Оқшау сөздер, ТҮрлері қазақстан республикасының жоғары білім және ғылым министрлігі



бет2/4
Дата01.06.2024
өлшемі1.4 Mb.
#502179
түріҚұрамы
1   2   3   4
Оқшау сөздер

ҚОЛДАНЫЛУ АЯСЫ: диалогтарда, шешендік сөздерде, үндеуде, поэзияда және түрлі хаттар мен іс-қағаздарда.
Айтылған ойдың кімге арналғанын, кісінің оған назарын аударумен қатар, олар сөйлеушінің көңіл-күйін, модальдылықты, кісінің сезімін білдіреді.
1. Қаратпа қызметінде жұмсалатын сөздер, көбінесе кісінің аты, фамилиясы, әкесінің аты және кім? деген сұрақ қоюға болатын шырақ, нағашы апа, жолдастар, балалар, оқушылар сияқты зат есімдер. Олар бұл қызметте түбір күйінде, көптік, тәуелдік жалғаулы қалпында - атау септігінде жұмсалады.
Мысалы: Аружан, жылдың үздік студенті болуыңмен құттықтаймыз!
Балалар, оқу жылы аяқталды, сау болыңыздар!
2. Біреуді жақсы көріп, жылы лебіз білдіру үшін қаратпа орнына қалқам, күнім, айым, сәулем, сәулетай, ботам, құлыным, қозым сөздері балама ретінде жұмсалады.
Мысалы: Аман бол, қалқам! Ботам, абайлап жүр!
ҚАРАТПА СӨЗДЕРДІҢ ЖҰМСАЛУЫ
3. Көркем әдебиетте, әсіресе, өлеңдерде дала, Отаным, өлең, домбыра сияқты не? сұрағы қойылатын жансыз зат есімдер не жанды заттың баламасы ретінде қаратпа сөз қызметінде жұмсала береді.
Мысалы: Арылса, өлең, арылма.
Домбырам, күйден жаңылма. (Жамбыл)

4. Кейде, әсіресе, әрі сұраулы, әрі лепті сөйлемдерде, қаратпа сөздер қайталақтанып не басқа сөзбен алмастырылып екі рет айтылуы мүмкін.
Мысалы:_Ау,_Бота,_шырағым'> Мысалы: Ау, Бота, шырағым, мұны қалай түсінеміз?
Бала, ай бала, қайда жүрсің?
Қаратпа сөз сөйлемнің басында келгенде:
Қаратпа сөз сөйлемнің ортасында келгенде:
Қаратпа сөз сөйлемнің соңында келгенде:
одан кейін үтір не леп белгісі қойылады. Мысалы: Жолдастар! Сөз кезегі Ақниетке берілді. Жан серігім- домбырам! Жанымдай жақсы көремін.
оның екі жағынан үтір қойылады. Мысалы: Ризамын, қызым, ризамын!
одан бұрын үтір қойылады. Мысалы: Сен менің айтқанымды оған жеткіздің бе, шырағым?
ҚЫСТЫРМА СӨЗ
Сөйлемде айтылған ойға, оның айтылу амалына жазушының, сөйлеушінің қалай қарайтынын білдіретін оқшау сөздер.
Қыстырма сөз сөйлемде ерекше интонациямен айтылады, әрі басқа сөздерден оқшауланып тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет