- РНК-ның 15 пайызға жуық бөлігін алып жатыр.
- Т-РНК ең қысқа полинуклеотидті тізбекке ие,яғни 80 нуклеодиттерден құралған.
- Т-РНК құрылымына нуклеотидтермен қатар минорлық нуклеотидтер кіреді,жалпы нулеотидтердің 10 пайызын алып жатады.Мысалы:риботимидилдік қышқылы р-ТМФ және инизинмонофосфат ИМФ.
- Т-РНК ерекше нуклеотидтерге ие: дигидроуридинмонофосфат (Н2-УМФ) және псевдоуридилдік қышқылы (п-УМФ),
- Әрбір арнайы тРНҚ басқалардан нуклеотидтер реттілігімен ерекшеленгенмен,олардың барлығы ортақ белгілерге ие.Бірнеше тізбекшелік комплиментарлы учаскелердің арасында барлық тРНҚ екіншілік құрылымды және Жоңышқа жапырағы деп аталатын формаға ие болады.т-РНҚ молекулаларының барлығында төрт негізгі иін бар.
Т-РНК құрылымы - Т-РНК келесі құрылымдық бөліктерден тұрады:
- 1.Акцепторлы иіні-жұптасқан нуклеотидтер сабағынан тұрады және ол ССА реттілігімен анықталады.Антикодонды иіні м-РНҚ-дағы кодонды немесе нуклеотидті триплетті таниды.
- 2.Антикодонды иіні –жеті нуклеотидтен құралған. М-РНҚ дағы кодонды немесе нуклеотидті триплетті таниды.
- 3.Псивдоуридин иіні- жеті нуклеотидттен құралған,жіне міндетті түрде псевдоуридин қышқылының қалдығынан құралады.
- Бұл иіннің пентануклеотиді Г-Т-пУ-Ц-Г барлық тРНК түрлері үшін бірдей. Пайымдау бойынша,осы пентануклеотид тРНҚ рибосомаға байланыстырады.
- 4.Дигидроуридин иіні, немесе D-иіні 8-12 нуклеотид қалдықтарынан тұрады,олардың арасында міндетті түрде дигидроуридин қышқылы қалдығы кездеседі (Н2-УМФ).
- D-иіні аминоцил-тРНК синтетазасын байланыстыруга керек,ол т-РНК аминқышқылын анықтауда сонымен қатар аминоцил-т-РНК комплексін анықтауға қатысады деп есептелінеді.
ДНҚ-ның матрицалық синтезі: - Днқ-ның екі еселену процессін-репликация деп атайды. (редупликация).
- ДНҚ-екі еселенуі ол-жіпшелердің ажырауы нәтижесінде,және әрбір жіпше матрицалық қызмет атқарады,яғни оған қайтадан комплиментарлы тізбек синтезделеді.
- Нәтижесінде екі тізбек синтезделеді,екі шиыршықты,яғни негізгі тізбектен ешқандай айырмашылығы жоқ тізбек синтезделеді.
- Осылайша ДНҚ екі еселену процессі-жартылай консервативті деген атақ алды,экспериментті түрде 1958ж М.Мезельсон және Ф.Сталь дәлеледеді.
-
Достарыңызбен бөлісу: |