Оқшау сөздер, ТҮрлері қазақстан республикасының жоғары білім және ғылым министрлігі


ҚЫСТЫРМА СӨЗДЕРДІҢ МАҒЫНАСЫНА ҚАРАЙ ЖІКТЕЛУІ



бет3/4
Дата01.06.2024
өлшемі1.4 Mb.
#502179
түріҚұрамы
1   2   3   4
Оқшау сөздер

ҚЫСТЫРМА СӨЗДЕРДІҢ МАҒЫНАСЫНА ҚАРАЙ ЖІКТЕЛУІ:
1. Кісінің көңіл-күйін, сезімін білдіретін қыстырма сөздер: несін айтасың, бақытымызға орай, алам қанша т.б. Мысалы: Бақытымызға орай, билеттер ерте табылды.


2. Айтылған ойға нануды, жорамалдауды білдіретін қыстырма сөздер: әрине, әлбетте, рас, сөз жоқ, сірә, мүмкін, шамасы, расында, шынында шынын айту керек, өзіңіз білесіз т.б. Мысалы: Біз, әлбетте, емтиханға мұқият дайындаламыз.
3. Ойдың айтылу амалын, тәсілін білдіретін қыстырма сөздер: қысқасы, сайып келгенде, былайша айтқанда, жалпы алғанда, демек, ендеше т.б. Мысалы: Қысқасы, барлығымыз сынаққа сақадай саймыз.

4. Айтылған ойға басқаның не айтушының пікірі тұрғысынан қарағандықты білдіретін қыстырма сөздер: сіздіңше, меніңше, мен білсем, оның айтуына қарағанда, айтуы бойынша т.б. Мысалы: Менің білуімше, әкем мені қатты сағыныпты.

5. Айтылған ойлардың өзара арақатынасын білдіретін қыстырма сөздер: бірінші(ден), екінші(ден), ақырында, керісінше, сөйтіп, мысалы т.б. Мысалы: Біріншіден, біз ұйымшыл топпыз.
Қыстырма сөз сөйлемнің басында келгенде:
Қыстырма сөз сөйлемнің ортасында келгенде:
Қыстырма сөз сөйлемнің соңында келгенде:
одан кейін үтір қойылады. Мысалы: Байқаймын, басқа қалада оқуда жүріп азып кетіпсің.
оның екі жағынан үтір қойылады. Мысалы: Мен ескертейін, шын мәнісінде, бұл біздің соңғы ұзақ демалыс.
одан бұрын үтір қойылады. Мысалы: Біз бір үйдің баласындай болып кетіппіз, мойындау керек.
Қыстырма сөздердің бірқатары сөйлемдегі сөздерге қатысына қарай кейде сөйлем мүшесі қызметінде де жұмсалады. Ондайда, оқшауланбайды, сол себепті, үтір қойылмай жазылады.
ОДАҒАЙ СӨЗ
Кісінің сезімін, көңіл- күйін, еркін білдіретін, дербес грамматикалық тұлғалары жоқ оқшау сөздер.
«Одағай» деп аталуы да бекер емес: сөйлемдегі сөздермен синтаксистік байланыста болмайды және белгілі сөйлем мүшесінің қызметінде жұмсалмай, олардан оқшауланып, өзгеше әуенмен айтылып, басқа сөздерден бөлек тұрады.
Одағай сөз сөйлемнің басында келгенде:
Одағай сөз сөйлемнің ортасында келгенде:
Одағай сөз сөйлемнің соңында келгенде:
одан кейін үтір, леп белгісі қойылса, келесі сөз бас әріппен жазылады. Мысалы: Әттеген-ай! Анамның туған күнінде жанында бола алмадым.
оның екі жағынан үтір қойылады. Мысалы: Сүйікті мұғалімімізді, әттең, келесі семетр көре алмаймыз.
одан бұрын үтір қойылады. Мысалы: Анам мені дәмді асымен күтіп алса ғой, шіркін-ай!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет