Өсімдік шаруашылығының шығымдылығы мен өнім сапасын арттыруды 2015 жылы субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»



Дата17.07.2016
өлшемі74.14 Kb.



Өсімдік шаруашылығының

шығымдылығы мен өнім сапасын

арттыруды 2015 жылы субсидиялаудың

кейбір мәселелері туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 11-бабы 2-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, «Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 575 қаулысын іске асыру мақсатында Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:



1. Мыналар:

1) осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес 2015 жылға арналған басым ауылшаруашылық дақылдарының тізбесі;


2) осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзуге қажеттi жанар-жағармай материалдары және басқа да тауар-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға берілетін субсидиялардың 2015 жылға арналған нормалары (1 гектарға) белгіленсін.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Д. М. Мусинге жүктелсін.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі Д. Ахметов

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрі

_____________________А. Мамытбеков

2015 жылғы «____»________________

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің

2015 жылғы «__»________________

№ _____ қаулысына

1 қосымша

2015 жылға арналған басым ауылшаруашылық дақылдарының тізбесі 


 р/с



Басым ауылшаруашылық дақылдарының атауы

1

Жаздық бидай

2

Күздік бидай

3

Күздік қара бидай

4

Қарақұмық

5

Тары

6

Арпа

7

Сұлы

8

Дәндік жүгері

9

Дәнді бұршақ тұқымдастар

10

Майлы дақылдар (күнбағыс, сафлор, шашақты зығыр, жаздық рапс, күздік рапс, қыша, арыш, қытай бұршақ)

11

Картоп

12

Көкөніс және бақша дақылдары

13

Қорғалған топырақта өсірілетін көкөністер

14

Ағымдағы жылы егілген көпжылдық шөптер

15

Бірінші, екiншi және үшiншi өсу жылдарындағы бұршақ тұқымдас көпжылдық шөптер

16

Біржылдық мал азығы дақылдары

17

Судан шөбі

18

Сүрлемдік жүгері және күнбағыс

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің

2015 жылғы «__»________________

№ _____ қаулысына

2 қосымша

Көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзуге қажеттi жанар-жағармай материалдары және басқа да тауар-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға берілетін субсидиялардың 2015 жылға арналған нормалары (1 гектарға)



 р/с№

Басым ауылшаруашылық дақылдары


1 гектарға субсидиялар нормасы,

теңге


1

Дәнді дақылдар (жаздық бидай, күздік қара бидай, күздік бидай)

600

2

Жемдік дақылдар (арпа, сұлы, дәндік жүгері)

3000

3

Жарма дақылдары (қарақұмық, тары)

3500

4

Бұршақ дақылдары (асбұршақ, аңқа)

4000

5

Сүрлемдік жүгері, сүрлемдік күнбағыс

4000

6

Судан шөбі

3000

7

Біржылдық мал азығы дақылдары (жемшөпке арналған дәнді және майлы дақылдар)

2000

8

Ағымдағы жылы егілген бұршақ тұқымдас көпжылдық шөптер

10000

9

Суармалы жерде ағымдағы жылы егілген бұршақ тұқымдас көпжылдық шөптер

12000

10

Екiншi және үшiншi өсу жылдарындағы бұршақ тұқымдас көпжылдық шөптер

3000

11

Суармалы жердегі екiншi және үшiншi өсу жылдарындағы бұршақ тұқымдас көпжылдық шөптер

6000

12

Ағымдағы жылы егілген астық тұқымдас көпжылдық шөптер

8000

13

Суармалы жерде ағымдағы жылы егілген астық тұқымдас көпжылдық шөптер

10000

14

Шабындық және (немесе) жайылымдық алқаптарды шөп егіп жаңарту және (немесе) түпкілікті жақсарту үшін егілген (оның ішінде өткен жылғы күзде) бiрiншi, екiншi және үшiншi жылы өсу жылдарындағы көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптер (тек қана көнежастағы егістікті жырту ескеріледі)

3000

15

Суармалы шабындық және (немесе) жайылымдық алқаптарды шөп егіп жаңарту және (немесе) түпкілікті жақсарту үшін егілген көпжылдық шөптер (тек қана көпжылдық шөптердің көнежастағы егістігін жырту ескеріледі)

6000

16

Майлы дақылдар (күнбағыс, сафлор, шашақты зығыр)

3500

17

Рапс, арыш, қыша

14000

18

Қытай бұршақ

15000

19

Өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйелерiн қолданып өсiрiлетін қытай бұршақ

45000

20

Көкөністер

120000

21

Бақша дақылдары

25000

22

Өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйелерiн қолданып өсiрiлетін көкөніс және бақша дақылдары, картоп

150000

23

Өнеркәсіптік үлгідегі қорғалған топырақта өсірілетін көкөністер (екі дақыл айналымына арналған)

11000000

24

Фермерлік үлгідегі қорғалған топырақта өсірілетін көкөністер (екі дақыл айналымына арналған)

3000000

25

Картоп

120000




Каталог: assets
assets -> 2015 жылғы «21» маусымдағы №186 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
assets -> Литература 8 Задачник классы практикум 11 Под научным руководством академика Г. Г. Граник
assets -> 7 тыс рублей, в том числе субсидии бюджетам муниципальных образований 1 000 000 тыс рублей
assets -> Регламентін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
assets -> Шығыс Қазақстан облысының 2013 жылғы қаңтар- қыркүйектегі әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары
assets -> «Кеме шетелде сатып алынған жағдайда, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтеріп жүзу құқығына уақытша куәлiк беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет