Қош келдің, әз Наурыз! Тәрбие сағатының мақсаты


Қазақтың түрлі – түрлі дәстүрі бар, Оның сырын ашқанға жұрт қызығар. Жауаптарын таба ма екен ата – аналар, Сол себептен қоятын сұрақтар бар



бет5/5
Дата14.03.2024
өлшемі54 Kb.
#495590
1   2   3   4   5
Қош келдің, әз Наурыз!

Қазақтың түрлі – түрлі дәстүрі бар,
Оның сырын ашқанға жұрт қызығар.
Жауаптарын таба ма екен ата – аналар,
Сол себептен қоятын сұрақтар бар.

Наурызшешек – наурыз айында өсетін жапырақты түрлі – түсті гүлді, қауашақты әсем шөп. Майының дәрілік қасиеті бар. Қазақстанның таулы аймақтарында оның бірнеше түрі өседі. «Наурызшешек» «Қызыл кітапқа» енген, сирек кездесетін, бағалы өсімдік.
Наурызкөк – наурыз айында ұшып келетін көктем құсы. Қарасы шағын ғана, осы құсы шығыс елі күтіп жүреді. Оны алғаш көргендер «Наурыз келдің бе?» деп шақырып, жем шашады. Наурызкөкті ешкім қумайды, үркітпейді.
Наурызнама – шат – шадыман, ойын-сауық. Тойда ат – жарыс, палуан күрес, басқа да спорт сайысы, айтыс, түрлі ойындар өткізіледі, көңілді жұмбақтар, ән, өлеңдер, наурыз жырлары айтылады. Наурызнамада қыз – жігіттер жиналып, бас қосып, ұйқыашар әзірлейді. Ол ет, уыз сияқты дәмді тағамдардан жасалады. Жігіттер қыз – келіншектерге сақина, сырға, айна, тарақ сияқты сыйлықтар береді. Оны «селтеткізер» деп атайды. Бұл дәстүрлі сыйлықтағы айна – пәктік пен жастықтың, тарақ – әдемілік пен сұлулықтың, иссу – бүршігін жаңа жарған жауқазындардай құлпырудың, жайнай түсудің белгісі.
Бұл күні қарттарға арналып жылы – жұмсақ тағамдардан «бел көтерер» деп аталатын дәм дайындалып, тартылады.
Наурызша - Наурыз айында жұп – жұқа, қиықша қырбық қар түседі. Оны халық «наурызша» деп атайды.
Наурыз көже – Наурыз тойына тән көпшілікке арналған мерекелік тағам. Оны әр үй жеті түрлі дәмнен: сүт, ет, су, тұз, тары, құрт, жеміс, т.с.с тағамдардан жасап, оған қазы шұжық сияқты сыйлы мүшелер қосып, мерекемен құттықтауға келгендерге ықыласпен ұсынады. Наурыз көженің дәстүрлік, мерекелік, ұлттық тағылымы өте зор.
Қазақтың түрлі – түрлі дәстүрі бар,
Оның сырын ашқанға жұрт қызығар.
Жауаптарын таба ма екен ата – аналар,
Сол себептен қоятын сұрақтар бар.
1. Ертеде жеті жігіт жеті шырақ жағып, ауылды аралайды екен. Неліктен? (Жауабы: Жаманшылық ескі жылмен кетсін деген ниетпен жеті шырақ жағып ауылды аралаған.)
2. Наурыз күні дастархан үстінде қандай тағамдар болуы керек? (Жауабы: Наурыз көже, бауырсақ, жеті нан, қазы-қарта т.б.)
3. Наурыз тілек деген не? (Жауабы: наурыз тілек – достық көңіл мен тілектестіктің, адамгершіліктің, белгісі әр тойдың жарасты салтының бірі ретінде айтылған. Әр адам өзіне, отбасына немесе туыс – туғандары мен дос – жарандарын Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, жақсы тілек тілейді, бір – бірінің үйіне кіріп дәм татады)
4. Қыдыр ата қай күні адамдар арасына келетін болған? (Жауабы: 21 наурыз)
5. Наурыз бата дегеніміз не ? (Жауабы: халықта батаның түрлері көп. Соның бірі – Наурыз бата. Мұнда наурызнама өткізгендерге осы күнге арнап, «наурыз көжеге» шақырғандарға, тойда өнер көрсеткен ақын, әнші, палуандарға т.б. өнерпаздарға, жас талапкерлерге ақсақалдар мен әжелер, ел ағалары бата береді)
Наурыз белгілері:

Наурыз күнгі тағам – “Наурызкөже”


Наурыз күнгі айтылатын ән: “Жарапазан”


Наурыз күнгі жауған қар – “Наурызша”


Наурыз күнгі дыбыс, жылы ағыс – “Әз”


Наурыз күнгі тілекті қабыл қылатын қария – “Қызыр ата”


БҰЛ КҮНІ:


Сапарға шықпайды;


Ешкіммен ренжіспейді;


Жаман, блапыт сөздер айтпайды;


Жаман қылықтар көрсетпейді.


Шаш, тырнақ алмайды.


Іс тікпейді, Кір жумайды


БҰЛ КҮНІ:


Күн мен түн теңеледі


Ренжіскен адамдар достасады


Жақын туыстармен дәм алысады


7 түрлі дәмнен Наурыз көже дайындайды




Ат шаптырып, балуан күрестіріп, қыз қуып, қол күрестіріп үлкен той жасайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет