Osi үлгісі желінің іс-әрекетінің негізі


Өкілдік деңгей (Presentation)



бет2/4
Дата11.01.2023
өлшемі49.67 Kb.
#468327
1   2   3   4
титулка

Өкілдік деңгей (Presentation) немесе деректерді ұсыну деңгейі желі бойынша деректерді тапсыру үшін ыңғайлы пішінге, деректер пішімін, синтаксисын анықтайды және қайта құрады, яғни аударушының қызметін орындайды. Осында деректерді шифрлеу және шифрын анықтау орындалады, ал қажеттілік туса, оларды қысуды орындайды;




  • Сеанстық деңгей (Session) байланыс сеансын өткізуді басқарады (яғни, қосымшалардың әрекеттестік сеансын орнатады, сүйемелдейді және тоқтатады). Және де бұл деңгей абоненттердің қисынды аттарын таниды, оларға пайдалануға берілген рұқсат алу құқықтарын бақылайды. Сеанстық денгей бақылау нүктелерін (check-points) деректер ағынында орналастыру арқылы пайдаланушылардың есептері арасындағы синхронизацияны жасақтайды. Сонымен, желілік қателік жағдайында соңғы бақылау нүктесінен кейінгі деректерді ғана қайта тапсыру керек болады. Бұл деңгейде әрекеттескен процестер арасында диалогті басқару орындалады, демек қай жақ тапсыруды жузеге асырады, қашан, ұзак па, т.б. жөнге салынады;



  • Транспорттық деңгей (Transport) пакеттерді қажетті кезекпен қатесіз және шығынсыз жеткізуді қамтамасыз етеді. Осында тапсырылған деректерді пакеттерге орналастырылған одақтарға (сегменттерге) бөлу (сегменттеу) және алатын деректерді қалпына келтіру шығарылады. Хаттамалардың транспорттық деңгейдегі екі түрі бар: сегменттейтін хаттамалар және дейтаграммалық хаттамалар. Транспорттық деңгейдің сегменттейтін хаттамасы бастапқы хабарламаны транспорттық деңгейдің деректер одағына - сегментке бөледі. Транс­порттық деңгейі бар мұндай хаттамалардың басты функциясы - осы сегменттерді тағайындау объектісіне дейін таратуды және хабарламаны бұрынғы қалпына келтіруді қамтамасыз ету. Дейтаграммалық хаттамалар хабарламаны сегменттемейді және оны «дейтаграмма» деп аталатын бір кезекпен жібереді. Ағынды басқару сенімді транспорттық хаттамалардың маңызды функциясы болып табылады, өйткені бұл механизм тұрақсыз құрылыммен желі бойынша тапсыруды жасақтауға мүмкіндік береді. Ағынды басқару деп хабарлағыштың міндетті түрде сегменттердің шектелген санын қабылдауды мақұлдайтын қабылдағыштың жауабын күтуді түсінеміз. Қабылдағыштан қабылдауды мақұлдайтын жауапты күтпей-ақ, хабарлағыш жібере алатын сегменттер саны терезе деп аталады;



  •  Желілік деңгей (Network) пакеттердің адрестелуіне және қисынды аттарды физикалық желілік адрестерге аударуға (немесе керісінше), сонымен қатар жоғары деңгейдегі берілген хаттамалардың одақтары (пакеттер) тағайындалуы бойынша жеткізілетін сапар желісін таңдауға (егер желіде бірнеше сапар желілері болса) жауап береді;


1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет