«Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»



Дата09.06.2016
өлшемі95.11 Kb.
#125180

1


«Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі»

мемлекеттік мекемесі туралы

Ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» Жарлығына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған «Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.

2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.




Өскемен қаласының

әкімі Т. Қасымжанов

Өскемен қаласы әкімдігінің

«___»________2014 жылғы

№ __ қаулысымен

бекітілген

«Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі»

мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
1. Жалпы ережелер
1. «Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі ішкі саясат саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. «Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік-құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. «Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі және мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында есеп шоттары болады.

4. «Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5. «Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі ішкі саясат аясымен бекітілген заңнама, сонымен қатар қазіргі Ереже бойынша құзыретті.

6. «Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіпте «Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды. 

7. «Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сай қала әкімділігімен бекітіледі.

8. «Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Шығыс-Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Пермитин көшесі, 17, индексі 492000.

9.  Мемлекеттік органның толық атауы – «Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

10. Осы Ереже «Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

11. «Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

12. «Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында – шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2. «Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары және міндеттері
13. «Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы қаладағы ішкі саяси тұрақтылықты, ел бірлігін қамтамасыз ету және қоғамды топтастыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру;

14. «Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеттері:



  1. қаладағы атқарушы органдардың әлеуметтік-экономикалық, мәдени және қоғамдық-саяси салалардағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарын іске асыру жөніндегі қызметтерін үйлестіру;

  2. Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің, облыс (қала) әкімінің мекеменің құзыретіне қатысты мәселелер бойынша актілер мен тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету;

  3. Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясының, Қазақстанның 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарының, Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларының, мемлекеттік және салалық бағдарламалар мен басқа да стратегиялық құжаттардың негізгі басымдықтарын қалада түсіндіру мен насихаттауды қамтамасыз ету;

  4. өңірде ішкі саясат саласындағы маңызы бар бағдарламалық құжаттарды әзірлеу және іске асыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіру;

  5. ішкі саясат саласындағы жұмыстарды ұйымдастыру бойынша практикалық ұсыныстар, Қазақстан дамуының ұзақ мерзімді басымдықтарының тиімді іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

  6. қаладағы ішкі саяси процестерді және олардың даму үрдістерін зерделеу мен оларға талдау жүргізуді қамтамасыз ету;

  7. азаматтық қоғам институттарымен, қаланың қоғам жұртшылығының өкілдерімен өзара іс-қимыл жасау болып табылады.

15. «Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары:

1) ішкі саясаттың негізгі бағыттары бойынша, оның ішінде білім, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қамтамасыз ету және қорғау, жұмыспен қамту, этносаралық және конфессияаралық келісім, патриоттық тәрбие беру және жастар саясаты, мемлекеттік рәміздерді насихаттау, тіл, ақпараттық, мәдени, гендерлік және отбасылық-демографиялық салалардағы мәселелер бойынша қаладағы атқарушы органдардың қызметтерін ақпараттық-идеологиялық сүйемелдеу;

2) ішкі саяси тұрақтылықты, ел бірлігін және қоғамды топтастыруды қамтамасыз етуге бағытталған практикалық және өзге де іс-шаралар кешенін іске асыру;

3) қаладағы ірі қоғамдық-маңызды іс-шараларды ақпараттық-талдамалық және ұйымдастырушылық-техникалық сүйемелдеу;

4) әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси және өзге де салалардағы жергілікті атқарушы органдардың қызметтері туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру, осы бағыттағы жұмыстарды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

5) Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларын және басқа да стратегиялық құжаттарды түсіндіру мен насихаттау жөніндегі республикалық және өңірлік деңгейдегі ақпараттық-насихаттық топтардың қаладағы қызметін ұйымдастыру, ақпарат насихаттаушы топтарды ақпараттық-әдістемеліктермен қамтамасыз ету;

6) саяси партиялармен, үкіметтік емес ұйымдармен, этномәдени және діни бірлестіктермен, құқық қорғау және басқа да қоғамдық ұйымдармен, кәсіптік одақтармен, бұқаралық ақпарат құралдары, ғылыми және шығармашыл қауыммен, қоғамдық пікір жетекшілерімен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асыру;

7) мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша облыс (әкімдік) жанында әрекет ететін консультативті-кеңесші органдар мен жұмыс топтарының қызметтерін қамтамасыз ету;

8) қаладағы қоғамдық-саяси ахуалға талдау жасау және болжау, оның ішінде саяси партиялардың, өзге де қоғамдық бірлестіктердің және ұйымдардың қызметтеріне мониторинг жасауды ұйымдастыру, әлеуметтік және саяси зерттеулер жүргізу;

9) қаладағы мемлекеттік ақпараттық саясатты тиімді іске асыруды қамтамасыз ету, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарының мемлекеттік ақпараттық тапсырыстарды орындау жөніндегі қызметтерін әдістемелік қолдау және олардың қызметтерін үйлестіру, бұқаралық ақпарат құралдарының заңнаманы сақтау жөніндегі қызметіне мониторинг жасау;

10) әлеуметтік маңызды жобаларды орындауға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстардың тиімді іске асыруды қамтамасыз ету, оның ішінде конкурстық рәсімдер мен жобалардың іске асырылу барысына мониторинг жүргізу;

11) концептуалдық құжаттарды әзірлеуге, Мекеменің құзырына кіретін мәселелер бойынша қала әкімінің (әкімдіктің) актілерінің жобаларын дайындауға және оларға талдау жасауға қатысу;

12) жоғары тұрған мемлекеттік органдармен, мәслихатпен, облыс (қала) әкімінің аппаратымен, Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығымен мекеменің құзырына кіретін мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасау;

13) мекеменің құзырына кіретін мәселелер бойынша ақпараттық базаны жасақтау, жинақтау, жинап қорыту және жіктеу;

14) Қазақстан Республикасының заңнамаларымен қарастырылған өзге де функцияларды жүзеге асыру.

16. «Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттері:

1) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан және азаматтардан өз функцияларын орындауға қажетті ақпараттарды белгіленген тәртіппен сұрауға, Мекеменің құзырына кіретін мәселелерді пысықтауға мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың қызметкерлерін тартуға, тиісті ұсыныстар әзірлеу үшін уақытша жұмыс топтарын құру;

2) жергілікті атқарушы органдардың ішкі саясат саласындағы қызметтерін жетілдіру бойынша қала әкіміне ұсыныстар енгізу;

3) әкімдіктің қарауына мекеменің құзыретіне қатысы бар сұрақтар, ұсыныстар, ақпараттар, жоба шешімдерін енгізу;

4) акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік жиынтығы мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі қатысу үлестерін, мемлекеттік заңды тұлғалардың құқық субъектісінің, сонымен қатар, мемлекеттік мүлік туралы Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес тиісті саланың өкілетті органдарының құзыретіне ұқсас шешім шығару құқығын қолдану мен оларға иелік етуді жүзеге асыру;

5) мемлекеттік органдарымен өткізілетін мекеменің құзыреті мәселелеріне қатысты мәжілістерде, жиналыс пен кеңестерге қатысу, қала және облыс әкімдерінің, қала және облыс әкімдері орынбасарларының тапсырмалары мен бұйрықтарын орындау;

6) мекеменің құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша облыс және қала әкімдердіктері қаулыларының, облыс және қала әкімдері өкімдерінің орындалуына бақылауды жүзеге асыру;

7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметтік жүзеге асыру;

8) мекеме әзірлеуші болып табылатын қала әкімі мен әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің құқықтық мониторингін жүзеге асыру және оларға өзгертулер мен (немесе) толықтыруларды енгізу, немесе олардың күші жойылды деп тану жөніндегі шараларды уақытылы қабылдау;

9) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған басқа құқықтарды жүзеге асыру және басқа міндеттерді орындау.

3. «Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
17. «Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты оның бірінші басшы жүзеге асырады.

18. «Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын қала әкімі лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады.

19. «Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымына тағайындалатын және лауазымынан босатылатын орынбасары болады.

20. «Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:

1) дара басшылық ұстанымымен әрекет етеді және Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Ережемен анықталған өз құзыретіне сәйкес мекеме қызметінің мәселелерін өз бетімен шешеді;

2) белгіленген тәртіппен атқарушы органдардан мекеменің құзыретіне кіретін мәселелерді шешуге қажетті материалдарды сұратады және алады;

3) мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мүдделі ұйымдардың өкілдерін тартумен белгіленген тәртіпте кеңестер шақырады;

4) мекеме қызметкерлерінің өкілеттігін анықтайды;

5) мекеменің атынан сенімхатсыз іс-әрекет жасайды, барлық ұйымдарда оның мүдделерін ұсынады;

6) шарттар жасасады;

7) сенімхаттар береді;

8) сапарлар, сынақтамалар, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердің біліктілігін жоғарылатудың басқа да түрлері бойынша мекеменің тәртібі мен жоспарларын бекітеді;

9) банк есепшоттарын ашады;

10) мекеменің барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

11) мекеменің жұмыскерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан шығарады;

12) мекеменің қызметкерлеріне мадақтау шараларын қолданады және тәртіптік жаза қолданады;

13) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қажетті шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауаптылықта болады;

14) заңнамамен көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

21. Бірінші басшы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өз орынбасарының өкілеттілігін анықтайды.

4. «Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің мүлкі
22. «Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

«Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі меншік иесімен берілген мүліктің есебінен, және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге көздерден құралады.

23. «Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі коммуналдық жеке меншік болып табылады.

24. «Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен қарастырылмаған жағдайда өзіне бекітілген мүлік пен жоспарлы қаржыландыру есебінен сатып алынған мүлікті өз еркімен иемденуге және бөлістіруге құқылы емес.



5. «Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату
25. «Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет