Қош келдің, әз Наурыз! Тәрбие сағатының мақсаты



бет2/5
Дата14.03.2024
өлшемі54 Kb.
#495590
1   2   3   4   5
Қош келдің, әз Наурыз!

Жүргізуші: Иә - бұл то кезінде бағзы замандарда Орта Азия әкімдері замандарында қамауда жатқан телі-тентектерді, қылмыскерлерді бостандыққа жіберіп отырған. Сөйтіп, наурызды қазақ, өзбек, қарақалпақ, чуваш, түркімен т. б. түркі халықтары бір мезгілде, бірдей дерлік ұланасыр шаттықпен атап өткен. Той күндері кәрі – жас бірдей ауыл – ауылды аралап жүріп, бір – бірлерін құттықтасады.Қарттарға ел ағаларына өгіздің шекесі тартылып, жігіт-желеңде «наурыз көже» ішетін.той тамашасында түрлі – түрлі ойын – сауықтар ұйымдастырған екен. Қазақ жерінде «Наурыз» мейрамы 1926 жылға дейін өткізіліп тұрған. Одан кейін белгісіз бір себептермен ұмыт қалған. Ал Орта Азия Республикасында «Наурыз» көктем, еңбек мейрамы ретінде алпысыншы жылдардың басынан бері тойланып келеді екен.

али



1-Жүргізуші: Малдар төлдеп , қой қоздап,
Сүттен бұлақ ағызған.
Жаңа жылдың сипаты,
Молшылыққа аңыз боп,
Басталыпты Наурыздан,
Қашанда құт – береке орнасын деп,
Тойларда шашу салты елімнің.
Уа, халайық, теріп ал мәмпәсиді,
Қабыл қылсын халқымның ақ тілеуін.
Шашу шашу.Көп шашайық шашуды,
Жауғандай көк аспаннан нөсер жаңбыр.
Уа жамағат, жинап ал несібеңді,
Ризашылық болсын көл – көсір.
(Осы сөздерден соң қазақ киім киген қыздар тойбастар әнін айтып келеді де ән соңында шашу шашылады.)
2 – Жүргізуші: Тыңдаңыздар .Тыңдаңыздар.
Босқа қарап тұрмаңыздар.
Наурыз тойы басталды.
Қызықтан тыс қалмаңыздар.
Жаңғырғаны сананың
Ұмытады мұны кім.
Ата – салтын бабамның,
Алып келді Ұлыс күн – дейді, ауылымыздың әкіміне сөз беріледі.
1 – Жүргізуші: Наурыз мейрамы жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.
Жарығымен, шуағымен күн – Ана,
Жыр сыйлаған , нұр сыйлаған.
Қастерледік, қадіріңді білдікте
Құтты болсын ұлы күн жұмылдырған
Бәрімізді ынтымақ пен бірлікке – деп кезекті әңгімеге береміз. «Қош келдің Наурыз»- әңгімелейтін Сарымбай Аңсаған №16 орта мектептің 5 сыныбынан.
(Наурыз туралы оқылады.)
ерназар
1 – оқушы: Жай далаға алаша,
Наурыз келді тамаша.
Кәрілер де жастар да,
Қуанады балаша.
Әр үйде кісілер ,
Наурыз көже пісірер.
Табиғат та иіп,
Күн шапағын түсірер.
2 – оқушы: Наурызым армысың,
Қызығыңа тоймаған.
Дархан дала қарлы шың,
Мерекені байырғы,
Алды халқым хабарлап,
Ошақта от жалындап.
2 – Жүргізуші: Келіңіздер, Наурыз күнін
Қарсы алайық, билейік.
Жыр жырлайық, ән салайық.
Ән: Шаймерденова Асел №16 орта мектебінің 10 сыныбы.Ақтамақ.
н9ржигит
1 – Жүргізуші: Ұлыс күні кәрі жас,
Құшақтасып көріскен.
Жаңа ағытқан қозыдай,
Жамырасып өріскен.
Би: «Сұлу ханшайым».
(Би биленіп біткен кезде.Алдар көсе, Қожанасыр)
2 – Жүргізуші: Тойымызға алыстан келіп отырған қонақтарымыз Алдар көсе мен Қожанасырдың тілер тілектерін қабыл алыңыздар.
Алдар көсе: Көл жиналып тамшыдан,
Теңіз толсын қаңсыған,
Құт – береке кетпесін
Диқан менен иалшыдан.
Бақыт ашып қақпасын,
Мәңгі – бақи жаппасын,
Пәле жала қазақты
Іздесе де таппасын
Бүлдіршіндер көбейіп
Өркендей берсін жеріміз.
Батыр туған ерлермен
Көркейе түссін еліміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет