Өртке қарсы қызметтердiң өрт қауiпсiздiгi саласындағы мамандарын арнайы даярлайтын бағдарламаларды, оқу курстарын және бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы



бет3/4
Дата18.07.2016
өлшемі0.77 Mb.
1   2   3   4

      Жүргiзу әдiсi: сыныптық-топтық сабақ.

      № 14-тақырып. Өрт сөндiру автомобильдерiне техникалық қызмет көрсету және жөндеу.


      1, 2-сабақ. Техникалық қызмет көрсетудiң түрлерi және кезеңдiлiгi. № 1, № 2 техникалық қызмет көрсетудi жүргiзуде, мезгiлдiк қызмет көрсетуде, қарауыл ауысымын тапсыруда автомобильдi дайындауда және өрттен немесе оқытудан келген соң әскери топқа автомобильдi қояр алдындағы жұмыстың мазмұны.
      Өрт сөндiру автомобильдерiн жөндеудiң жүйесi, түрлерi және әдiстерi. Өрт сөндiру автомобильдерiнiң жөндеу арасында жүгiрiс өлшемдерi мен нормаларына ықпал ететiн факторлар. Автомобильдердi жөндеуге тапсыру және жөндеуден алу. Жөндеудi жүргiзудi ұйымдастыру. Жөндеуден кейiн өрт сөндiру автомобильдерiне техникалық талаптар. Өрт сөндiру автомобильдерiн жөндеуге техникалық құжаттар және жөндеудi есепке алу. Өрт сөндiру автомобильдерiн жөндеуде қауiпсiздiк техникалары.
      Жүргiзу әдiсi: сыныптық-топтық сабақ және практикалық сабақ.
      № 15-тақырып. Техникалық құжаттар. Отын мен жанармайлар шығынының нормалары, оларды үнемдеу тәсiлдерi.
      1, 2-сабақ. Өрт сөндiру автомобилiнiң техникалық паспорты, формуляры және пайдалану карточкасы. Техникалық қызмет көрсету кестесi, өрт сөндiру автомобилiне техникалық қызмет көрсету журналы, автомобильдердiң шиналары мен аккумулятор батареясы жұмысын есепке алу карточкасы. Оларды толтыру кезеңдiлiгi мен ережесi.
      Өрт сөндiру автомобильдерiне арналған сұйық отын мен майлау материалдарының шығын нормалары. Отынның қысқы және жазғы шығын нормалары. Жанармайды шығынға жазу тәртiбi. Автомобильдердiң отынын үнемдеу және отын шығыны туралы түсiнiк. Автомобильдердi үнемдi басқарудың әдiстерi мен тәсiлдерi. Отынды үнемдеп шығындауға автомобиль жүйесiн реттеу. Шұғыл жағдайларда отынды пайдалану мен шығынының ерекшелiктерi. Отын шығынына жүргiзушiнiң бiлiктiлiгiнiң ықпалы.
      Жүргiзу әдiсi: сыныптық-топтық сабақ.

      № 16-тақырып. Автомобиль радиостанциялары және радиоауыстыруды жүргiзу тәртiбi.


      1-сабақ. Автомобильдi радиостанциялардың түрлерi мен тағайындалуы. Оқытылатын радиостанциялардың жалпы құрылысы. Автомобильде қоректену көздерiне радиостанцияларды қосу. Антенналардың орналасу және қосу. Радиостанцияларды қосу, қабылдау және берiс тәртiбiндегi жұмыс. Радиоауыстыруды жүргiзу ережесi.
      Жүргiзу әдiсi: практикалық сабақ.

      № 17-тақырып. Жану және жанатын заттар туралы жалпы мәлiметтер.


      1-сабақ. Жанудың процесi туралы жалпы түсiнiк. Жану мен аса таратылған жанатын заттардың өрт қауiпсiздiгi және сипаты туралы қысқаша мәлiметтер. Тұтану температурасы және жану жылдамдығы заттардың ұсақтауынан, сумен дымқылдауынан, жарылысқа қауiптi қоспаның болуына байланысты. Негiзгi өрт сөндiру заттары мен сөндiру тәсiлдерi туралы жалпы мәлiметтер.
      Жүргiзу әдiсi: сыныптық-топтық сабақ.

      № 18-тақырып. Өрт сөндiрудiң негiзгi тактикалары.


      1-сабақ. Өрт сөндiру тактикалары туралы жалпы түсiнiк. Өрт сөндiру барысында өртке қарсы қызмет органдары бөлiмшелерiнiң негiзгi әрекеттерi. Өртте әскери әрекеттi жүргiзу барысында жүргiзушiлер жұмысының мазмұны. Өрт сөндiру барысында жүргiзушiлердiң жiберетiн сипатты қателiктерi.
      Жүргiзу әдiсi: сыныптық-топтық сабақ.

      № 19-тақырып. Өрт сөндiрудiң алғашқы құралдары.


      Өрт сөндiргiштер: көбiктi, ауа-көбiктi, ұнтақты, көмiр қышқылды, сұйық және аэрозоль өрт сөндiргiштерiнiң классификациясы, тағайындалуы, құрылысы және олармен жұмыс iстеу ережесi. Сусымалы өрт сөндiру заттары, асбестi жапқыштар (киiз, жапқыш), оларды қолдану салалары және пайдалану ережесi.
      Жүргiзу әдiсi: сыныптық-топтық сабақ.

      № 20-тақырып. Өрт-техникалық қарулану және олармен жұмыстың тәсiлдерi.


      1, 2-сабақ. Өрт-техникалық құралдардың түрлерi, тағайындалуы және құрылысы. Сорғыш жеңдер, сорғыш торлар олардың тағайындалуы, құрылысы, қысқаша сипаты. Қосқыш, сорғыш және қысымды жеңдердiң кiлттерi.
      Қысымды жең, олардың тағайындалуы және қысқаша сипаты. Өрт сөндiру жеңдерiне, жеңдердi қосу бастиектерiне, төсемдерге, тоқтатуларға, қысқыштарға, ер тұрмандары, көпiршелерiне арналған су жинағыш және оның тағайындалуы және жеңдiк бағытпен төсеуде пайдалану.
      Су беруге арналған (жабатын, тазаңдатқыштар, қиыстырылған, лафеттi) арналған өрт сөндiру оқпандары, саптамалар және олардың тағайындалуы. Судың шығыны мен ағыстардың ұзақтығы туралы түсiнiк. Олардың саптамадағы қысымына байланыстылығы. Гидроэлеватор және су жинайтын эжектор. Олардың тағайындалуы, құрылысы, жұмыс тәртiбi.
      Жеңдiк тармақтау, олардың тағайындалуы мен құрылысы. Жеңдермен, жеңдiк катушкалармен жұмыс барысында, су толтыру үшiн жеңдiк бағытты жинау барысында қауiпсiздiк техникасы.
      Жүргiзу әдiсi: сыныптық-топтық сабақ және практикалық сабақтар.

      № 21-тақырып. Өртке қарсы сумен қамтамасыз ету. Су көзiнен су толтыру.


      1, 2-сабақ. Күзетiлетiн объектiнi өрт сөндiру сумен қамтамасыз ету туралы жалпы мәлiметтер. Өрт сөндiру үшiн пайдаланылатын су көздерiнiң түрлерi мен орналасуы. Өрт сөндiру гидранты, оның тағайындалуы, құрылысы, су құбырлары желiстерiнде өрт сөндiру гидрантының орналасуы. Гидранттардың көрсеткiштерi және пайдалану ережесi. Жазғы, қысқы уақыттарда өрт сөндiру гидрантын пайдалану ерекшелiктерi.
      Өрт сөндiру колонкасы, оның тағайындалуы мен құрылысы. Колонкаларды гидрантқа орнатуда гидрант пен колонкалар бөлшектерiнiң өзара әрекетi, суды жабу және iске қосу.
      Өрт сөндiру колонкаларымен жұмыс барысында су көздерiне өрт сөндiру автомобильдерiне орнатуда қауiпсiздiк техникасы.
      Суаттан су толтыру үшiн өрт сөндiру автомобилiне орнату.
      Жүргiзу әдiсi: сыныптық-топтық сабақ және практикалық сабақтар.

      № 22-тақырып. Өрт сөндiру автомобильдерi қозғалысының қауiпсiздiк негiздерi және теория элементтерi. Арнайы жарық және дыбыс дабылдарымен жабдықталған автомобильдердiң қозғалу ережесi.


      1-сабақ. Автомобиль қозғалысы теориясының элементтерi. Автомобильдерге әсер ететiн күштер. Өрт сөндiру автомобильдерiнiң ауыр ортасының орналасуы. Қозғалыстың орташа жылдамдығы. Автомобильдi тежеу. Өрт сөндiру автомобилiнiң тұрақтылығы және басқарушылығы.
      Арнайы жарық және дыбыс дабылдарымен жарақталған автомобильдердi жүргiзуге қойылатын қауiпсiздiк талаптары. Автомобильдi басқаруда жүргiзушiлерге қойылатын мiндеттi тыйым салулар.
      Жүргiзу әдiсi: сыныптық-топтық сабақ.

      № 23-тақырып. Өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiнде еңбектi қорғау және техника қауiпсiздiгi бойынша ережелер.


      1-сабақ. Қызмет бөлмелерiне (жалпы ережелер, гараж, өрт сөндiру автомобильдерiн техникалық қамту бекетi, аккумуляторлық, жағар-жанар май материалдарының қоймалары) қойылатын техника қауiпсiздiк талаптары.
      Өрт сөндiру автомобильдерiне техникалық қызмет көрсету барысында өрт сөндiру техникаларына, өрт-техникалық құралдарға, жабдықтарға, әскери киiмге құралдарға және қауiпсiздiк шараларына талаптар.
      Өрт сөндiруде және атқару қызметiндегi техника қауiпсiздiгi ережелерiнiң талаптары.
      Жүргiзу әдiсi: сыныптық-топтық сабақ.

      24-тақырып. Өрт сөндiру автомобильдерiнде жұмыс.


      1-сабақ. Су көздерiнен су толтыру үшiн мотопомпаларды және автомобильдi орнатуға орын таңдау (гидрант немесе ашық суат).
      Сору және қысымды бағыттың төсемi. Жеңдiк бағытқа вакуум-аппараты, сорғыш және су берудiң әрекетi және iске қосу. Гидранттан, ашық суат пен цистернадан су толтыру.
      Сорудың практикалық шегiн жоғарылататын гидроэлеватор және су жинау эжекторының көмегiмен терең және қашықтықтан сорғышпен су беру.
      Жүргiзу әдiсi: практикалық сабақ.

Өрттiң алдын алушы нұсқаушылардың алғашқы бастама дайындығының тақырыптық жоспары

р/с

Бөлiмдер мен тақырыптардың атаулары

Сағат саны

Барлығы

олардың

Сыныптық-топтық

Практикалық

1-бөлiм. Өрттiң алдын алу дайындығы

1

Қазақстан Республикасының өрт қауiпсiздiгiнен қамтамасыз ету саласының заңнамасы.

1

1

-

2

Ғимараттар мен құрылыстардың өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң жалпы ұстанымдары.

1

1

-

3

Құрылыстағы өртке қарсы нормалау.

1

1

-

4

Заттар мен материалдардың өрт қауiптiлiгi.

1

1

-

5

Құрылыс материалдары мен конструкцияларды өрттен қорғау және өрт қауiпсiздiгi.

2

2

-

6

Жарылыс өрт қауiптiлiгi бойынша ғимараттардың отқа төзiмдiлiгi және санаттау

3

2

1

7

Ғимараттың құрылыс конструкцияларын сараптаудың жалпы әдiстемесi

2

1

1

8

Өртке қарсы тосқауылдар мен жарылыс

1

1

-

9

Адамдарды өртте қауiпсiз эвакуациялау

1

1

-

10

Жылыту және желдеткiш жүйелерiнiң өрт қауiпсiздiгi

1

1

-

11

Сыртқы және iшкi өртке қарсы сумен қамту

1

1

-

12

Электр қондырғыларының өрт қауiпсiздiгi

2

1

1

13

Құрылыс монтаждау, дәнекерлеу және басқа да отпен жұмыс iстеу барысындағы өрт қауiпсiздiгi

2

2

-

14

Қоғамдық және өндiрiстiк ғимараттарға қойылатын өрт қауiпсiздiгi талаптары.

2

2

-

15

Объектiнiң өртке қарсы жағдайын тексеру объектiсi

4

-

4




БАРЛЫҒЫ:

25

18

7

2-бөлiм. Тактика-техникалық дайындық

1

Өрт сөндiру автомобильдерiнiң өрт-техникалық жарақтары мен тактика техникалық сипаттамалары мен тағайындалуы

1

1

-

2

Ғимараттар мен құрылыстардың өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң жалпы ұстанымдары

1

1

-

3

Өрт сөндiрудiң алғашқы құралдары

1

1

-

4

Түтiннен қорғану және өртте адамдарға хабарлау өрт сөндiру жүйелерi мен қол және автоматты өрт дабылдарын орнату

1

1

-

5

Өртке қарсы қызметтегi байланыс құралдары

1

1

-

6

Өрт шыққан кездегi әрекеттер

1

1

-

7

Өртке қарсы қызметтегi техника қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғау.

1

1

-

 

БАРЛЫҒЫ:

7

7

-

3-бөлiм. Өртте зардап шеккендерге дәрiгерге дейiнгi бiрiншi көмек көрсету

1

Электр тогына түскен, үсiген, термиялық және химиялық күйгенде дәрiгерге дейiн бiрiншi көрсетiлетiн көмектiң әдiстерi

2

1

1

2

Жараланғанда, зақым болғанда, дене мүшелерi шығып кеткенде, сынып қалғанда дәрiгерге дейiн көрсетiлетiн бiрiншi көмек көрсету тәсiлдерi.

2

1

1




БАРЛЫҒЫ:

4

2

2




Сынақ тапсыру

4

1

3




БАРЛЫҒЫ:

40

28

12

1-бөлiм. Өрттiң алдын алу дайындығы.

      № 1-тақырып. Өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы.


      1-сабақ. Қазақстан Республикасының «Өрт қауiпсiздiгi туралы» негiзгi ережелерi, «Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтер жұмысын жүзеге асыратын ережелер туралы» Қазақстан Республикасының қаулысы. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк емес өртке қарсы қызмет жұмыстарының мақсаты мен мiндеттерi.
      Жүргiзу әдiсi: сыныптық-топтық сабақ.

      № 2-тақырып. Ғимараттар мен құрылыстардың өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң жалпы ұстанымдары.


      1-сабақ. Өрттiң алдын алу мiндеттерi. Ғимараттар мен құрылыста өрттiң негiзгi шығу, таралу себептерi. «Өрт қауiптiлiгi» және «Өрт қауiпсiздiгi» ұғымдары. Объектiнi өрт қауiпсiздiгiмен қамту бағыттары туралы түсiнiк. «Өрттi болдырмау жүйесi», «өртке қарсы қорғану жүйесi», «өртке қарсы режим» түсiнiктерi. Объектiнiң өрт қауiпсiздiгiн реттейтiн негiзгi нормативтiк құжаттар.
      Жүргiзу әдiсi: сыныптық-топтық сабақ.

      № 3-тақырып. Құрылыстағы өртке қарсы нормалау.


      1-сабақ. Өртке қарсы нормалау туралы түсiнiк. Өртке қарсы нормалаудың құрылымы. Жобалау өртке қарсы нормаларын өндеудiң жалпы ұстанымдары. Ғимаратты өрттен қорғау жүйесiн өңдеу алгоритмi.
      Жүргiзу әдiсi: сыныптық-топтық сабақ.

      № 4-тақырып. Заттар мен материалдардың өрт қауiптiлiгi.


      1-сабақ. Өрт қауiптiлiк қасиетi бар заттар мен материалдардың сипаттамасы: Жанғыштық тобы, тұтанудың температурасы, өршу температурасы, өздiгiнен өршудiң температурасы, өздiгiнен жанудың температурасы. Жалынның өршу мен таралуының температуралық және концентрациялық шектерi. Заттар мен материалдарды қолдану барысындағы өрт жарылыс қауiпсiздiгi жағдайы.
      Жүргiзу әдiсi: сыныптық-топтық сабақ.

      № 5-тақырып. Құрылыс материалдары мен конструкцияларды өрттен қорғау және өрт қауiпсiздiгi.


      1-сабақ. Өрт қауiптiлiк қасиетi бар заттар мен материалдардың сипаттамасы: жанғыштық тобы, тұтанудың температурасы, өршу температурасы, өздiгiнен өршудiң температурасы, өздiгiнен жанудың температурасы. Жалынның өршу мен таралуының температуралық және концентрациялық шектерi. Заттар мен материалдарды қолдану барысындағы өрт жарылыс қауiпсiздiк жағдайы. Құрылыс конструкцияларын өрттен қорғау тәсiлдерi.
      Жүргiзу әдiсi: сыныптық-топтық сабақ.

      № 6-тақырып. Жарылыс өрт қауiптiлiгi бойынша ғимараттардың отқа төзiмдiлiгi және санаттау.


      1, 2-сабақтар. Құрылыс конструкцияларының отқа төзiмдiлiгiнiң шегi. Отқа төзiмдiлiгi бойынша ғимараттарды топтастыру. Отқа төзiмдi дәрежелерi әр түрлi ғимараттардың конструктивтi элементтерiнiң сипаты. Ғимараттардың жарылыс өрт пен өрт қауiпсiздiгi бойынша өндiрiсiнiң санатын анықтау әдiстемесi. Ғимараттың отқа төзiмдi талап етiлетiн дәрежесiн анықтау. Ғимараттар мен жайлардың өндiрiс санатын есептеу.
      Жүргiзу әдiсi: сыныптық-топтық және практикалық сабақтар.

      № 7-тақырып. Ғимараттың құрылыс конструкцияларын сараптаудың жалпы әдiстемесi.


      1, 2-сабақтар. Ғимараттың құрылыс конструкцияларына сараптама Ғимараттың от төзiмдiлiгiнiң факт жүзiндегi дәрежесiн анықтау әдiстемесi. Қоғамдық ғимараттың құрылыс конструкцияларына сараптама жүргiзу.
      Жүргiзу әдiсi: сыныптық-топтық және практикалық сабақтар.

      № 8-тақырып. Өртке қарсы тосқауылдар мен жарылыс.


      1-сабақ. Өртке қарсы тосқауылдардың түрлерi мен типтерi. Өртке қарсы тосқауылдардың құрылысы. Өртке қарсы тосқауылдарға қойылатын жоспарлау нормаларының талаптары. Ғимараттар мен құрылыстардың арасындағы өртке қарсы жарылысты анықтау әдiстемесi.
      Жүргiзу әдiсi: сыныптық-топтық сабақ.

      № 9-тақырып. Өрт кезiнде адамдарды қауiпсiз көшiру.


      1-сабақ. Өрт кезiнде адамдарды қауiпсiз көшiру жағдайын қамту. Эвакуациялық шығу ұғымы. Көшiру жолдары мен шығуларға қойылатын жоспарлау нормаларының талаптары. Өртте адамдарды көшiру жоспарының мазмұны.
      Жүргiзу әдiсi: сыныптық-топтық сабақ.

      № 10-тақырып. Жылыту және желдеткiш жүйелерiнiң өрт қауiпсiздiгi


      1-сабақ. Жылыту жүйелерiнiң түрлерi мен тағайындалуы және олардың өрт қауiпсiздiгi. Жылыту жүйелерiне қойылатын өртке қарсы талаптар.
      Тұрғын үй мен қоғамдық және өндiрiстiк ғимараттардағы жасанды және табиғи желдеткiштерге ұсынылатын өртке қарсы талаптар мен өрт қауiпсiздiгi.
      Жүргiзу әдiсi: сыныптық-топтық сабақ.

      № 11-тақырып. Сыртқы және iшкi өртке қарсы сумен қамту


      1-сабақ. Шаруашылық жүргiзiлетiн объектiлердiң сыртқы және iшкi сумен қамту схемалары. Өрт суаттары мен гидранттарын пайдалану кезiнде қойылатын өртке қарсы талаптар мен құрылғы. Iшкi өрт крандарын жабдықтау мен орналастыруға қойылатын талаптар, оларды өртте қолдану.
      Жүргiзу әдiсi: сыныптық-топтық сабақ.

      № 12-тақырып. Электр қондырғыларының өрт қауiпсiздiгi.


      1-сабақ. Ғимаратты электрмен қамту схемалары. Қорғаушы ажыратқыш қондырғылар. Электр жабдықтарын таңбалау. Өртке қарсы нормалары мен электр қондырғыларының ережесiне қойылатын талаптар.
      Жүргiзу әдiсi: сыныптық-топтық сабақ.

      № 13-тақырып. Құрылыс монтаждау, дәнекерлеу және басқа да отпен жұмыс iстеу барысындағы өрт қауiпсiздiгi.


      1-сабақ. Құрылыс аумағына қойылатын өрт қауiпсiздiк талаптары. Материалдарды дұрыс қою тәртiбi. Құрылыс-монтаждау, дәнекерлеу және басқа да от жұмыстарын жүргiзу тәртiбi және ұйымдастыру. От жұмыстарының түрлерi және олардың өрт қауiптiлiгi. Дәнекерлеу және басқа да отпен жұмыс iстеу орындарына қойылатын өрт қауiпсiздiк талаптары. Объектiде отпен жұмыс жүргiзу үшiн жазбаша рұқсат алуды рәсiмдеу тәртiбi.
      Жүргiзу әдiсi: сыныптық-топтық сабақ.

      № 14-тақырып. Қоғамдық және өндiрiстiк ғимараттарға қойылатын өрт қауiпсiздiгi талаптары.


      1-сабақ. Қоғамдық және өндiрiстiк ғимараттардың өрт қауiптiлiгi. Қоғамдық және өндiрiстiк ғимараттардағы өртке қарсы режимге қойылатын талаптар. Көлемдi-жоспарлау шешiмдерiне, өртке қарсы тосқауылдарға, көшiру жолдарына, ғимараттардың өрт қаупi бар жайларына жобалау нормасының талаптары.
      Жүргiзу әдiсi: сыныптық-топтық сабақ.

      № 15-тақырып. Объектiнiң өртке қарсы жағдайын тексеру объектiсi.


      1-сабақ. Объектiнiң өртке қарсы жағдайын тексеру объектiсiнiң мақсаты. Объектiлердiң өрт-тактикалық тексерiстерiн өткiзу әдiстемесi мен жүйелiлiгi. Тексерiс жүргiзу кезiндегi техника қауiпсiздiгi. Тексерiс нәтижелерi бойынша унифицирленген формалардың құжаттарын құрастыру.
      Жүргiзу әдiсi: практикалық сабақ.

2-бөлiм. Тактика-техникалық дайындық

      № 1-тақырып. Өрт сөндiру автомобильдерiнiң өрт-техникалық жарақтары мен тактика техникалық сипаттамалары мен тағайындалуы.


      1-сабақ. Өрт сөндiру автомобильдерiнiң тактика-техникалық сипаттамалары, тағайындалуы және олардың қолданылу салалары. Өрт жеңдерi мен оқпандар. Жеңдiк арматура мен жабдық. Қол өрт сатылары, тактика-техникалық сипаттамалары және олармен жұмыс iстеу тәсiлдерi. Құтқару арқандарын қолдану және тағайындау.
      Жүргiзу әдiсi: сыныптық-топтық сабақ.
      № 2-тақырып. Өртте жануды тоқтату тәсiлдерi. Өрт сөндiрудiң негiзгi тактикалары.
      1-сабақ. Жану мен сөну температураларын түсiну. Жанудың тоқтау шарттары. Өртте жанудың тоқтау ұстанымдары. Өрт сөндiру құралдарының классификациясы басыңқы ұстанымы бойынша өртте жанудың тоқтауы. Өрт тактикасы туралы түсiнiк. Өртке қарсы қызмет органдарының Жауынгерлiк жарғысы – өрт тактикасының негiзi. Өрт және оның дамуы туралы түсiнiк. Өрттiң классификациясы. Өртте газ алмасу.
Каталог: npakz -> prmin -> doc
doc -> Мемлекеттiк материалдық резервтен материалдық құндылықтарды (жаңарту және броньнан шығару тәртiбiмен) шығару жөнiндегi тендерлердi дайындау және өткiзу ережесiн бекiту туралы
doc -> Химиялық өнiмдердi түрлi көлiк түрлерiнде тасымалдау үшiн орауларды қолдануға қойылатын талаптарды бекiту туралы
doc -> Сараптау ұйымдары үшiн мамандардың арнайы оқыту курстарынан өту шарттары мен тәртiбiн бекiту туралы
doc -> Қалалар мен шаруашылық жүргiзу объектiлерiн санаттау дәрежесiне байланысты азаматтық қорғаныстың инженерлiк-техникалық iс-шараларының көлемi мен мазмұны жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы
doc -> "Азаматтық қорғаныстың құрылымдарын құру және оларды материалдық-техникалық құралдармен жабдықтаудың (тiзiмдеудiң) шамамен алынған нормалары туралы" Нұсқаулықты бекiту туралы
doc -> Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрлiгiнiң Көкшетау техникалық институты
doc -> 2012 жылғы 16. 03. №113 бұйрығы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Құрмет грамотасы
doc -> Қазақстан Республикасы мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында қызмет
doc -> Эвакуациялық шараларын ұйымдастыру және өткiзу жөнiндегi Нұсқаулықты
doc -> Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың болуын негiздейтiн материалдарды ұсыну, оларды оқшауландыру және жою жөнiндегi iс-шаралар, материалдық-техникалық есептеулер, қаржы және адамзат ресурстары ережесiн бекiту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет