Қосағаш ауылдық округінің әлеуметтік экономикалық дамуының 2014 жылғы қорытындылары және 2015 жылға алда тұрған міндеттері



Дата23.02.2016
өлшемі55 Kb.
#4086
Қосағаш ауылдық округінің әлеуметтік - экономикалық

дамуының 2014 жылғы қорытындылары және 2015 жылға

алда тұрған міндеттері

Құрметті ауыл тұрғындары !

Сіздерді халқымыз үшін қасиетті төрт түліктің бірі - Қой жылымен шын жүректен құттықтаймын!

Жаңа жыл баршаңызға мықты денсаулық сыйлап, отбасыларыңызға бере-бірлік, кең пейіл, кетпес ырыс әкелсін ! Еліміз аман, жеріміз тыныш болып, Отанымыз өркендей берсін.

Бүгінгі ауыл тұрғындарының жалпы басқосуында көтерілетін мәселе ауыл әкімшілігі аппаратының 2014 жылы атқарған жұмыстары мен халыққа көрсеткен қызметтерінің есебі және 2015 жылы атқаратын жұмыстарының жоспары .



Құрметті халайық !

Еліміз гүлденіп, мемлекетіміз көз алдымызда дамып келеді. Таяуда ғана Қазақстан Республикасының Президенті –Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдаған «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» - атты Жолдауы елімізді экономикалық дағдарыстан әр түрлі қиын жағдайлардан алып шығудың нақты жолдарын айқындап, еліміздің дамуының негізгі бағыттарын белгілеп берді. Жолдаудың негізгі бағыты Қазақстан халқының әл-аухатын арттыру, ел экономикасын көтеру. Бүгінгі отанымыздың жетістіктері - әрбір азаматтың ұлттық мақтанышы. Осыншама жетістікке ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіріп отырған сіздердің де үлестеріңіз бар.



Қадірменді халайық !

Қосағаш ауылдық округіне қарасты 3 елді мекен болған тұрғылықты халық санына байланысты 2 елді мекен Қарабұлақ, Егіндібұлақ қысқарды. Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы аясында, потенциялы төмен елді мекендерден даму қарқыны жоғары елді мекендерге 4 жанұя Өскемен. Семей қаласына қоныс аударды. Округтегі тұрғындар саны 802, 228 жанұя есепте тұрады. 2014 жылы 7 бала дүниеге келді. Былтыр 9 бала дүниеге келген. Бұл жөнінен биылғы көрсеткіш төмен. Өткен жылы 4 адам дүниеден озып табиғи өсім 3 –ті құрады. Өкінішке қарай бала туу жылдан-жылға төмендеп келеді

Қосағаш ауылы негізінде мал шаруашылығымен ғана айналысатын ауыл. Биылғы жылдың 1- қаңтарына ірі қараның басы 2050 - ге жетті. Былтырғы жылдан 101 пайызға көбейді. Қой – ешкі 12735 бас, 100 пайыз, Жылқы 1118 басқа жетіп, өсім 121 пайызды құрады. Мал басының өсуіне байланысты малдан алынатын өнімде артуда. Ет өндіру 111 пайызға өсіп 6766 центнерге жетті , Сүт 101 пайызға өсіп 1808 центнерді , жүн 100 пайызға өсіп 247 центнерді құрады. Жұмыртқа 128 мың дана 101 пайызды құрады.

Қосағаш ауылдық округі бойынша Ветеринариялық жұмыстың сапалы атқарылуына толық жағдай бар. Жаңа НИВА автомашинасы, копьютерлермен қамтамасыз етілген. 2014 жылы ветеринариялық іс-шаралардың жоспары толықтай орындалды. Бруцеллез ауруына 2200 бас мүйізді ірі қара малынан және 550 бас бұзаудан, 10000 бас ұсақ малдан қан алынып, серологиялық тексеруден өтті. Тексеру қортындысында 5 бас ірі қара малы «оң» нәтиже беріп бруцеллез ауруына шалдыққаны анықталды. Мал дәргерлік ережеге сай ауру малдар 5 күн ішінде сойылып, қан—жыны, ішкі органдары жойылды.

4000 бас ұсақ мал, 550 бас бұзау сырғаланып компьютерлік базаға енгізілді. Сырғадан 330000 теңге бюджетке құйылды.

2014 жылы ауыл тұрғындарынан және шаруа қожалықтарынан жиналатын салық дер кезінде жиналды. Жеке тұлғалардың мүлік салығы 18368 теңге , жер салығы 38060 теңге транспорт салығы 250 мың теңге көлемінде 100% болып 1 сәуірге жиналды. Шаруа қожалықтарының жер салығы 60200 теңге, зейнетақы қорына 750 мың теңге, әлеуметтік салық 150060 теңге аударылды.

Қосағаш-Мәдениет-Бидайық тораптық су жүйесі жұмыс істеп тұр. Қазіргі уақытта барлық мүмкіндікті пайдаланып жұмыс істетіп отырмыз. Үш ауыл ауыз сумен толық қамтамасыз етіліп отыр. Қатты аяздарда қатып қалмау үшін насостар- дың жұмыс істеуі бақылауда. Қазіргі таңда электр энергиясына берешегі жоқ.

Клуб, кітапхана халыққа қызмет жасап тұр. Кітапханамызда 2356 кітап қоры, тұрақты 168 оқырманы бар. Клубқа жаңадан электер желісі тартылып, электр энергиясымен толық қамтамасыз етілді теплофондар жұмыс істеп тұр. Жылу қалыпты жағдайда. Ауылда өтетін іс-шаралардың барлығы клуб үйінде атқарылады. Биылғы жылға 42 іс-шара ұйымдастырылып, өтті. Ауылымыздың азаматы Құрышбек Жамбыл, Аягөз қаласында өткен өткен «Жігіт сұлтаны» байқауында бас жүлдеге ие болды.

2014 жылдың қыстамасы ауыл тұрғындарына жайлы болды. Ауыл тұрғындары қыстан қысылмай шықты «Ақтоған» су жүйесі Өскемен қаласының «Шығыс су қоймалары» КМК -ның теңгеріміне беріліген. Биылғы жылы Ақтоған каналының іске қосылуына арқасында мал азығы алыстан тасымалданбай, іргедегі «Қаратөбе» учаскесіндегі суғармалы жердің әр гектарынынан 20 центнерден өнім алудың арқасында дайындап алдық. Ауыл тұрғындарының малы, мал азығымен толық қамтамасыз етілді. Судың молдығы арқасында өнім бітік шықты. Жаздай 2 мал қорушы ұстап, мал таптауынан қорыдық. Оларға еңбек ақы алуына жағдай жасап, мініс атпен қамтамасыз еттік.

Құрметті ауыл тұрғындары !

Өскелең ұрпаққа сапалы білім саналы тәрбие беруде «Ш.Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мекемесі «Оқу – тәрбие үрдісінде жаңа тиімді технологияларды енгізу арқылы шығармашылық шыңдалуға жету» тақырыбымен жұмыс жасап келеді. 25 мұғалім, оның ішінде 23 жоғары білімді, 2 арнаулы орта білімді. Жоғарғы санатта 5-еу, бірінші санатта 14, екінші санатта 5, санатсыз 2. Мектепте 154 оқушы бар. «Балапан» бағдарламасы бойынша ашылған шағын орталықта 50 бала. жұмыс жасайды. Мектепалды даярлық тобында 13 бала, 2013-14 оқу жылында мектепті 11 оқушы бітірді. Ұлттық Бірыңғай Тестілеуге қатысқаны -9. «Алтын белгі» белгісінде 3 үміткер болды, тест қортындысы бойынша 1 оқушы атап айтсақ Тлеулі Шұғыла 111 ұпай жинап, «Алтын белгі» белгісін қорғады. Мектеп бойынша орташа ұпай саны-86 пайыз үлгерім көрсетті. Мектептер арасында 9 орын. 11 мұғалім біліктілік арттыру курстарынан өтті. Қашықтық олимпиадаларға мұғалімдердің 48 пайызы қатысып, үздік нәтижеге қол жеткізді. Кәсіподақ, аудандық білім беру бөлімінің мақтау қағазымен марапатталды. Мектеп оқушылары аудандық вокалдық сайыста ІІІ, әдемі жазу сайысында ІІІ, «СОЧИ-2014» көрмесінде ІІ, би фестиваль байқауында ІІ, «Отбасы-шағын мемлекет» атты аудандық шығармалар сайысында ІІІ, «Тәуелсіздік-ел тұғыры» атты аудандық көрмеде ІІІ –ші орындар алуға жетісті. Спорттық ойындарда жоғарғы жетістікке жетуде. Көп балалы отбасыдан шыықан Тұрсынова Ақерке облыс әкімінің жаңа жылдық шыршасына, Аягөз ауданы әкімінің жаңа жылдық шыршасына Тлекберген Ақниет пен Саметов Нұрдәулет қатысты. Бұның бәрі мектептің білім деңгейінің жоғары екенін көрсетеді. Мектебіміздің білікті мұғалімдерінің еңбегінің нәтижесі.

Бір жыл ішінде 18-ге толмаған балалары бар 26 жанұяның 78 баласына 1 млн. 820 мың теңгенің балалар жәрдемақысы төленді. 2 жанұяға 825 мың теңгенің әлеуметтік адрестік көмегі жасалынды. 44 жанұяға 784400 мың теңгенің тұрғын үй жәрдемақысы төленді. Өрлеу бағдарламасы бойынша 8 адам тіркеіп, қыркүйек айынан бері 846663 теңге төленді. Алған қаржысының 50 пайызына мал сатып алып, келешекте отбасының әл-ауқатының артуына жағдай жасауда. Аягөз аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы арқылы 2 жүргізуші мамандығына, оқыды.

Почта, байланыс мекемесі өз деңгейіне жұмыс жасауда. телефон нүкте-лерінің үздіксіз жұмыс жасайды. Алдағы жылы цифравой байланысқа көшіріледі деп отыр. Ол кезде интернет желісі артып, теледидар каналдары көбейеді, жақсарады деген жаңалық бар. Газет журналға жазылу бұрынғы деңгейден түсіп отырған жоқ. Баспасөзге жазылу жөніндегі берілген тапсырма орындалуда.



2015 жылға жоспарланып отырған жұмыстар 1 көше жолдарын жасау үшін сметалық құжаттары жасалып, оған Республикалық бюджеттен 1 млн. 46 мың теңге бөлінетін болып отыр. 18 млн. теңгеге Жеңіс саябағын қайтадан жасап шығаруға жобалық сметалық құжаттары жасалып, 2014 жылға берілген, қаражатқа байланысты 2015 жылға жасалады деп отырмыз. Ең негізгі мәселе тойхана құрлысы, аудан әкімінің көмегі арқасында Баршатастағы ғимараттың құжаттары заңдастырылып, құрылыс материалдары толық тасылынып алынды. Көктем шыға ауылдан шыққан азаматтардың демеушілігімен құрлыс жұмысын бастамақшымыз.
Қадірменді ауыл тұрғындары !
1 жыл бойы атқарылған жұмыстар,көрсетілген қызмет түрлері барлықтарыңызға белгілі. Ауылға атқарған жұмыстар біршама, ал атқаратын жұмыстар сан-салалы, одан да көп. Кемшіліктерде жоқ емес. Сол жұмыстарды атқаруда сіздердің тараптарыңыздан ақыл кеңес көптеп көмек болатынына сенімдімін. Тәуелсіз еліміздің көк байрағы мәңгілік желбірей берсін. Жаңа - жыл баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға бақыт , амандық әкелсін. Әр шаңырақтың шырағы жарқырай жанып, береке, бірлік, молшылық болсын. Шығарып салып отырған жылымыздың жүзі жылы, шаттық-шапағаты мол жыл болды. Осы жылда ләйім сол болсын !
Тыңдағандарыңызға рахмет !

Баяндама аяқталды. Баяндамшығы қоятын сұрақтарыңыз бар ?

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет