мен себептерi және оларды жою тәсiлдерi.
      Жүргiзу әдiсi: сыныпты-топтық сабақ және практикалық сабақтар.

      № 9- тақырып. Өрт сөндiру мотопомпалары.


      1-сабақ. Өрт сөндiру мотопомпаларының тағайындалуы, түрлерi, олардың қолданылуы. Мотопомпалардың негiзгi техникалық сипаттары және құрылысы. Мотопомпалардың өрт сөндiру жабдықтары. Негiзгi ақаулары және оларды жою тәсiлдерi. Мотопомпалардың жiберiлуi, жұмысы және оны күту. Мотопомпалардың техникалық қызмет көрсетудегi жұмысы. Мотопомпамен жұмыс барысында қауiпсiздiк техникасы.
      Жүргiзу әдiсi: практикалық сабақ.

      № 10-тақырып. Басқару органдары. Өрт сөндiру автомобильдерiнiң бақылау-өлшеу құралдары. Өрт сөндiру автомобильдерiнiң қосымша электр жабдықтары. Жауынгерлiк топтың кабинасына жылу беру.


      1-сабақ. Тұтқалардың орналасуы, тағайындалуы (iлiнiс, КОМ және т.б.). Басқару органының әрекет тәсiлдерi.
      Өрт сөндiру автомобильдерiнiң бақылау-өлшеу құралдары олардың тағайындалуы, құрылысы, әрекет етуi мен орналасуы.
      Жарық беру және дабыл құралдарының тағайындалуы және орналасуы. Ауыстырып қосқыш, ағытқыш және сақтандырғыштың әрекет ұстанымдары және орналасуы. Қосымша электр жабдығының схемасы. Жарық беру және дабыл қосымша құралдарының негiзгi ақаулары. Ақаулардың белгiлерi мен себептерi және оларды жою тәсiлдерi.
      Бензоэлектр жылу беру жұмысының құрылысы және жұмыс ұстанымдары. Жылу беру жұмысын бақылау және басқару.
      Жүргiзу әдiсi: практикалық сабақ.

      № 11-тақырып. Кузов, өрт-техникалық жабдықтар.


      1-сабақ. Жауынгерлiк топтың кабинасы және өрт сөндiру автомобильдерiнiң оқыту кузовы. Өрт сөндiру жабдықтары үшiн бөлiктiң орналасуы, тағайындалуы.
      Су көбiктi жабдықтарды, өрт сөндiру оқпандарын, өрт жеңдерi мен керек жарақтары, өрт қол сатыларын, өрт сөндiрушiлердiң қол құралдарын тағайындау, орналастыру және бекiту.
      Өрт сөндiру жабдықтарының тиiстi табелi.
      Жүргiзу әдiсi: практикалық сабақ.

      № 12-тақырып. Өрт сөндiру автомобильдерiнiң техникалы жағдайын және олардың арнайы агрегаттарын диагностикалау.


      1, 2-сабақ. Техникалық диагностикалаудың тағайындалуы, мақсаты және мiндеттерi. Өрт сөндiру автомобильдерiне техникалық қызмет көрсету және жөндеудiң технологиялық ұстанымында диагностиканың орны. Диагностикалау параметрлерiнiң нормативтiк мағыналары. Диагностикалық құралдар болмағанда, өрт сөндiру автомобильдерiнiң арнайы агрегаттарын тексеру және сынау. Өрт сөндiру автомобильдерiнiң техникалық жағдайын тексерудiң диагностикалық карталары. Автомобильдердi диагностикалаудағы қауiпсiздiк техникасы.
      Жүргiзу әдiсi: сыныптық-топтық сабақ және практикалық сабақ.

      № 13-тақырып. Өрт сөндiру автомобилi жүргiзушiсiнiң мiндеттерi және оған қойылатын бiлiктiлiк талаптар.


      1-сабақ. Өрт сөндiру автомобилiнiң жүргiзушiсiне ұсынылған қосымша кәсiби талаптар. Өрт сөндiру автомобилi жүргiзушiсiнiң мiндеттерi: қарауыл ауысымын ауыстырғанда, әскери кезекшiлiкте, өртте әскери әрекет жүргiзуде.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет