АТҮСТІ ДЕБАТ
Қалыптастырылатын дағдылар:
Жалпы сипаттама
Бұл әдіс сұрақтарға қатысты әртүрлі пікірлер мен эмоцияларды зерттеуге көмектеседі. Оларды белгілі тақырыптың кіріспе бөлімі ретінде пайдаланып, оқушылардың қызығушылығын, қарастырылатын сұрақ бойынша негізгі түсінігін бағалау үшін пайдалануға болады. Олар оқушылардан сұраққа қатысты өз ұстанымын білдіруді талап етеді және де олар пікірлерін білдірмесе де, әрбір адамның өз ойын ортаға салу құқығы бар. Оқушылар түсініксіз және белгісіз нәрселерді кездестіреді, бұл оларға өз пікірлерін талқыланатын сұрақ туралы білімдерімен негіздеу қажет екендігін түсінуге көмектеседі. Атүсті дебаттың алуан түрі бар. Ең кең тарағаны төменде сипатталған «Төрт бұрыш дебаты» болып табылады. Сондай-ақ «Спектрлік пікірталас», «Құндылықтар спектрі» және «Ақиқат пен жалған» деген түрлері бар.
Сыныпты жоспарлау
Қозғалу және сөйлесу үшін үлкен кеңістік қажет. Немесе жеткілікті орын болмаса, оқушыларға төрт пікір жазылған карточка беріледі (келісемін, келіспеймін, толық келісемін, үзілді-кесілді келіспеймін). Әрбір ой айтылғаннан кейін оқушылар белгілі бір карточканы көтеруге тиіс.
Жұмыс алгоритмі
Бірқатар тұжырымдар оқылады да, әр тұжырымды әртүрлі бұрышқа телиді.
Оқушыларға бұл тұжырымдарға қатысты өз пікірлерін ойлануға уақыт беріледі.
Бұдан кейін оқушылар өзі келісетін пікірдің бұрышына барады. Оқушылар «тобыр» соңынан еріп жүрмеулері керек, өйткені бұл жерде дұрыс, бұрыс жауап жоқ.
Пікірлер оқушыларға ой салуға тиіс (мысалға, «барлық футболшылар тым көп ақша табады» деген ойға қарағанда, «футболшылар тым көп ақша табады» деген ойды пайдаланған жақсы, өйткені екінші пікірталас тудыруға мүмкіндік береді).
Оқушылар осы бұрышты неге таңдағанын түсіндірулері керек. Барлық төрт бұрыштың пікірін тыңдау қажет.
Күрделі сұрақтарды қарастыру үшін, не алғашқы ойды мұқият талдау үшін қосымша сұрақтарды пайдалануға болады.
Әрбір пікірді талқылау кезінде туындаған сұрақтар өздерінің алғашқы көрқарастарына шүбә келтірген жағдайда, оқушылар орын ауыстыра алады.
Егер оқушылар пікірлерін өзгертіп жатса, неге екенін түсіндірулері керек.
Тапсырманы орындағаннан кейін жүргізілетін жауап алу барысында келісімге қол жеткізілген сұрақтарды және сыныпты бөлген сұрақтарды талқылауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |