Осөж сөж орындаған: Маратова А. Е топ


Қылмыстық мінез-құлықтың ерте байқалатын көрсеткіші — жеке тұлғаның əр түрлі ауытқушылықтарға душар болуы



бет3/9
Дата03.12.2022
өлшемі140.87 Kb.
#466409
1   2   3   4   5   6   7   8   9
ОСӨЖ СӨЖ 8-апта

Қылмыстық мінез-құлықтың ерте байқалатын көрсеткіші — жеке тұлғаның əр түрлі ауытқушылықтарға душар болуы. Ең алдымен, оның əлеуметтік бағдары, мағына тудырушы мотивтік-құндылық өрісінің тарылуы, ақыл-ой қызыметінің бұзылуы сияқты түзетуге келмейтін өзгерістердің орын алуы. Сондықтан қылмыстық мінез-құлықтың алдын алу шараларын ертеден бастап, əсіресе жеткіншектерді қылмыстық əрекеттен сақтау — бүгінгі күннің өзекті мəселелерінің бірі. Ол үшін үгіт-насихат жұмыстарымен қатар, жанұя əлеуметтену институтының жұмысын жандандыру қажет. Өйткені көптеген жеткіншектердің қылмыстық мінез-құлықының механизмдерінің бірі отбасындағы тəрбие екенін ғалымдар дəлелдеді. Қазіргі кезде жеткіншек жастағы оқушылардың жалпы жəне психикалық дамуының жеткілікті деңгейіне қол жеткізу үшін, ең алдымен, бұрынғыша оқушыны пəндік білім, біліктердің белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, оқу əрекетін қалыптастыру негізінде жеке бас тұлғасын тəрбиелеу мақсаты қойылып отырғаны белгілі.
Жеткіншектер қазіргі кезеңде тез өзгермелі мəдениетте, хаос жəне тұрақсыз, құбылмалы ортада өмір сүреді. Мұның өзі қылмыстың жоғарылауына əсер етеді. Бұрынғы баға жетпес құндылықтар күмəндану, сенімсіздік сезімдерін тудыра бастады. Мысалы, отбасы ертеректе сенімді, қауіпсіз ошақ болса, қазіргі кезде жанұядағы келіспеушілік, түсініспеушілік əсерінен үлкен мəселелерге (өз-өзіне қол жұмсау, қылмысқа бару т.б.) итермелуші себептерінің біріне айналып отыр.
Қазіргі жеткіншек мазмұны бойынша жəне əлеуметтану теңденциялары жағынан күрделі ортада өмір сүреді. Бұл, біріншіден, техника-технологиялық құралдардың жылдам жасалу қарқынымен, екіншіден, ақпараттың қанық сипаттарына, үшіншіден, экономикалық-экологиялық дағдарыстарға байланысты. Ал бұл кезегінде балаларда үмітсіздікті, ал жастарда санасыз қарсылық əрекеттерін, қоғамдық қызығушылық жақтың қасынан дамитын индивид дамуын туындатады. Адам қоғамындағы топтар ішінен осы жеткіншектер көбінесе елдегі əлеуметтік, экономикалық, моральдік тұрақсыздықта көп жапа шегеді. Олар құндылықтар мен идеалдардың ескесін бұзып, жаңасын əлі жасай алмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет