Аурудың белгілері: бұл ауру ұрғашы, еркек және жұмысшы аралардың личинкаларына бірдей залалын тигізеді. Микроб ұяға түскен соң өсіп-өнеді де бір жеті-он күннен кейін кәрез ұяшаларының әр жерінде бірлі-жарым ұяшаның жабылмағаны, немесе аралардың кеміріп ашып тастағаны, сондай-ақ ішінде өліп жатқан өсіп қалған личинка байқалады. Осындай ұяшалар күннен күнге көбееді де, кәрез беті ала-құла болып, сау личинкалардың жас мөлшері біркелкі болмай шығады. Кейбір жабық ұяшалар ойыстанып, қақпақшасы 2-3 жерден тесіледі. Ауруға шалдыққан личинкалар сарғыш тартып білеуленіп, теңбілденбей қалады. Тіпті 2-3 күн өткен соң күңгірт тартып, қарая бастайды. Сыртқы терісі жыртылып, қоймалжың шірікке айналып, ұя түбіне жабысып қалады. Шығарғанда 5-10 сантиметрге дейін сағыздай созылып күлімсі иіс (ағаш желімі немесе шіри бастаған алманың иісі тәріздес) шығып тұрады.
Ауруды анықтау. Ауру тегін егжей-тегжейлі білу үшін кәрез бетінің ауырған личинкалар басым жерінен 10*15 см кесіп орамай жәшікке салып мал дәрігерлік лабораторияға жөнелтеді. Жолдама хатта материалдың қай кезде алынғаны, омартаның тұрған орны, ара семьясының номері, байқалған өзгерістер, шаруашылық аты, байланыс бөлімшесінің инексі көрсетіледі.
Емі, сақтандыру шаралары және санитарық бағасы. Егер америкалық шіріме бұл омартада тұңғыш рет, онда да бір ара семьясында ғана пайда болғаны анықталса, онда сол ұяның араларын күкірт түтіні немесе формалинмен уландырып өртейді. Ал ауру көптеген ара семьяларын қамтып, етек ала бастаса омартаны бір жылға карантинге жабады. Барлық ара семьяларын жаңа немесе зарарсыздандырылған таза ұяға көшіріп мынадай дәрілердің бірімен емдейді: норсульфазол натрий 1-2 г, сульфантрол 2,0 г, биомицин, неомицин, тетрациклин, эритромицин, окситетрациклин, мономицин, стрептомицин 500 мың, канамицин 400 мың, метицилин 350 мың ЕД өлшемімен алынып, 1 литр қант ерітіндісіне қосылады да қашан жазылғанша әр 4-5 күннен соң беріледі.
Басқа омартадағы ара семьяларының балы сау болып есептеуге болады, оларды жеке арнайы орындарда сақтайды, аралардан бөлек. Осындай бал қыс кезінде тоқашнан және кондитерлік өнімдер өндірісінде қолданылады. Араларға осындай балды қоректендіруге болмайды.
Еуропалық шіріме
Қазақстандағы көптеген омарталарда кездеседі. әсіресе оңтүстік аймақтарда, жаздың бірінші жартысында жиі байқалады. Шіріменің бұл түрінде негізінен жас, ашық ұяшалардағы личинкалар ауырып, қырыла бастайды.
Қоздырғышы. Вас альвей, стр.апис.көп жағдайда стр.плутон микробтары қосылып, ауруды едәуір асқындырады. Ауру жоғарыда айтылғандай жаздың бірінші жартысында кездеседі. Егер ара семьясы күшті, өсіп-өнуі жақсы болса, ауру өзінен өзі басылады. Кей жағдайларда шіріменің екінші рет күз айларында қайталануы мүмкін. Бұл жағдайда асқынаасқына аяғы америкалық шірімеге ұштасып, ұяда ұрықтардың, балапан аралардың санын азайтып, ара семьясына орасан зор зиян келтіруі мүмкін. Аурудың көзі - ауырған ара семьясы. Бөлек ұяларға ауру үйір бөлінгенде, «барымташы» аралар, құрт-құмырсқа, айырқұйрық және басқа жәндіктермен де таралады. Кейбір жағдайда ұяның суықтығы, ұзақ уақыт ара семьясының ашығуы, қоректік заттардың тапшылығы, еркек, ұрғашы аралардың туыстық жақындығы аурудың жіті түрінің өршуіне әкеп соқтырады.
Аурудың белгілері. Ауру алғаш басталғанда кәрездердің ашық ұяшаларында бірлі-жарым (1-4) жас личинкалардың орындарынан қозғалғаны, түсінің солғындап, сарғайғаны байқалады да 2-3 күннен кейін осы ұрықтар күреңденіп қоймалжың шірікке айналады. Ұядан шығарғанда созылмай жыртылып, қоңырсыған иіс пайда болады. Кейіннен шіріген личинкалар кеуіп ұяшалар түбінде бос жатады, олар оңай алынады. Оңтүстікте орналасқан омарталарда (Шымкент, Қызылорда, Жамбыл) шіріменің екі түрі бірдей кездессе, ашқылтым иіс омартаға жақындағанда-ақ сезіледі.
Емі, сақтандыру шаралары және санитарлық бағасы. Америкалық шірімемен бірдей.
Осы жағдайда балды, воскты, ара семьяларын және аналық араны сатуға, ара уын, пчелинное молочконы дайындауға болмайды.
Паратиф (Қылау)
Сақа араларды кенеттен қатты мазасыздандырып, ішін өткізіп, өлімжітімге ұшырататын жұқпалы ауру.
Қоздырғышы. Ентеробактер хафние. Ол жабайы араларда да залалды.
Бұл ауру Қазақстанның қысы ұзақ аймақтарында көбінесе ерте көктемде немесе жазғытұрым қайталанған суықтардан соң кездеседі. Ауру көзі - ауырған ара семьялары, жеке аралар. Бір ұядан екіншісіне кәрез ауыстырғанда, жалпы суатты пайдаланғанда, аралар адасып басқа ұяларға ауысқанда жұғады. Кейде ауру ұяның сыз тартып дымқылдануынан, аралардың лас шалшықтардан су ішуінен (әсіресе қора маңында) де пайда болады.
Аурудың белгілері. Ара денесіне түскен қоздырғыштың азкөптігіне, залалдығына қарай аурудың алғаш клиникалық белгілері 3-15 күннен кейін ғана белгілі бола бастайды. Ауруға шалдыққан аралар ұя ішіне, қондырма, кәрез т.б. заттарға мезгілсіз іш босатуынан ұядан күлімсі иіс шығып тұрады. Көптеген аралардың қанттары сіресіп, ұша алмай ұя төңірегінде жорғалап қалады. Осы жағдайдан бүкіл ара семьясындағы сақа аралардың 40-60 проценті қырылып қалуы мүмкін.
Ауруды анықтау. Лабораторияға әр ұядан 20-30 ара жіберіледі.
Емі, сақтандыру шаралары және санитарлық бағасы. Омартаны таза сумен және тұз қосылған сумен қамтамасыз етіп, ұя төңірегін тазалап сыпырып, ара өлекселерін жинап өртейді. әр ара семьясын үстеп қоректендіріп, жалпы жағдайын жақсартады. әрбір күн сайын бір литр қант ерітіндісіне қосып 0,2 г левомицитин, 100 мың ЕД биомицин немесе 200 мың ЕД стрептомицин береді. Омарта мүліктерін - киім, құрал-саймандарды түгелдей зарарсыздандырады.
Паралич
Бұл ауру аралардың «май айындағы ауруы» немесе «орман омартасының ауруы» деген атпен Қостанай, Семей, Павлодар, Шығыс Қазақстанда кездеседі. Көбінесе сақа аралар жаппай қырғынға ұшырайды.
Қоздырғышы - вирус.
Аурудың белгілері. Жаз айларында шығады. Кейбір аралар қатты мазасызданып, ұя төңірегінде домалай бастайды да, кілт тоқтай қалып, қанаттарын қимылдатуға әрекеттенеді. Қондырма тақтайшадан, ұя кіреберісінен мұндай араларды сау аралар жабылып итеріп тастап, қайта кіргізбей жатады. Көптеген аралар қарайып, бас, көкірек, құрсақ қылшықтары түсіп, жылтырланады. Бөксесі көтерілмей сүйретіліп «сал» болып қалады.
Ауруды анықтау. Мал дәрігерлік лабораторияларына 15-20 тірі араны 3 проценттік глицерин немесе вазелин майы құйылған құтымен жөнелтеді.
Емі. Жоқ. Ең дұрысы аурудан алдын алу.
Сақтандыру шаралары және санитарлық бағасы. Әрбір ара семьясының жалпы малдәрігерлік-санитарлық жағдайын дұрыстайды, омартаны карантинге жауып, сыртпен қарым-қатынасты түгел тияды.
Аспергиллез
Ара ұрықтарын, кей жағдайда сақа араларды да қамтитын жұқпалы ауру.
Қоздырғышы. Аспергилла тұқымдас грибоктар тобы.
Аурудың белгілері. Ауру қыстың аяқ шеніне қарай немесе ерте көктемде кездеседі. Личинкалар барлық өсу сатыларында да ауруға шалдығып, қоңырқай тартады да ақыры өліп қалады. Қоздырғышы ара ұрықтарының желке тұсынан жарақаттап, бүкіл мойын, көкірегіне ауысады. өлген личинкалар семіп, кішірейіп кетеді. Зақымдаушы грибоктың тегіне қарай өлген личинкалардың денесі әр түсті болады (ақ сары, жасыл, қара). Ал сақа аралар ауырғанда денесін үлбіреген ақ мақта тәрізді түк жауып кетеді. Мұндай ауру, әсіресе ерте көктемде ұясының іші ылғал ара семьяларына тән.
Ауруды анықтау. Оны жай көзбен анықтауға болады. Сондай-ақ 20-30 ара өлексесін, 10*15 см кәрез бетін кесіп мал дәрігерлік лабораториясына жөнелтеді.
Емі. Жоқ. Ең дұрысы аурудың алдын алу.
Сақтандыру шаралары және санитарлық бағасы. Ең алдымен, ұяны құрғақ ұстау керек. Ауырған семьяларда грибок өсіп, көгерген кәрездерді, қымтауға қойылған заттарды түгел ауыстырып, араларды 67 проценттік қант ерітіндісімен қоректендіреді.
Аспергилл грибоктары адамға да қауіпті. Сондықтан ауырған ара семьяларын тексергенде омарташы тазалық сақтап, ауыз, мұрнын ылғал дәкемен жауып алғаны дұрыс.
Зақымданған омартаны көзін жояды немесе жоғарғы температурада воскқа өңдейді. Ұялардың көгерген жылулыққа арналған материалдарын алмастырады. Ұяларды қысқартып, жылытады. Аралар азықтандыруын күшейтеді. Негізгі профилактикалық шаралар пасектерді құрғақ жерлерге орналастырады. Қыс пен көктемде ұяларда ылғалдылықты қадағалап отыру керек. Бал, воск, ұялар мен барлық құралдарды зарарсыздадырады.
Дәріс №13
Инвазиялық ауруларға байланысты ара өнімдерін ветеринарлық санитарлық сараптау. Бал араларының ( акарапидозы, амебиазы, браулезі, мелеозы, физоцефалезы,нозематоз, варроатоз және т.б.) инвазиялық аурулары, осы ауруларға ара өнімдерін ветеринарлық санитарлық сараптау және санитарлық бағалау.
Жоспар
-
Ауру анықтамасы және қоздырғышы
-
Ауруды анықтау
-
Емі және алдын алу шаралары
-
Санитарлық баға
Браулез (ара биті) – Браула соска жәндігінің аналық немесе жұмысшы ара денесіне жабысып, қатты мазасыздандырып, ақырында тез арада өлтіріп тынатын инвазиялық ауру.
Қоздырғышы – Браула соска. Ол қызыл-күрең түсті, көлемі 1,1-1,3мм, денесі түкті, өте қозғалғыш үш жұп аяқтылы жәндік. Ара ұясында үш аптада толық өніп-өседі. Сақа браулалар артқы аяқтарымен аналық, жұмысшы аралардың басына мықтап жабысады. Алдыңғы аяқтарымен аралардың үстіңгі ернін тырналайды. Осының салдарынан ара аузына жем салғанда қатты мазасызданып, аузындағы шырынды қайта құсады. Осы сәтті аңдып тұрған браулалар дереу сорып алады. Браулалар өте қозғалғыш бір жерден екінші жерге еркін ауысады. Ара денесінен сыртқа түссе 2-3 күн тіршілік ете алады. Кейде бір аналық араға жүзден астам браулалар жабысып, бүкіл тыныс мүшелерін бітеп тастайды. Бұл жағдайда аналық ара жұмыртқалауын тоқтатып, әлсіреп өледі. Ал браула жабысқан жұмысшы аралардың гүл тозаңын, шырын жинау қабілеті төмендейді.
Ауруды анықтау – үшін браулаларды жинап алып, балға, глицеринге немесе спиртке салып лабораторияға жөнелтеді.
Емі – ауырған ара семьяларын фенотиазин түтінімен ыстайды, 1,5 г фенотиазинді қызарып шоқталған түтіндеткішке салып ақшыл қызғылт түтін шыққанда әр ұяның есікшесінен 30-40 рет үрлейді. Келесі ара семьясын осы әдіспен емдеп, ең соңында екі ұяға да қосымша 20 будақтан түтін жібереді. Емдеу жұмыстарын үш күн ұдайы кешке қарай жүргізіп, 10 күннен соң қайталайды. Ұядағы төселген қағаз үстіне құлап түскен браулаларды жинап өртейді.
Алдын алу шаралары – омартаны карантинге жауып мал дәрігерлік- санитарлық қағидаларға сәйкес төмендегідей жұмыстар жүргізеді.
Карездерді ұялардан алып уақытша қоймаға апарып қою арқылы браулалардың личинка, қуыршақтарын өлтіреді. Араға он күн салып қя едендерін, рамаларды тазалайды. Бал жинаған ұяшалардың бетін пышақпен кесіп ашып, браулалардың жүретін жолдарын бұзады.
Санитарлық баға – араларды, ара аналықтарын және ара өнімдерін басқа шаруашылыққа және райондарға сатуға қатаң тиым салынады. Ұяшықтардан паразитті және личинкаларын тазалау мақсатында іс шаралар жүргізу қажет. Браулалардан басқа араларда басқа да паразиттер кездесуі мүмкін: шыбын личинкасы сенотаинии, қоңыздардың мелае тұқымының личинкасы, восктік қаракүйе (үлкен және кіші) және тағы басқа.
Мелеоз – сақа аралардың денлеріне қоңыз (майка) личинкаларының жабылуынан туындайтын инвазиялық ауру.
Қоздырғышы – қоңыз личинкалары ара денесіне әр түрлі шөптерден (әсіресе күнбағстан) гүл тозаңын, шырын жинағанда жабысады. Сондықтан оңтүстік, оңтүстік-шығыс аймақтарда орналастырылған омарталарда жиі кездеседі.
Араларға әсіресе шұбар қоңыздың личинкалары қатты залалын тигізеді. Олар ара денесінің қатпар аралық жарғақтарына кіріп емін-еркін ара денесінің өлін сорып қоректенеді. Үлкендігі 3 -5 х 1 – 2мм ғана осы личинкалар ара денесіне қоныстанып, оны тез арада өлтіреді де, басқа араларға жабысады. Қоңыздың бір личинкасының өзі 3-4 араны өлтіре алады. Көінесе әлді семьядағы аралар қатты жарақаттанады.
Аурудың белгілері – аралар мазасызданып жүгіреді, секіреді, денесін тазалауға тырысады. Ұя түбіндегі қондырмадан көптеген ара өлекселерін көруге болады. Қоңыздың биологиялық өніп-өсу мерзіміне қарай мелеоз ауруы, көбінесе негізгі бал жинау кезеңінде омартаға зиянын қатты тигізеді. Әр семьядағы бал, гүл тозаңдарын жинағыш араларды күрт азайтады.
Ауруды анықтау – ара денесін мұқият қараса ауруды жай көзбен-ақ анықтауға болады.
Алдын алу шаралары – аурудың алдын алу омартада кездескен аналық қоңыздарды құртады да ара өлекселерін түгел жинап алып өртейді.
Түтіндеткішті ағаш көмірімен шоқтандырып жағады да, үстіне 50 г темекі жапырағын немесе ұсақ темекі салады. Сөйтіп осы ауру байқалған ара семьяларын түтіндетеді. 3 – 5 минуттан кешікпей ұя түбіне құлаған қоңыз личинкаларын жинап алып өртейді.
Акаркапидоз – немесе кенелік ауру, акарапис Вуди кенесі тудыратын, ересек аралардың инвазиялық ауруы.
Кенелер аралардың трахеасында тоғышарлық етіп, бітеп тастайды. Олар организмдегі қоректі заттарды сіңіріп, өздерінен улы токсин бөліп шығарып, аралардың өліміне әкеп соғады.
Трахеаға түскен аналық кенелер он шақты жұмыртқаларын салады. Организмнен тыс кенелер рамкаларда, омарта қабырғаларында, балда және т.б. жерлерде кем деген де 3-4 күн тіршілік ете алады.
Акарапидоз жыл мезгілінің кез келген уақытында шығуы мүмкін, көбінесе жазғытұрым пайда болады.
Санитарлық баға - акарапидоз және басқа да кенелер тудыратын аурулардан таза емес барлық ара семьяларына, көктемде фольбекс және тедион аэрозолымен залалсыздандырады. Басты алдын алу шарасы болып – араларды өсірген кезде барлық ветеринарлық-санитарлық ережелерді қатаң сақтау қажет.
Нозематоз – ол бірклеткалы спора түзуші нозема тоғышары тудыратын ауру. Аралардың организміне азық арқылы, ұяшықтарды тазалауда және зақымданған аралардан түседі. Ішекке түскенде споралар өсіп, тоғышар ішектің эпителий клеткасына енеді де сол жерде екіге тікелей бөліну арқылы көбейеді. Зақымданған араларда іш өту болады. Олар тез әлсіреп, ұшуға қабілеті болмайды және өледі. Қалған тоғышарлар спора түзіп, фекаль арқылы сыртқы ортаға түседі.
Ұяларда және балда нозема спорасы бір жылға дейін, ал суда үш айға дейін сақталады. Балды 60°С жоғары температруада қыздырғанда қоздырғыш 1сағат көлемінде өледі. Залалсыздандырушы формалин ертіндісі, фенол және едкалық нетра қоздырғышты бірнеше минута өлтіреді. Ауру аралардың суспензиясынан дайындалған препараттарды да зерттеуге болады. Ноземаларды қарағанда олар сопақша, күріш дәні және құмырсқа жұмыртқасы тәрізді болады.
Санитарлық баға - ауырған ара семьяларын жою керек. Аурудан таза емес шаруашылықтан шыққан ара және ара өнімдерін сатуға тиым салынады. Егер нозематоздар ерте қыста пайда болса, онда омарталарды қыстықтардан алып шығып, залалданған және зақымданған азықтарды гүлді табиғи бал және қантты сироппен алмастырады. Ауырған семьяларды жаңа немесе дезинфекцияланған,иқысқартылған және жақсы жылыланған омарталарға көшіреді. Көктем уақытында жақсы күтім жасап, температураны 35°С дейін көтеріп, ұялардың жан-жағын тақтайлармен қоршап, жылылайды.
Алдын алу - көктемде араларды жұмасына 1-2рет 30°С дейін суытылған қантты сироппен азықтандыру керек. Ара семьяларына арналған сироп құрамына 250 мл фумагиллин қосады. 50 шақты өлген араларды стерилді чашкаға салып лабораторияға жібереді.
Аралардың ұяларын, омарталарды, рамкаларды және ағаштан жасалған бөліктерді формалинмен, 2% хинозол ертіндісімен, 2% техникалық соды және 2% зольді щелок ертіндісімен залалсыздандырады. Халат, сетка, метал инвентарьларды 10 минут жай суда қайнатады.
Амебиаз (амебалық ауру) – аралардың мальпиги буындарында тоғышарлық ететін, амебалардың Malpighamoeba mellifica қоздырғышы тудыратын инвазиялық ауруы. Сыртқы ортада амебалар екі қабықты шар және домалақ формада болатын цистада сақталады. Циста, организмге азық не су арқылы түскен кезде вегетативті формаға еніп, мальпиги буындарына өздерінің псевдоподиясымен эпителий аралық клеткалар арқылы еніп, сонда қоректік заттарды сіңіреді. Егер қолайсыз жағдай туса, амеба көбеюін тоқтатып, циста түзеді.
Аурудың клиникалық белгілері әлі толық зерттелмеген. Оларда нозематоздағыдай белгілер болады деп есептелінеді. Диагностикасы олардың мальпиги буындарын порошокқа айналдырып, жұғынды дайындау арқылы, микроскоппен зерттеуге негізделген. Көбінесе, нозематозды тексеру үшін материал жібергенде, амебаны да қоса зерттейді.
Санитарлық баға – нозематоз ауруындағыдай болады.
Варроатоз (варрооз) – аралардың Varroa jacobsoni кенесі тудыратын эктопаразитарлық ауруы. Бұл кенелердің биологиясы толық зертелмеген. Көбінесе кенелер аралардың бүйірінде, құрсақ қуысында орнаасады. Кенелерді лупа арқылы көруге болады. Омартаның түбкі жағына бір парақ қағаз қояды да, семьяларын акарацидпен (мысалы, фенотиазинмен) залалдайды. Егер омартада бірнеше кенелер болса, олар қағазға құлайды.
Варроатоздан сау емес ұяшаларды карантинге жабады және ветеринарлық-санитарлық шаралар жүргізеді. Варроатозды емдеген кезде фенотиазин, кельтан, фольбекс, варроатиз, эфирсульфонат, нафталин және тағы басқа қолданады. Бірақ, көбнесе бұл препараттар токсинді болып келеді және балмен адсорбцияланады, сондықтан бұларды қолдану, балды жинар алдында бір ай бұрын рұқсат етіледі.
Дәріс №14
Жұпалы емес ауруларға байланысты ара өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау. Токсикоздар, ашығу, бал ара ұрлығы, құрғақ себінді, үсінген тұқым т.б. ауруларды, осы ауруларға ара өнімдерін ветеринариялықсанитариялық сараптау және санитариялық бағалау
Жоспар
1.Аралардың жұқпалы емес ауруларына жалпы сипаттама.
2.Азықтық уланулардың түрлері
а) Тозаңдық улану және ветеринарлық санитарлық бағасы
б) Шырынды улану және ветеринарлық санитарлық бағасы
в) Шіре балдан улану және ветеринарлық санитарлық бағасы
г) Химиялық улану және ветеринарлық санитарлық баға
Аралардың жұқпалы ауруларына азықтық токсикоздар, ашығулар, бал ара ұрлығы үсуі және құрғауы, тағы басқа көптеген аурулар жатады. Бұндай жұқпалы емес аурулур кезінде ересек аралар, сонымен қатар жас ұрықтардың өлуі де жиі кездеседі. Азықтық токсикоздарды - тозаңдық улану, бал шырынымен улану, шіре балдан улану және химиялық улану деп бірнеше топтарға жіктейді.
Тозаңдық улану (Майская больезнь) - көп жағдайларда ашық ұрықтың санының бұзлуы нәтижесінде және аралардың тозаңдық улы: аконита, тегеурінгүл, тамырдәрі, шомырсарымсақ, қазанақ және де тағы басқа өсімдіктермен улануы салдарынан болады.Сонымен қатар улы емес өсімдіктердің тозаңында егер оған улылық әсері бар микроорганизмдер өсетін болса,олар да улануға әкеліп соқтыруы мүмкін.
Тозаңдық уланудың алғашқы белгілері – жас аралардың өлімімен сипатталады. Азықтың қорытылуына қажетті судың жеткіліксіз болуынан және тозаңның көп мөлшерде жинақталуының салдарынан ауру асқынады. Жекеленген аудандарда мұндай уланулар мамаыр айларында жиі байқалады. Алғашында аралар мазасызданып, сонына қарай күшін жоғалтып, солып қалады. Өлер алдында олар дамылсыз қозғалып, ауру және өлген араларда құрсағының көлемі ұлғаяды. Аралардың жас мөлшері 10-13 тәулік аралығында өлім - жітімге жиі ұшырайды.
Ветеринарлық санитарлық бағасы: тозаңдық улану улы өсімдіктердің гүлдеуі кезінде болады.Тозаң жинағына бұл уақытта қолдан, яғни жасанды түрде арарларды ұясынан шығуын болдырмау керек. Мұндай жағдайда арарларды 33 % қант сиропымен қамтамассыз ету керек және де араларды басқа орындарға орналастыру қажет. Ауру аралардың балтозаңын қолдануға рұқсат етілмегендіктен, аурудың созылмалы түрі кезінде ара ұяларының шеттерін балтозаңмен ауыстырып қояды. Ауру бал семьясына бірнеше күн литрлеп сұйық қант сиропын немесе жақсы гүл балын береді.
Шырынды улану( Нектарный токсикоз) - құрамында токсикалық қосылыстары барулы және жағымсыз өсімдіктердіңшырынынан болады. Қатты улану кезінде аралар тез өледі және де ешқашан өз ұяларына дейін жетпейді. Мұндай шірнеден алынған бал улы болып есептелінеді. Ауру негізінен гүлдену мен шырын жинаумен қатар жүреді. Аралар солып қалады да өте баяу қозғалады және ұясының маңында жатып қалады. Негізінен бұл аурумен ауырғанда емделініп шығады. Алкалоидтармен уланған кезде аралар өте тынышсызданып адамдар мен жануарларға қарсы шығады. 7-13 тәуліктен кейін аралардың жаппай қырылыу басталады. Құрамында улы зат андромедотоксины рододендрон шырынана алғашында жаздық аралар, соңынан жас аралар жәнеде личинкалары уланып өледі.Ауру аралардың тік ішегі кеңейген және де ашық сары сұйықтыққа толған. Бұл сұйықтықтар аралар үшін улы болып келеді.
Ветеринарлық санитарлық бағасы: негізгі профилактика ол басқа улы өсімдіктері жоқ аудандарға орын ауыстыру. Шырынды токсикозының алғашқы белгілері байқалған болса, бірден тіптен аз мөлшерде улы шырыны бар кәрездердің барлығын бірден жою қажет.Оларды азықтық мақсатта қолдануға болмайды. Ветеринарлық санитарлық іс – шаралар тозаңдық уланудағыдай.
Шіре балдан улану – бұл шіре балмен сипатталатын ауру. Шіре бал араның ас қорыту жүйесіне түсіп, оның жұмысын бұзады, содан кейін бүкіл организмнің қызметін бұзады. аралар өледі. Ауру кезінде аралар ұяларының қабырғаларына және кәріздерге қою қоңыр түсті нежіс бөліп шығарады. Жаз кезінде аралар жерде ұяның маңында жүреді және олардың құрсағы ұлғайған. Шіре балының улануы көмірсулардың, алкалоидтардың, гликозидтардлың, сапониндардың, минералды тұздардың және токсиндардың бөліп шығаратын бактерияларымен саңырауқұлақтарына байланысты.
Диагнозды өлегн аралармен ауру араларды клиникалық бақылаулар мен лабораториялық зерттеулермен, сонымен қатарды, ұяда кәрез балымен азықтанған араларды зеттеу арқылы қояды.Жарық жерлерде шіре балдары ашық сары түстен қою қоңыр түске дейін өзгереді. Сондықтанда балдың сапасын тек лабораториялық әдіспен ғана анықтауға болады.
Ветеринарлық санитарлық бағасы: зерттеу үшін ветеринарлық лабораторияға әр ара семьясынана әр ара ұясының жақтауларынан таза шыны банкаға 80 г балды алып зерттейді. Егер бал мөлшері жеткіліксіз болса, қант сиропын қолданылады.Қандай да себептермен аралар шіре балымен немесе түсті шіре балымен қыстап қалатын болатын болса, оларға онда арттырылған суғару жұмысын ұйымдастыру керек. Бұл мақсатта оларға жылытылған су немесе 40 0 жылытылған қант сиропын қолданады.
Химиялық токсикоз – ол көптеген химиялық улы заттармен уланумен болады. Ауылшаруашылық пестицидтердің зиянкестерін қозғаласына байланысты төмендегідей : контактілі, жүйелі, ішектік және фумигантты деп төрт түрге бөледі. Ауру белгілерін іс - әрекетінің сипатымен сонымен қатар бал шырыны мен тозаңның құрамындағы химиялық улы заттар арқылы анықталады. Өте жоғарғы әсер ететін пестицидтердің әсерімен бал аралары өте тез өледі. Улану – қозғалыс жүйесінің бұзлуымен және салдануымен сипатталады. Аралар мен ұрықтар өледі. Аурудың созылмалы түрінде аралар өте баяу қозғалады, кәрізден түсіп, ұяның маңында жағалап жүріп, кей жағдайларда түсіп қалады.Егер пестицидтердің концентрациясы азықта аз мөлшерде болса, улану өте баяу, бірнеше айлап жүреді.Аралардың гексохлорлармен улануы олардың тынышсыздануы, айналып ұшуы және соңында құлауымен сипатталады. Содан кейін әлсіреу периоды болып, кейіннен аралар қозғалыссыз қалып өледі.Аралардың жаппай өлуі өсімдіктерге пестицидтерді шашқан күні және келесі күндері кездеседі. Кейбір уланулар паноспен сипатталады. Аралардың мышяк препараттарымен улануы кезінде ауыз қуысынана сұйықтық ағады және үнемі ішектер бос болады. Нақты диогнозды лабораторияға келген ауру араларды немесе өлекселерге берілген анамнез, аурудың клиникалық және патологоанатомиялық көрінісі бойынша қоюға болады. Мұндай жағдайда аудандық агропром өсімдіктерге өндеу жұмыстары жүргізілгендігін анықтайды.Барлық қажетті жинақталған құжаттарды пат материалмен бірге лабораторияға жібереді.
Достарыңызбен бөлісу: |