Осөж №11 Тақырыбы: Мультимедианың тиімділігі Тексерген: Хакимова З. А орындаған: Әбдіғазым Ә. А ақтөбе 2023 Жоспар



Дата07.12.2023
өлшемі20.08 Kb.
#485758
Адил 11осож


Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Кәсіби-шығармашылық факультеті
Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі кафедрасы

Осөж №11
Тақырыбы: Мультимедианың тиімділігі

Тексерген: Хакимова З.А


Орындаған: Әбдіғазым Ә.А

Ақтөбе 2023
Жоспар

1.Кіріспе


2. Мультимедиялық технологиялар
3.Қорытынды
4.Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Мультимедиа (multimedia) - бұл компьютерлік жүйеде мәтін, дыбыс, видеобейнелерді, графикалық бейнелерді және анимацияларды (мультипликация) біріктіруге мүмкіндік беретін қазіргі заманғы компьютерлік ақпараттық технология. Мультимедиа - бұл мәтін, графика, анимация, сандық бейнелерді, видео, дыбыс сияқты мәліметтер типін енгізуге, өңдеуге, сақтауға, беруге және бейнелеуге мүмкіндік беретін технологиялар жиынтығы.
ХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді.Мультимедиа технологиясының идеялық алғышарты ретінде 1945 жылы американ ғалымы Ваннивер Бушпен ұсынылған "MEMEX” жадысын ұйымдастыру концепциясы саналады. Ол ақпаратты оның формальды белгілері (нөмір, адрес реті немесе алфавит бойынша т.с.с) бойынша емес мағыналық мазмұнына қарай іздеуді қарастыратын.
Мультимедиа құралдарына мыналарды жатқызуға болады:  аудио- , бейне ақпарат шығару құрылғылары;  дыбыстық бейнеплаталар;;  дыбыстық динамиктері бар және үлкен бейне экрандары бар акустикалық, бейне репродукциялық жүйелер;  сканерлер, принтерлер (компьютерлерден мәтіндер, суреттер шығаруға және керісінше енгізуге мүмкіндік береді) және тағы басқалар.
Мультимедиялық оқыту құралдарды функционалды мақсатына қарай жіктеуге болады: Оқытушы,Білім беруші, диагностикалық, Инструменталды,Басқарушылық,әкімшілік, Ойынды

Мультимедиялық технологиялар
Мультимедиалық технологиялар — бейнелік және аудиоэффектілік, әр түрлі мультипрограммалық мүмкіндіктерді интерактивті программалық жабдықтың басқаруымен орындата платын электрондық құжаттарды дайындау тәсілдері. Мультимедиа пайдаланушыға фантастикалық әлемде болуға (виртуальды шыңдық), осы әлеммен интерактивті араласуына (пайдаланушы қатысады, мысалы, ойындар ойнайды т. б.) мүмкіндік береді. Виртуальды шындық — бұл иллюзиялы дүние, оған кіріп (еніп), сонымен ара қатынас жасайды. Виртуальды шындық жүйесі — бұл осы енумен арақатынасты қамтамасыздандыратын иммитациялық программалар мен техникалық құралдардың жиынтығы. Мультимедиа — бұл қазіргі техникалық және бағдарламалық құралдарды қолдану арқылы интерактивті бағдарламалық қамтамасыздандыруды басқарумен орындалатын визульді және аудиоэффектілердің өзара әрекеті. Олар бір цифрлік көрсетілімде мәтінді, дыбысты, графиканы, фотосуретті және бейнені біріктіреді.

Гипермедиа — бұл мультимедиялық объектілер арасында ауысу үшін гипермәтіндік сілтемелер арқылы байланысқан компьютерлік файлдар. Бар бағдарламалық құралдар, соның ішінде дайын электронды оқулықтар мен кітаптар, сонымен қатар, өзіндік деп шығарылған құралдар оқытушыға оқыту тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда оқытушының ақпаратты өңдеу және алуда көмекшісі Интернет болып табылады. Оқу орындарында ақпаратты экранды түрде беруді жаңа әдістер немесе бөлек оқыту әдісі ретіндегі бейнені айтуға болады. Бейне әдісі білімді беру үшін бақылауды, қайталауды, бекітуді талдап қорытуды ұйымдастыру үшін қолдануға болады. Қазіргі уақытта бейнеәдістерді қолдану ісі көптеген экрандық ақпарат көздерінің — мультимедиалық кешендер, бейнемагнитафондар, бейнепроекторлар, компьютердің жаңа мүмкіндіктері (мультимедиалық презентациялар, үйренуші бейнефайлдар, желі арқылы оқыту ақпаратын көрсету үшін алмастырушы бағдарламалар) пайда болуына байланысты талап етіле бастады. Бейнеәдістер оқыту процесінде қолданылатын ақпарат түрлерін тиянақты түрде қарап шығуға, көруге мүмкіндік береді және ол жаңа материалдарды оқу, қайталау, бекіту, талдау және бақылау үшін кеңінен қолданылады, яғни ол барлық дидактикалық функцияларды орындауға толық мүмкіндік береді. Бұл әдіс соңғы ғылыми жетістіктер дәлелденген ақпаратты көрнекі қабылдау принципіне негізделген және ол оқушының алған білімін тереңірек түсіну мақсатында индуктивтік, дедуктивтік тәсілдеоді пайдаланады және олардың әр түрлі танымдылық қасиеттерін екпінді түрде дамытуға танымдық үрдісін басқарудың түрлі-түрлі тәсілдерін қолдануға мүмкіндік береді.



Қорытынды

Қорытындылай келе, қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Педагогика ғылымында баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылыс көбеюде, оның ішінде мультимедиа технологиялары. Мультимедиа технологиялары оқу үрдісін байытады, оқытуды тиімді етуге мүмкіндік береді. Компьютерлік технологиялардың ішінде оқу үрдісінің қолайлысы — мультимедиалық технологиялар. Мультимедиа — жаңа бағыт, бұл компьютердің ақпараттың көптеген түрімен жұмысы, оған жоғары рұқсатпен түсті графика, жүгіртпе және аққыш түстері бар динамикалық эффектілер, дыбыстардың дыбысталуы және синтезделген әуеннің дыбыстары, «мультяшкалар», толық түсті видеоклиптер және видеофильмдер кіреді



Пайдаланылған әдебиеттер
1.Бидайбеков Е. Ы., Лапчик М. П., Нұрбекова Ж. К., Сағымбаева А. Е., Жарасова Г. С., Оспанова Н. Н., Исабаева Д. Н. Информатиканы оқыту әдістемесі. Алматы, 2014г.
2.Байжұманов М.Қ., Жапсарбаева Л.Қ. Информатика. Астана, 2004.-232 б.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет