Өртке қарсы қызметтердiң өрт қауiпсiздiгi саласындағы мамандарын арнайы даярлайтын бағдарламаларды, оқу курстарын және бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы



бет4/4
Дата18.07.2016
өлшемі0.77 Mb.
#207468
1   2   3   4

      Жүргiзу әдiсi: сыныптық-топтық сабақ.

      № 3-тақырып. Өрт сөндiрудiң алғашқы құралдары.


      1-сабақ. Тасымалды және жылжымалы өрт сөндiргiштердiң (көмiрқышқыл, ұнтақты, ауа-көбiктi) жұмыс iстеу ұстанымы және қолданылу саласы, тағайындалуы. Ұнтақты өрт сөндiргiштiң модульдерi. Өрт сөндiрудiң қол құралдары.
      Жүргiзу әдiсi: сыныптық-топтық сабақ.

      № 4-тақырып. Өрт сөндiру, түтiннен қорғау және адамдарды хабарландыру жүйелерiнiң қол және автоматты өрт дабылы қондырғыларын орнату.


      1-сабақ. Өрт дабылы қондырғыларының әрекет ету ұстанымы мен құрылысы туралы жалпы мәлiметтер, түрлерi, тағайындалуы. Автоматты өрт хабарлағыштары: тағайындау, әрекет ету ұстанымы, хабарлағыштардың негiзгi тактика-техникалық деректерi. Өрт сөндiрудiң автомат қондырғылары: тағайындалуы, түрлерi және қолданылу салалары.
      Жүргiзу әдiсi: сыныптық-топтық сабақ.

      Өрт сөндiру, түтiннен қорғау және адамдарды хабарландыру жүйелерiнiң қол және автоматты өрт дабылы қондырғылары.


      1-сабақ. Өрт дабылы қондырғыларының әрекет ету ұстанымы мен құрылғысы туралы жалпы мәлiметтер, түрi, тағайындалуы. Автоматты өрт хабарландырғыштар: тағайындалуы, әрекет ету ұстанымы, хабарландырғыштардың негiзгi тактика-техникалық деректерi. Өрт сөндiрудiң автоматтық қондырғылары: тағайындалуы, түрi және қолданылу саласы. Өртте адамдарға хабарлайтын және түтiннен қорғайтын жүйелер.
      Жүргiзу әдiсi: сыныптық-топтық сабақ.

      № 5-тақырып. Өртке қарсы қызметтегi байланыс құралдары.


      1-сабақ. Ультра қысқа толқындар радиостанциясының жұмыс ұстанымы, өртке қарсы қызметтердiң жарағындағы радиостанциялардың тактика-техникалық сипаттары. Шақыратын радиостанциялар, радио ауысымды жүргiзу ережесi.
      Жүргiзу әдiсi: сыныптық-топтық сабақ.

      № 6-тақырып. Өрт шыққан жағдайдағы әрекет.


      1-сабақ. Өрт туралы хабарлау тәртiбi. Объектiдегi өрт сөндiру құралдарын ұстау тәртiбi. Өрт сөндiру бөлiмшелерi келгенге дейiнгi өрт сөндiру тәсiлдерi. Өрттiң таралуына жол бермеу шараларын қолдану. Көшiру тәртiбi мен жолдары, көшiру жоспары. Өрт сөндiру бөлiмшелерi келгеннен кейiнгi жұмысшылар мен қызметкерлердiң әрекетi.
      Жүргiзу әдiсi: сыныптық-топтық сабақ.

      № 7-тақырып. Өртке қарсы қызметтегi техника қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғау.


      1-сабақ. Өрт сөндiрудiң алғашқы құралдарымен, өрт-техникалық жарағымен, жабдығымен жұмыс iстеу кезiндегi техника қауiпсiздiгiнiң талаптары. Өрт қауiпсiздiк ережелерiн сақтау жұмыс iстеушiнiң жауапкершiлiгi. Қауiпсiздiк пен еңбектi қорғау бойынша iшкi бақылау, ұйымда қауiпсiздiк пен еңбектi қорғау бойынша iшкi бақылауды жүзеге асыру механизмi.
      Жүргiзу әдiсi: сыныптық-топтық сабақ.

3-бөлiм. Өртте зардап шеккендерге дәрiгерге дейiнгi
бiрiншi көмек көрсету

      № 1-тақырып. Электр тоғына түскен, үсiген, термиялық және химиялық күйгенде дәрiгерге дейiн бiрiншi көрсетiлетiн көмектiң әдiстерi.


      1-сабақ. Электр тоғына түскен, үсiген, термиялық және химиялық күйгенде дәрiгерге дейiн бiрiншi көмек көрсету.
      Жүргiзу әдiсi: сыныптық-топтық және практикалық сабақ.

      № 2-тақырып. Жараланғанда, зақым болғанда, дене мүшелерi шығып кеткенде, сынып қалғанда дәрiгерге дейiн көрсетiлетiн бiрiншi көмек көрсету тәсiлдерi.


      1-сабақ. Жараланғанда, зақым болғанда, дене мүшелерi шығып кеткенде, сынып қалғанда дәрiгерге дейiн көрсетiлетiн бiрiншi көмек көрсету Жасанды тыныс алу мен жүрекке сырттан массаж жасаудың негiзгi ережесi мен әдiстерi. Тамырдың жиi соғуын анықтау.
      Жүргiзу әдiсi: сыныптық-топтық және практикалық сабақ.

Жеке құрамның тыныс алу органдарын жеке қорғау құралы жұмыс
iстеуге алғашқы бастама дайындығының тақырыптық жоспары

№  р/с

Тақырыптардың атаулары

Оқу сағаттарының саны

Барлығы

олардың

Сыныптық-топтық

практикалық

1

Газ түтiннен қорғау қызметiн ұйымдастыру. Газ түтiнiнен қорғану қызметтерi мен мiндеттерi. Жеке құрамның тыныс алу органдарын жеке қорғау құралы жұмыс iстеуге дайындығы.

1

1

-

2

Қан айналымы мен тыныс алу физиологиясы. Жану өнiмдерi мен газ тектес заттардың адам организмiне әсерi.

1

1

-

3

Тыныс алу органдарын жеке қорғау құралы әрекет ету ұстанымы, тағайындалуы, құрылымы.

6

3

3

4

Тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарымен жұмыс iстеу кезiнде болатын ақаулар және оларды жою тәсiлдерi.

2

1

1

5

Тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарын тексеру түрлерi. Тыныс алу органдарын жеке қорғау құралы тексеруге және реттеуге арналған бақылау-өлшеу құралдары.

6

2

4

6

Тыныс алу органдарын жеке қорғау құралы жұмыс iстеудiң негiзгi түсiнiктерi және қауiпсiздiк шаралары.

4

2

2

7

Тыныс алу органдарын жеке қорғау құралы жабдықпен сақтау және күту.

2

1

1

8

Тыныс алу органдарын жеке қорғау құралы жөндеу базасы. Газ түтiнiнен қорғау қызметiнiң бақылау бекетi

1

-

1

9

Жылу түтiн камерасы.

1

1

-

10

Тыныс алу органдарын жеке қорғау құралымен жұмыс.

10

2

8

11

Газ түтiнiнен қорғану қызметiнiң құжаттамасы және оны жүргiзу тәртiбi.

2

1

1

12

Сынақ тапсыру.

4

1

3

13

Барлығы:

40

16

24

      № 1-тақырып. Газ түтiнiнен қорғау қызметiн ұйымдастыру. Газ түтiнiнен қорғау қызметiнiң қызметтерi мен мiндеттерi. Жеке құрамның тыныс алу органдарын жеке қорғау құралымен жұмыс iстеуге дайындығы.
      1-сабақ. Газ түтiнiнен қорғау қызметiнiң жалпы ережелерi мен мақсаттары. Мемлекеттiк өртке қарсы қызметiнде газ түтiннен қорғау қызметiн ұйымдастыру, тыныс алу органдарын жеке қорғау құралымен жұмыс iстеуге жеке құрамды дайындау және жұмысқа жiберу. Газ түтiнiнен қорғау қызметiнiң негiзгi тактикалық бiрлiгi.
      Жүргiзу әдiсi: Сыныптық-топтық сабақ.

      № 2-тақырып. Қан айналымы мен тыныс алу физиологиясы. Жану өнiмдерi мен газ тектес заттардың адам организмiне әсерi.


      1-сабақ. Дем алған және дем шығарған ауаның құрамы. Тыныс алу органдары мен қан айналымы. Аппарат пен жұмыс iстеудегi дұрыс дем алудың рөлi. Жанатын өнiмдер мен газ тәрiздi заттардың физика-химиялық қасиетi, оның адам ағзасына әсерi. Өртте жұмыс iстеу кезiнде адамның улану белгiсi және дәрiгерге дейiнгi көмек көрсету ережелерi. Жану өнiмдерiнiң әсерiнен адамның тыныс алу органдарын қорғау түрлерi – топтық (түтiнсорғыш, брезенттiк тосқауылдар) және жеке (түрлi газқағарлар).
      Жүргiзу әдiсi: сыныптық-топтық сабақ.
      № 3-тақырып. Тыныс алу органдарын жеке қорғау құралының әрекет ету ұстанымы, тағайындалуы, құрылымы.
      1, 2-сабақ. Тыныс алу органдарын жеке қорғау құралының құрылымы, әрекет ету ұстанымдары, жұмыс iстеу ұстанымдары және негiзгi тактико-техникалық сипатамалары жайлы жалпы мәлiмет. Тыныс алу органдарын жеке қорғау құралының құрылымы, негiзгi желiлерi мен бөлiктерiнiң жұмыстары: баллонның редуктордың вентелiмен, жоғары қысымды шлангiмен, дабыл қондырғысымен, манометрмен, төменгi қысымды шлангiмен, өкпе аппаратымен, бетперде және құтқару құрылғысы.
      Жүргiзу әдiсi: сыныптық-топтық және практикалық сабақтар.

      № 4-тақырып. Тыныс алу органдарын жеке қорғау құралымен жұмыс iстеу кезiнде болатын ақаулар және оларды жою тәсiлдерi.


      1, 2-сабақ. Тыныс алу органдарын жеке қорғау құралының негiзгi ақаулары және оларды жою тәсiлдерi. Тыныс алу органдарын жеке қорғау құралымен жұмыс iстегенде өрт сөндiрушiнiң өзiн нашар сезiнгенде қолданылатын шаралар.
      Жүргiзу әдiсi: сыныптық-топтық сабақ.

      № 5-тақырып. Тыныс алу органдарын жеке қорғау құралының тексеру түрлерi. Тыныс алу органдарын жеке қорғау құралының тексеруге және реттеуге арналған бақылау-өлшеу құралдары.


      1, 2-сабақтар. Тексерудi тағайындау және өткiзу мерзiмi. Терсеру жүргiзу ережесi, тексерудi өткiзуге арналған құралдар мен құрылғылар, Тексеру қорытындыларын толтыру тәртiбi.
      Жүргiзу әдiсi: сыныптық-топтық және практикалық сабақтар.

      № 6-тақырып. Тыныс алу органдарын жеке қорғау құралымен жұмыс iстеудiң негiзгi түсiнiктерi және қауiпсiздiк шаралары.


      1, 2-сабақ. Газ түтiнiнен қорғану құралы буынының құрамы мен жарағы, қауiпсiздiк бекетi. Тыныс алу органдарын жеке қорғану құралының қосылу тәртiбi. Тыныс алу органдарын жеке қорғану құралымен жұмыс iстегенде тыныс алу ерекшелiктерi. Жүрек қағысын өздiк бақылау. Буын мүшелерiнiң жұмыс орнына бару және кейiн оралу тәртiбi, қауiпсiздiк постымен байланыс, газқағардың жұмысын қадағалау, оттектi қолдануды бақылау және оның қажеттiлiгiн есептеу. Қоршаған ортаның жағдайын бақылау қажеттiгi. Буын мүшесiнiң бiрi естен танған және зардап шеккен адамды тапқан жағдайда, жеке құрамның iс-әрекетi. Буындардың ауысым тәртiбi. Газқағарға қосылып, ажыратылу тәртiбi. Тыныс алу органдарын жеке қорғану құралымен жұмыс iстеген кездегi қауiпсiздiк шаралары.
      Жүргiзу әдiсi: cыныптық-топтық және практикалық сабақ.

      № 7-тақырып. Тыныс алу органдарын жеке қорғау құралын жабдықпен сақтау және күту.


      1-сабақ. Тыныс алу органдарын жеке қорғау құралының газ түтiнiнен қорғану қызметiнiң қоймаларында, базаларында, бақылау бекеттерiнде сақтау. Өрт сөндiру автомобильдерiнде тасымалдау. Жұмыстан кейiн тыныс алу органдарын жеке қорғау құралын күту.
      Жүргiзу әдiсi: сыныптық-топтық және практикалық сабақтар.

      № 8-тақырып. Тыныс алу органдарын жеке қорғау құралының жөндеу базасы. Газ түтiнiнен қорғану қызметiн бақылау бекетi.


      1-сабақ. Газ түтiнiнен қорғану қызметiнiң бақылау бекетi мен базасын тағайындау олардың жабдықтары компрессормен жұмыс iстеудегi қауiпсiздiк шаралары мен жұмыс ережесiн арнау.
      Жүргiзу әдiсi: практикалық сабақ.

      № 9-тақырып. Жылу түтiн камерасы.


      1-сабақ. Жылу түтiн камерасының арналуы және оған қойылатын талаптар. Жаттығулар кезiндегi жылу түтiн камерасындағы қауiпсiздiк техникасы.
      Жүргiзу әдiсi: сыныптық-топтық сабақтар.

      № 10-тақырып. Тыныс алу органдарын жеке қорғау құралымен жұмыс.


      1, 3-сабақ. Газ түтiнiнен қорғану қызметi буындарының жұмыс элементтерi: барлау жүргiзу, адамдарды құтқару, жеке құрамның жұмыс iстеуiне жағдай жасау, аса қиын жағдайда, өрт сөндiруде тiкелей жұмыс жасау.
      Барлау жүргiзу: барлаудың құрамы және оның құрал-жабдықтары, барлауға мiндеттер алу; аса түтiнденген бөлмеде жылжу тәртiбi (коллоннада бiр-бiрден жылжу, аяқтаушы буын мүшелерiнiң жылжуын және олардың жағдайын қадағалау үшiн, қасыңда келе жатқан жолдастарымен байланысты үзбеу, тоқуларды қолдану, сөйлесу сымын бағытты ұстау үшiн қолдану, ал кей жағдайларда жең жолдарын, сонымен қатар құлаған жерлердi алда келе жатқан адам құрылымды ломмен соққылауы керек, монтаждық, технологиялық және басқа да ойықтарға түспеу үшiн, жүру бағытын есте сақтау); барлаудың қауiпсiздiк бекетi мен байланысы; бекеттi қажеттi құралдармен қамтамасыз ету, газ түтiнiнен қорғану қызметi жеке құрамының түтiнденген ортада болу уақытын және хал-жағдайын бақылау; түтiнденген ортада газ түтiннен қорғаушыларды табу құралдары, адамдарды табу тәсiлдерi; зардап шеккендерi тапқан жағдайдағы iс-әрекет, өрттiң қарқындығы, жоғары температура және қалың түтiн кезiнде барлаудың ерекшелiктерi, оқпанды бақылауда қолдану. Газқағарда жұмыс iстеу уақыты, оттектi есептеу.
      Адамдарды құтқару: тыныс алуға жағымсыз ортадан адамдарды көшiру кезiнде iс-қимылдарды қайсарлықпен, шапшаң және талаппен орындау; адамдарды көшiру тәсiлдерi және жақын жолдарды қолдану (шығу есiктерi мен терезелердi); зардап шеккендердi кезекпен көшiру; дәрiгерге дейiнгi көмек көрсету; жарақат алған және күйген адамдарды көшiру ерекшелiктерi; адамдарды көшiру кезiнде қордағы газқағарларды қолдану; жанып жатқан бөлмеден азаматтардың материалдық құндылықтары мен мүлкiн көшiру.
      Түтiнмен және жоғарғы температурамен күрес; өрттi сөндiру; стационарлық ауа желдеткiштерiн және ауа үрлегiштерiн қолдану; түтiндi шығару үшiн ғимараттың құрлымдарын бұзу, өрт болған жерден аса көп түтiн, сонымен қатар улы бу және газ шығаратын заттар мен материалдарды сыртқа шығару; бөлмелерге түтiннiң әрi қарай тарамауы үшiн брезент тосқауылын қолдану; түтiн сорғыштарды қолдану (жанған бөлмеге ауаны айдау үшiн, жанған өнiмдердi шығару үшiн, түтiнсорғыштардың құрама жұмысы); өрт сөндiру бағандарымен және мемлекеттiк өртке қарсы қызмет бағандарымен жұмыс.
      Қопарылыс, буға және газға толған бөлмеде жұмыс iстеу ерекшелiктерi.
      Жер асты құрылыстарында аварияны жою жұмыстарына газ түтiнiнен қорғану жеке құрамының қатысуы (шахталар, метролар, туннелдер, подвалдар және т.б.). Жеке құрамның газқағармен жер асты құрылыстарында жұмыс iстеу уақытын есептеу ерекшелiктерi.
      Буындардың жоғарғы және төмен температураларда жағдайларында жұмыс iстеу ерекшелiктерi. Газ түтiннен қорғаушылардың төтенше жағдайдағы iс-әрекетi (қауiпсiздiк постымен байланыс жоғалтқанда, адасып кеткенде және т.б.).
      Жүргiзу әдiсi: сыныптық-топтық және практикалық сабақ.

      № 11-тақырып. Газ түтiнiнен қорғану қызмет құжаттамасы және оны жүргiзу тәртiбi.


      1-сабақ. Газ түтiннен қорғаушының жеке карточкасы, оны жүргiзу және толтыру тәртiбi. Қызмет атқаратын газ түтiнiнен қорғану қызметi бөлiмшелерiн есепке алу журналы. Қысымды ауада № 1 және № 2 аппараттарымен жұмыс iстеудi тексеру журналдары және оларды жүргiзу тәртiбi.
      Жүргiзу әдiсi. сыныптық-топтық және практикалық сабақ.

Радиотелефонистердiң алғашқы бастама дайындығының
тақырыптық жоспары

№  р/с

Тақырыптардың атаулары

Сағат саны

Барлығы

олардың

Сыныптық-топтық

практикалық




1-бөлiм. Техникалық дайындық.










1

Өртке қарсы қызметтерде байланысты ұйымдастыру. Өрт бөлiмшелерiнiң шығу кестесi.

2

1

1

2

Электр тогы және оның көздерi.

1

1

-

3

Сым байланысы. Сым байланысымен жұмыс тәртiбi.

1

1

-

4

Радиобайланыс, жұмыс тәртiбi мен радиоауыстыру.

4

2

2

5

Автоматты өрт сөндiру және өрт-қорғау дабылдары. Өрт сөндiру дабылдарының станциялары.

1

1

-

6

Өрт туралы хабарларды қабылдау тәртiбi және жауынгерлiк топты шақыру орнына жөнелту.

2

1

1

7

Өрт, апат орнына шығатын және кезекшiлiк режимiндегi күзетiлетiн объектiлердiң диспечерлiк қызметтерiмен, өзара қарым-қатынас қызметтерiмен, авариялық-құтқару қызметтерiмен және бөлiмшелерiмен «Өрт сөндiру және авариялық-құтқару жұмыстар қызметi» мемлекеттiк мекемелерiнiң күштер мен құралдарын жедел басқаратын орталықпен байланыс.

2

1

1

8

Өрт сөндiру басшысымен және өрттегi, апаттағы жауынгерлiк топ бөлiмшесiмен байланыс, өрттегi күш пен құралдардың хронологиялық әрекетiн, сондай-ақ тұрақты жағдайды есепке алу.

5

1

4

9

Байланыс құралдарымен жұмыс барысында қауiпсiздiк техникалары мен өрт қауiпсiздiгiнiң ережелерi, күзетiлетiн объектiлерде қолданылатын дабылдар мен жарық түсiрулер.

2

2

-




БАРЛЫҒЫ:

20

11

9




2-бөлiм. Арнайы дайындық.










10

Негiзгi өрт сөндiру автомобильдерi.

1

-

1

11

Арнайы және қосымша өрт сөндiру автомобильдерi.

1

-

1

12

Өртке қарсы сумен қамтамасыз ету.

2

1

1

13

Өрттi сөндiру, апаттар мен дүлей зiлзалаларды салдарын жоюды ұйымдастыру.

2

2

-

14

Байланыс бөлiмше бекетiнiң жедел-қызмет құжаттары, оларды жүргiзу тәртiбi.

2

-

2

15

Радиотелефонистiң жұмысын регламенттейтiн басқару құжаттары.

2

2

-

16

Байланыс бөлiмше бекетiнiң бағдарламалық қамтамасыз ету.

2

1

1

17

Байланыс құралдарымен жұмыс iстеу тәсiлдерi.

4

-

4




Емтихан тапсыру.

4

1

3




БАРЛЫҒЫ:

20

7

13




БАРЛЫҒЫ:

40

18

22

1-бөлiм. Техникалық дайындық.

      № 1-тақырып. Өртке қарсы қызметтерде байланысты ұйымдастыру. Өрт бөлiмшелерiнiң шығу кестесi.


      1-сабақ. Тағайындау бойынша өрт байланысының классификациясы: хабарлама байланысы, диспетчерлiк байланыс, өрттегi байланыс. Өрт байланысының техникалық классификациясы: телефондық, радиобайланыс, қолмен әрекет етiлетiн электр өрт дабылы, автоматты өрт және қорғау-өрт дабылы.
      Өртке қарсы қызмет органдары бөлiмшелерiнде байланыстың жалпы схемасы. Гарнизонда хабарлауды ұйымдастыру және байланыс схемасы. Диспетчерлiк байланысты (телефон, радио) ұйымдастыру. Байланыс бекеттерiн ұйымдастыру. Күш пен құралдарды жедел басқару орталығы және оның тағайындалуының күш пен құралдарын жедел басқару орталығы. Өрт болған жерде телефон және радио байланысының схемасы. Байланыс қызметiнiң басшылығы.
      Өрт бөлiмшелерiнiң шығу кестесi және оның өртте, апатта күш пен құралдардың рөлi.
      Жүргiзу әдiсi: сыныптық-топтық және практикалық сабақ.

      № 2-тақырып. Электр тогы және оның көздерi.


      1-сабақ. Электр тогы мен электр шынжыры туралы түсiнiк. Токтың күшi және оларды өлшеу; электр тоғының сымдарымен қарсыласы және оны өлшеу. Күш және оны өлшеу. Үнемi және үзiлiс тогы туралы түсiнiк. Сымдар және диэлектриктер. Электр тогының магниттiк қасиетi. Электр тогының көздерi. Радиостанциялардың, телефон коммутаторларының және қабылдау станциясының электроқоректенуi.
      Жүргiзу әдiсi: сыныптық-топтық сабақ.

      № 3-тақырып. Сым байланысы. Сым байланысымен жұмыс тәртiбi.


      1-сабақ. Телефон мен микротелефонның құрылысы. Телефон байланысының ұстанымдары. Телефон аппаратының сипаттық ақаулары. Телеграф және телеграф байланысының ұстанымдары. Телеграф, телефон және фототелеграф байланысы барысында ақпаратты ауыстыруды жүргiзудiң ережесi мен тәртiбi.
      Телефон коммутаторлары мен автоматты телефон станциясы. Коммутаторлардың тағайындалуы. Әрекет ұстанымдары. Қалалық (аудандық) телефон станциясы туралы түсiнiк. Жартылай автоматты телефон байланысының құрылысы. Аз сыйымдылықты автоматты телефон станциясы құрылысымен жұмысының ұстанымы.
      «01» бағыты бойынша шақырылатын абонент нөмiрiн автоматты анықтау құрылысы туралы түсiнiк.
      Күш пен құралдарды жедел басқару орталығы, байланыс бөлiмшесiнiң бекетi магниттi, электронды тасымалдаушыға жазуды жүргiзудiң тәртiбi және ұйымдастыру.
      Жүргiзу әдiсi: сыныптық-топтық сабақ.

      № 4-тақырып. Радиобайланыс, жұмыс тәртiбi мен радиоауыстыру.


      1-сабақ. Радио туралы жалпы түсiнiк. Радиоберiлiстер және радио қабылдаудың ұстанымы. Радиостанцияның блок-схемасы, радиостанция элементтерiнiң тағайындалуы және әрекет ұстанымдары: радиоберiлiс, радиоқабылдағыш, антенна, микрофон және телефондар. Радиостанцияның негiзгi тактика-техникалық деректерi. Радиостанциялардың тұрпаттары: тұрақты, мобильдi және көтермелi.
      Байланыс бөлiмi пунктiнде радиоторабында аппаратураларды орналастыру.
      Радиостанциялардағы жұмыс. Радиостанцияларды жұмысқа дайындау. Берiлiс пен қабылдағышты қосу. Радиостанцияны басқару. Радиоауыстырудың ережесi және радиостанцияларды байланысқа қосу. Радиостанцияларды күту ережесi. Радиостанциялардың сипатты ақаулары және оларды жою әдiстерi. Факсимильдi байланыс аппарутарысының көмегiмен факсимильдi байланысты қабылдау мен берiлiс ұстанымдары. Тұрақты, мобильдi, көтермелi радиостанцияларының негiзгi тактикалық-техникалық деректерi.
      Жүргiзу әдiсi: сыныптық-топтық сабақ және практикалық сабақ.

      № 5-тақырып. Автоматты өрт сөндiру және өрт-қорғау дабылдары. Өрт сөндiру дабылдарының станциялары.


      1-сабақ. Автоматты өрт сөндiру және өрт-қорғау дабылдары. Өрт және өрт-қорғау дабылының тағайындалуы, автоматты өрт және өрт-қорғау дабылының құрылу ұстанымдары. Автоматты өрт хабарлары: тағайындалуы, әрекет ұстанымы, хабарлардың негiзгi тактикалық-техникалық деректерi. Әрекет ұстанымы бойынша хабарлардың классификациясы.
      Өрт дабыл станцияларының негiзгi тактикалық-техникалық деректерi және өрт-қорғау дабылының қабылдау-бақылау құралдары. Оларды пайдалану тәртiбi.
      Жүргiзу әдiсi: сыныптық-топтық сабақ.

      № 6-тақырып. Өрт туралы хабарларды қабылдау тәртiбi және жауынгерлiк топты шақыру орнына жөнелту.


      1, 2-сабақ. Өрт туралы хабарларды қабылдау:
      тұрғын үйлерде, өндiрiстiк ғимараттарда, көлiк объектiлерiнде, балқу құралдарында, мұнай өнiмдерiн сақтау резервуарлы парктерде, жоғары қабатты ғимараттарды, көп адамдар жүретiн ғимараттарды, газды фонтандарда.
      ұшқыш аппараттарының апаттық қонуы туралы;
      жарылыс, өрт қорқыныш жағдайлары туралы;
      өртпен байланысты емес жағдайларда адам өмiрiнiң қаупi туралы.
      Өртке, апатқа, табиғи апатқа және т.б. жедел және басшы құрамды жiберу тәртiбi және олар туралы атқару органдарына күш пен құралдарды жедел басқару орталығы, Өртке қарсы қызмет, Төтенше жағдайлар департаментi, «Өрт сөндiру және авариялық құтқару жұмыстары қызметi» мемлекеттiк мекеме жедел кезекшiлерiне ақпарат ету.
      Жүргiзу әдiсi: сыныптық-топтық сабақ және практикалық сабақ.

      № 7-тақырып. Өрт, апат орнына шығатын және кезекшiлiк режимiндегi күзетiлетiн объектiлердiң диспечерлiк қызметтерiмен, өзара қарым-қатынас қызметтерiмен, авариялық-құтқару қызметтерiмен және бөлiмшелерiмен «Өрт сөндiру және авариялық-құтқару жұмыстар қызметi» мемлекеттiк мекемелерiнiң күштер мен құралдарын жедел басқаратын орталықпен байланыс.


      1, 2-сабақ. Өрт, апат орнына шығатын және кезекшiлiк режимiндегi күзетiлетiн объектiлердiң диспечерлiк қызметтерiмен, өзара қарым-қатынас қызметтерiмен, авариялық-құтқару қызметтерiмен және бөлiмшелерiмен байланысты. «Өрт сөндiру және авариялық-құтқару жұмыстар қызметi» мемлекеттiк мекемелерiнiң күштер мен құралдарын жедел басқаратын орталықпен байланысты ұйымдастыру.
      Жүргiзу әдiсi: Сыныптық-топтық сабақ және практикалық сабақ

      № 8-тақырып. Өрт сөндiру басшысымен және өрттегi, апаттағы жауынгерлiк топ бөлiмшесiмен байланыс, өрттегi күш пен құралдардың хронологиялық әрекетiн, сондай-ақ тұрақты жағдайды есепке алу.


      1, 2, 3-сабақтар. Өрт сөндiру басшысымен және өрттегi, апаттағы жауынгерлiк топ бөлiмшесiмен байланысты ұйымдастыру. Радиоауысыммен, баяндама формасын жүргiзу тәртiбi. Өртке қатысушылардың күш пен құралдардың хронологиялық әрекетiн, сондай-ақ өртте, апатта қалыптасқан жағдайды есепке алу.

      № 9-тақырып. Байланыс құралдарымен жұмыс барысында қауiпсiздiк техникалары мен өрт қауiпсiздiгiнiң ережелерi, күзетiлетiн объектiлерде қолданылатын дабылдар мен жарық түсiрулер.


      1-сабақ. Байланыс құралдарымен, дабылдар мен жарық түсiрулермен жұмыс барысында қауiпсiздiк техникалары мен өрт қауiпсiздiгiнiң ережелерi.
      Адамның организмiне электр тоғының әсерi. Жiберiлген қауiпсiз күш. Электр тоғынан зардап шеккенге бiрiншi жәрдем Радиостанцияларды, коммутаторларды, автоматты телефон станцияларын – төмен жиiлiлiкпен күшейткiш, аккумулятор батареясын қызмет көрсетуде және жөндеуде қауiпсiздiк ережелерi.
      Байланыс бөлiмше бекетiнiң санитарлық-гигиеналық нормалары және қауiпсiздiк техникалары. Бөлiмшедегi, байланыс бөлiмше бекетiндегi өрт қауiпсiздiгi ережелерi. Өрт сөндiрудiң алғашқы құралдары және оларды пайдалану ережесi.
      Жүргiзу әдiсi: Сыныптық-топтық сабақ.

2-бөлiм. Арнайы дайындық

      № 10-тақырып. Негiзгi өрт сөндiру автомобильдерi.


      1-сабақ. Негiзгi өрт сөндiру автомобильдерiнiң тағайындалуы және тактикалық-техникалық сипаттары. Өрт жабдықтарының нақты табелi. Жауынгерлiк топтың табелi. Жауынгерлiк қанат жаюдың түрлерi және жауынгерлiк топ нөмерлерiне сәйкес өрт сөндiрушiлердiң мiндеттерi.
      Жүргiзу әдiсi: Практикалық сабақ.

      № 11-тақырып. Арнайы және қосымша өрт сөндiру автомобильдерi.


      1-сабақ. Арнайы өрт сөндiру автомобильдерiнiң тағайындалуы және тактика-техникалық сипаттары. Өрт сөндiру мақсатына бейiмделген арнайы өрт сөндiру автомобильдерi мен техникаларын пайдалану.
      Жүргiзу әдiсi: Практикалық сабақ.

      № 12-тақырып. Өртке қарсы сумен қамтамасыз ету.


      1-сабақ. Қаланы (объектiнi), күзетiлетiн ауданды өртке қарсы сумен қамтамасыз ету туралы жалпы мәлiметтер. Өрт сөндiру үшiн пайдаланылатын су көздерiнiң түрлерi және орналасуы. Өрт сөндiру гидранты, оның тағайындалуы, су құбыры торларында өрт сөндiру гидрантының орналасуы. Төмен және жоғары қысымды су құбырлары. Сақиналы және басы тұйықталған су құбырлар торлары туралы түсiнiк. Су көздерiнiң планшеттерi.
      Жүргiзу әдiсi: сыныптық-топтық және практикалық сабақ.

      № 13-тақырып. Өрттi сөндiру, апаттар мен дүлей зiлзалалардың салдарын жоюды ұйымдастыру.


      1-сабақ. Өртте күштер мен құралдарды басқару, олар туралы жиналған деректер. Арнайы қызметтермен өзара әрекет, өрт сөндiру үшiн меншiк нысанына қарамастан кәсiпорындар мен ұйымдардан күштер мен құралдарды тарту жоспары. Практикалық жұмыста жедел жоспарлар мен карточкаларды пайдалану.
      Қаланың (объектiнiң) арнайы және авариялық қызметi, өрт сөндiруде олардың орналасуы және тәртiбi, оларды iске қосу.
      Қаланың (объектiнiң) арнайы және авариялық қызметтерiмен өзара әрекет нұсқаулықтары.
      Жүргiзу әдiсi: сыныптық-топтық сабақ.

      № 14-тақырып. Байланыс бөлiм бекетiнiң жедел-қызмет құжаттары, оларды жүргiзу тәртiбi.


      1-сабақ. Күш пен құралдарды жедел басқару орталығы, байланыс бөлiм бекетiнiң жедел-қызметтiк құжаттары, оларды жүргiзу тәртiбi.
      Жүргiзу әдiсi: практикалық сабақ.

      № 15-тақырып. Радиотелефонистiң жұмысын регламенттейтiн басқару құжаттары.


      1-сабақ. Әр түрлi жағдайларда радиотелефонистердiң мiндеттерi мен әрекеттерi:
      өрт, авария, табиғи апаттар туралы және т.б. хабарлар алғанда; диверсиалды актiнiң (өрт, авария, қопарылыс және т.б.) дайындалуы туралы анонимдi өтiнiш берушiден хабар алғанда;
      гарнизонда күштер мен құралдардың жоғары шақыру нөмiрiмен өрттi хабарлаған кезде;
      байланыс құралдары, жарық түсiру, электр қоректендiру және т.б. қатардан шығып қалғанда;
      бөлiмшеде, байланыс бөлiм бекетiнде өрт, авария болғанда;
      жедел жағдай шұғыл туындаған кезде;
      бөлiмшеде, өртте төтенше жағдайлар туралы хабар алғанда.
      Жүргiзу әдiсi: сыныптық-топтық сабақ

      № 16-тақырып. Байланыс бөлiмшесiнiң бекетiнiң бағдарламалық қамтамасыз ету.


      1-сабақ. Бағдарламалық қамтамасыз ету және компьютер туралы жалпы мәлiметтер. Компьютердiң тағайындалуы, құрылысы, онда жұмыс iстеу ережесi, принтердi пайдалану ережесi. «Outlook Express» бағдарламамен жұмыс тәртiбi, «Microsoft Word» және «Microsoft Excel» редакторларындағы құжаттар мен жұмыс және құрылуы. Байланыс бөлiмшесiнiң бекетiнiң және өртке қарсы қызметтерде бар ақпараттық бағдарламаларымен жұмыс.
      Жүргiзу әдiсi: сыныптық-топтық сабақ және практикалық сабақ.

       № 17-тақырып. Байланыс құралдарымен жұмыс iстеу тәсiлдерi.


      1, 2-сабақ. Сым және радио байланыс құралдарымен жұмыс iстеудiң практикалық тәсiлдерi. Радиообменнiң ережелерiн өңдеу. Құпия және кодтық хабарламаларды беру.
      Жүргiзу әдiсi: практикалық сабақ.

Қазақстан Республикасы  


Төтенше жағдайлар министрiнiң
2009 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 310 бұйрығына    
2-қосымша        

Өртке қарсы қызметтердiң өрт қауiпсiздiгi саласындағы
мамандарды арнайы даярлайтын оқу курстары

      1. Өртке қарсы қызметтiң өрт қауiпсiздiгi саласындағы мамандарды арнайы даярлайтын оқу курстары келесi мамандықтарға бөлiнедi:


      1. Өрт сөндiрушiлер (күзетiлетiн объект түрлерi бойынша):
      1) мұнай мен газды өндiру, қайта өңдеу, сақтау, қамтамасыз ету және тасымалдау жөнiндегi ұйымдар мен объектiлер:
      мұнай өңдеу жөнiндегi объектiлер;
      газ өндiру жөнiндегi объектiлер;
      мұнай айдау станциялары;
      газкомпрессорлық станциялар;
      газ өңдеу зауыттары;
      мұнай өңдеу зауыттары;
      газ жинақтау станциялары;
      мұнай құю эстакадалары;
      қайранда мұнай мен газ өндiру мен дайындауға арналған теңiз операцияларын қолдау базалары;
      мұнай базалары;
      жер асты газ сақтау станциялары.
      2) химия және мұнай-химия өнеркәсiбi ұйымдары:
      синтетикалық каучук шығару жөнiндегi кәсiпорындар;
      жарылғыш-өрт қаупi бар заттарды қолдана отырып, химия өнiмiн (спирттердi, эфирлердi, шайырларды, винилхлоридтi, талшықтарды, бояуларды және басқаларды) шығару жөнiндегi кәсiпорындар;
      шиналар мен резеңке-техникңалық бұйымдарды шығару жөнiндегi кәсiпорындар;
      сұйытылған көмiрсутегi газдарын қайта өңдеу және алу жөнiндегi кәсiпорындар;
      минералды тыңайтқыштар өндiру жөнiндегi кәсiпорындар;
      әртүрлi маркадағы полистирол шығару жөнiндегi полистиролды пластиктер өндiру жөнiндегi кәсiпорындар;
      полипропилендi өнiм өндiру жөнiндегi кәсiпорындар;
      биоотын өндiру жөнiндегi кәсiпорындар.
      3) электроэнергетикалық өнеркәсiп ұйымдары:
      мемлекеттiк аудандық электр станциялары;
      су электростанциялары;
      жылу электр станциялары;
      атом электр станциялары;
      газ турбиналық электр станциялары;
      кiшi станциялар.
      4) өнеркәсiптiк ұйымдар:
      ауыл шаруашылығы машиналарын шығару жөнiндегi кәсiпорындар;
      автомобиль өнеркәсiбi кәсiпорындары;
      металл өңдеу кәсiпорындары;
      металлургия өнеркәсiбiнiң кәсiпорындары;
      сүректi сақтау мен қайта өндеу және целлюлоза өндiру жөнiндегi кәсiпорындар;
      көмiрдi, темiр рудасын, түстi металдарды өндiретiн кен орындарының объектiлерi;
      көлiк кәсiпорындары;
      халыққа ғимараттармен тiкелей қызмет көрсетуге арналған көлiк ұйымдары, жолаушыларының есептiк сыйымдылығы;
      жарылғыш заттар қоймалары;
      қоныстандырылған аумақтан тыс жерде орналасқан басқа өнеркәсiптiк кәсiпорындар, сондай-ақ қоймалық мақсаттағы базалар, байланыс кәсiпорындары мен ғылыми-зерттеу мекемелерi.
      5) ауыл шаруашылығы кәсiпорындары:
      тағам, қайта өңдеу кәсiпорындары, балық шаруашылығы және басқа да ауыл шаруашылығы мақсатындағы объектiлер;
      элеваторлар;
      6) орман шаруашылығының мемлекеттiк мекемелерi мен заңды тұлға мәртебесi бар ерекше қорғалатын аумақтар.
      2. Негiзгi өрт сөндiру автомашиналарының жүргiзушiлерi:
      алғашқы жәрдем автокөлiгi;
      тез өрт сөндiру автокөлiгi;
      өрт сөндiретiн өңештi - сорғыш автокөлiгi;
      жоғары қысымды сорғышы бар өрт сөндiру автокөлiгi;
      сыйымдылығы 2 м3 жеңiл өрт сөндiру автоцистернасы;
      сыйымдылығы 4 м3 орта және механикалық сатысы бар өрт сөндiру автоцистернасы;
      сыйымдылығы 14 м3 дейiнгi ауыр өрт сөндiру автоцистернасы;
      көбiктi ауа өрт сөндiру автокөлiгi;
      ұнтақты өрт сөндiру автокөлiгi;
      ұнтақты өрт сөндiру автокөлiгiнiң модулi;
      газды өрт сөндiру автокөлiгi;
      газды-сулы өрт сөндiру автокөлiгi;
      құрама өрт сөндiру автокөлiгi;
      аэродромдық өрт сөндiру автокөлiгi;
      радиациялық сәулелерден және аса улы заттардан қорғайтын өрт сөндiру автокөлiгi;
      өрт сөндiру сорғыш станциясы; о өңештi өрт сөндiру автокөлiгi жатады.
      3. Арнайы мақсаттық өрт сөндiру автокөлiктерiнiң жүргiзушiлерi: автосатылар;
      иiндi автокөтергiштер; автокөбiккөтергiштер;
      апаттан құтқару автокөлiгi;
      байланыс және жарықтандыру автокөлiгi;
      техникалық қызмет көрсететiн автокөлiк;
      газдан және түтiннен қорғау қызметiн көрсететiн автокөлiк; түтiн сейiлткiш автокөлiк.
      4. Радиотелефонистер.
      5. Нұсқаушы - өрт сөндiрушiлер.
      6. Өрттiң алдын алатын нұсқаушылар.
      7. Газдан және түтiннен қорғау қызметiн көрсететiн мастерлерi.
      8. Жеңдiк шаруашылық мастерлерi.
      9. Газдан құтқарушылар.
      10. Жоғары биiктiктен құтқарушылар.
      11. Парамедиктер.

2. Өрт-техникалық минимум бағдарламасы бойынша мамандарды
оқыту курсы

      12. Ұйымдарды өрт қауiпсiздiгiнен қамтамасыз етуге және өрт қауiпсiздiк шараларына оқытуға жауапты лауазымды тұлғалары, басшылары, бас мамандары:


      1) Жатаханалардың, қонақ үйлердiң, шипажайлардың, профилакториялардың және демалыс үйлердiң
      2) Мектепке дейiнгi, жалпы бiлiм беретiн, және басқа бiлiм беретiн мекемелердiң, орта техникалық және жоғарғы оқу орындарының
      3) Ғылыми және жобалық ұйымдардың
      4) Өндiрiстiк және автотранспорттық кәсiпорындардың
      5) Ауыл шаруашылығы кәсiпорындарының, кооперативтер мен серiктестiктердiң
      6) Өрт қауiпсiздiгi саласындағы жұмыстарды (қызмет көрсететiн) атқаратын ұйымдардың
      7) Мұнай өнiмдерiн сататын және қайта өңдейтiн ұйымдардың, соның iшiнде автозаправкалық станциялардың
      8) Жанатын газдарды сататын және қайта өңдейтiн ұйымдардың
      9) Көтерме және бөлшектi сауда, қоғамдық тамақтану, тұрмыстық және комуналдық қамтамасыз ету ұйымдардың
      10) Мәдениет, туризм, спорт және денсаулық сақтау ұйымдарының
      11) Қала сыртындағы балаларға бiлiм беретiн мекемелердiң
      12) Құзыретiне дала өрттерiн сөндiру, сондай-ақ      мемлекеттiк өртке қарсы қызмет құрылмаған елдi мекендерiндегi өрт сөндiрудi ұйымдастыру кiретiн республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органдардың қызметкерлерi.
      13. Объектiлердiң, ұйымдардың және мекемелердiң қызметкерлерi мен жұмысшылары:
      1) автозаправка станцияларының операторлары;
      2) мектепке дейiнгi мекемелердiң тәрбиешiлерi, жалпы бiлiм беретiн мектептердiң мұғалiмдерi, өрт қауiпсiздiгi шараларын оқытумен айналысатын бастауыш орта, арнайы орта және жоғарғы оқу орындарының оқытушылары;
      3) өрт қауiпсiздiгi саласындағы бiлiмдердi тексеретiн бiлiктiлiк комиссиясының төрағалары;
      4) өрт қауiпсiздiгi саласындағы жұмыстарды орындайтын (қызмет көрсететiн) ұйымдардың мамандары;
      5) ұйымдар мен мекемелердiң адамдарға тәулiк бойы қызмет көрсететiн персоналдары;
      6) дәнекерлеушi және басқа да отпен жұмыс iстейтiн тұлғалар;
      7) жарылыс қауiпi бар аппараттар мен қондырғылардың операторлары, жарылыс қаупi бар цехтардың жұмысшылары (жарылыс өрт қауiптiлiгi бойынша А,Б санаттары);
      8) АЗС қызметкерлерi мен жағармай толтыратын жүргiзушiлерi;
      9) жанғыш заттар мен материалдармен (өртенгiш заттар бар орамдармен, плиталармен, эпоксидтi смолалармен, мастикалармен) жұмыс iстейтiн тұлғалар;
      10) дәнекерлеушi және басқа да отпен жұмыс iстейтiн қызметкерлер;
      11) инфрақызыл сауле шығарулардың газ оттықтарын пайдаланатын және монтаждайтын персонал;
      12) күзетшiлер;
      13) өрттiң алдын алу мен жою бойынша қоғамдық бiрлестiктердiң мүшелерi (жергiлiктi тұрғындардан құрылған ерiктi өртке қарсы құрылымдар);
      14) ұйымдар мен жергiлiктi елдi мекендерде котельныйлар мен басқа да жылу шығаратын қондырғыларды пайдаланатын тұлғалар.

Қазақстан Республикасы  


Төтенше жағдайлар министрiнiң
2009 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 310 бұйрығына    
3-қосымша        

Өртке қарсы қызметтердiң өрт қауiпсiздiгi саласындағы
мамандарды арнайы даярлайтын бiлiктiлiк талаптары

1. Жалпы ережелер

      1. Өртке қарсы қызметтердiң өрт қауiпсiздiгi саласындағы мамандарды арнайы даярлау, тиiстi бiлiктiлiктердi (мамандықтарды) үйрену мақсатында өрт қауiпсiздiгi саласындағы қимылдарға даярлайтын мамандандырылған оқу орталықтарында өткiзiледi.


      2. Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызмет мамандарын даярлаудағы негiзгi мiндеттер:
      оперативтiк-қызметтiк мiндеттердi сәттi орындауды қамтамасыз ететiн икемдi және тиiмдi қимылдарға үйрету;
      авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзу, өрт сөндiрудегi кәсiби және жеке қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң әдiстерi мен тәсiлдерiн үйрету;
      өрттiң алдын алу мен сөндiрудi жүзеге асыру мәселесiнде практикалық икем мен дағдыларды өңдеу;
      арнайы техникамен, өрт-техникалық және авариялық-құтқару жарақтары мен жабдықтарымен, транспорттық құралдар мен байланыс құралдарын пайдалану дағдыларына үйрету;
      қарамағындағыларды басқару, үйрету және тәрбиелеу бойынша басқарушы құрамның дағдысын жетiлдiру;
      мамандардың кәсiби сана-сезiмiн, өз қимылының жауапкершiлiгiн сезiнудi, оперативтiк-қызмет жұмысының спецификасын ескере үнемi өзiнiң кәсiби шеберлiгiн жетiлдiрудi қалыптастыру;
      мамандардың жоғары психологиялық тұлғалық тұрақтылығын қалыптастыру, олардың байқағыштығын, қырағылығын, жалпы және тактикалық ойлауы мен басқа да кәсiби маңызды қасиеттерiн дамыту болып табылады.
      3. Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметiнде жұмыс iстеуге мамандарды даярлау мынадай оқу түрлерiн қамтиды:
      арнайы даярлау;
      қайта даярлау;
      бiлiктiлiктi арттыру.
      Арнайы даярлауөрт қауiпсiздiгi саласында, өртке қарсы қызметтердiң бөлiмшелерiнде және бiлiктiлiктi арттыратын және кадрларды қайта даярлайтын ұйымдарда iс-қимылдарға дайындайтын мамандандырылған оқу орталықтарының базасында жүзеге асырылатын қызметтiк мiндеттердi сәттi шешу үшiн қажет тиiстi бiлiктiлiктi алу, бiлiмдi, iскерлiктi және дағдыны үздiксiз жетiлдiру мен игерудiң ұйымдасқан үдерiсi;
      Өрт сөндiру бөлiмiнiң (өрт сөндiру бекетiнiң) өрт сөндiрушiсi, өрттiң алдын алушы-өрт сөндiрушi нұсқаушысы, өрттiң алдын алушы нұсқаушысы, өрт сөндiру автомобилiнiң жүргiзушiсi, газ түтiнiнен қорғаушысы, радиотелефонист лауазымындағы өртке қарсы қызметтердiң қызметкерлерi арнайы даярлаудан өтедi.
      Өртке қарсы қызмет қызметкерлерiн қайта даярлау – тиiстi профилiне (өрт сөндiрушiлердi құтқарушыларға, газдан құтқарушыларға және т.б. даярлау) немесе басқа жұмысқа тағайындалу кезiнде, өрт қауiпсiздiгiнен қамтамасыз ету саласында басқа қызметтiк бағыттарды жүзеге асыру қызметтiк мiндеттерi болып қарастырылған қызметкерге қажеттi бiлiмдi, iскерлiктi, дағдыны алу үшiн жаңа бiлiктiлiк (мамандық) алу мақсатында жүзеге асырылады.
      Өртке қарсы қызмет жеке құрамының бiлiктiлiгiн арттыру – қызметкер тағайындалған лауазымы бойынша кем дегенде бес жылда бiр рет бiлiмдерiн тереңдету мен техникалық деңгейiн арттыру мақсатында жүзеге асырылады.
      Өрт бөлiмшесiнiң қарауыл бастығы (ауысым басшысы), өртке қарсы қызметтердiң өрт бөлiмшесiнiң бастығы лауазымына тағайындалған мемлекеттiк емес өртке қарсы қызмет қызметкерлерi бiлiктiлiктi арттырудан өтедi.
      4. Өрт қауiпсiздiгi саласында арнайы мамандарды даярлаудың мiндеттерi мен мазмұны осы бiлiктiлiк талаптарымен, «Өрт қауiпсiздiгi туралы» 1996 жылғы 22 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңымен, «Ұйымда кадрларды кәсiптiк даярлауға, қайта даярлауға және бiлiктiлiгiн арттыруға қойылатын жалпы талаптарды бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 29 қарашадағы қаулысымен, «Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтердiң жұмысын жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 15 қазандағы қаулысымен, «Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының Жакуынгерлiк Жарғысын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрiнiң 2009 жылғы 14 қарашадағы бұйрығымен, «Өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiндегi еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi ережелердi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрiнiң 2005 жылғы 13 желтоқсандағы бұйрығымен, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi өртке қарсы қызмет органының газ түтiнiнен қорғау қызметi жөнiндегi тәлiмдемесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау комитетi төрағасының 2005 жылғы 28 қыркүйектегi бұйрығымен, «Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының Жарғысын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрiнiң 2009 жылғы 14 қарашадағы бұйрығымен анықталады.

2. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы қимылдарға даярлайтын оқу
орталықтарында, бiлiктiлiгiн арттыратын және кадрларды қайта
даярлайтын ұйымдарда мемлекеттiк емес өртке қарсы қызмет
мамандарын арнайы даярлау бойынша бiлiктiлiк талаптар

§ 1. Оқу процесiне қойылатын талаптар

      5. Оқу процесi Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi «Бiлiм туралы» және 1996 жылғы 22 қарашадағы «Өрт қауiпсiздiгi туралы» заңындарымен, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттарының талаптарына және осылардың негiзiнде өңделген оқу жоспарлары және бағдарламаларына сәйкес ұйымдастырылып, өткiзiледi.


      6. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк емес өртке қарсы қызмет мамандарын арнайы даярлауды жүзеге асыру мен ұйымдастыру кезiнде нормативтiк құқықтық актiлер мен басшылық ететiн құжаттардың, мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiн арнайы дайындау тәртiбiн реттейтiн талаптарды орындау негiзге алынады.

§ 2. Оқу процесiне қатысатындарға қойылатын талаптар

      7. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы iс-қимылдарға даярлайтын оқу орталықтарының, кадрларды даярлап, бiлiктiлiктi арттыратын ұйымдардың оқытушылары мен тыңдаушылар (өрт қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк емес өртке қарсы қызмет тыңдаушылары) оқу процесiнiң қатысушылары болып табылады.


      8. Оқытушылыққа тиiстi жоғары немесе орташа-техникалық бiлiмi бар, сабақ беру профилi бойынша практикалық жұмыс өтiлi кемiнде 5 жыл болған тұлғалар тартылады. Штат оқытушыларымен қатар Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң бөлiмшелерiнiң тәжiрибелi қызметкерлерi де белгiленген тәртiпте қосымша немесе сағаттық еңбек төлемiмен сабақ бере алады.

§ 3. Оқытушылар құрамының бiлiктiлiгiн арттыруға және
әдiстемелiк жұмыстарды ұйымдастыруға қойылатын талаптар

      9. Әдiстемелiк жұмыс оқу-тәрбие процесiнiң құрамдас бөлiгi және оқытушылар құрамының қызметiнiң негiзгi түрлерiнiң бiрi болып табылады әрi оқу процесi сапасын арттыруға жағдай жасауға, оқытудың белсендi формаларын пайдалана қарқындатуға бағытталған.


      10. Тыңдаушыларды оқыту мен тәрбиелеуде тиiмдiрек формалар мен әдiстердi өндiру үшiн, сабақ мазмұны мен әдiстерге барлық оқытушылардың бiрдей көзқарасын қалыптастыру үшiн:
      оқу-әдiстемелiк жиындар;
      нәтиже сабақтар;
      ашық сабақтар;
      өзара қарым-қатынас сабақтары жүйелi түрде жүргiзiлу керек.
      11. Басшылық етушi және оқытушы құрамның педагогикалық және кәсiби бiлiктiлiктерiн арттыру оқу процесiн жетiлдiрудiң негiзгi шарты болып табылады және қызметтiң маңызды бағыттарының бiрi болып қаралуы керек. Басшылық етушi және оқытушы құрамның бiлiктiлiгiн арттыру жұмыстан тыс және жұмыс уақытында бiлiктiлiктi арттыру және жетiлдiру курстарында жүзеге асырылады.
      12. Бiлiктiлiктi арттыру iс-шаралары бiлiктiлiктi артырудың жылдық жоспарларында және басшылық етушi мен оқытушы құрамның қызметтiк дайындығында, сондай-ақ оқытушының жеке жұмыс жоспарында қарастырылу керек.

§ 4. Оқу процесiн материалдық-техникалық қамтамасыз етуге
қойылатын талаптар

      13. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы өртке қарсы қызметтердiң мамандарын арнайы даярлайтын оқу материалдық-техникалық база - бұл ұйымдар мен объектiлердiң қызметкерлерiн арнайы даярлауды жүзеге асыруға арналған материалдық және техникалық құралдармен жарақталған ғимараттар мен арнайы үй-жайлар кешенi.


      14. Оқу процесiн материалдық-техникалық қамтамасыз ету – оқу, оқу-тәрбие үй-жайларын, арнайы техниканы, оқытудың техникалық құралдарын, оқулықтарды, оқу құралдары мен оқу әдiстемелiк материалдарды, жаттығып-машықтану мұнарасын, спорттық iрге тастарын, жылу түтiн камерасын, психологиялық дайындық жолағын, оқу полигонын қамтиды.
      15. Оқу кластарының қажеттi саны құрылған оқу топтарының факт жүзiндегi санының есебiне және дербес дайындалуды ұйымдастыруға байланысты анықталады. Оқу алаңдары қолданыстағы санитарлық нормаларға сай болу керек.
      16. Оқу-әдiстемелiк материалдардың қорлары: оқу әдебиеттерiн, оқу мiндеттерi мен тапсырмаларын, видеофильмдердiң тақырыптық жинақтарын, оқу-көрнекi құралдарын, бақылау карточкаларын, оқыту бағдарламаларын, семинарлардың жоспарларын, эмтихан билеттерiнiң жинағын, практикалық тапсырмаларды және басқа да оқу әдiстемелiк материалдар мен құжаттарды суреттеудi қамтиды. Қорлар әр сабаққа (мамандыққа) жасалады. Олардың құрылымы жеке әдiстемелердiң мазмұнына байланысты болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет