медико-әлеуметтік сараптамалық комиссия
бас дәрігер
емдеуші дәрігер
сот
9.Соттық-психиатриялық сараптаманың басты мәселесі не?
еңбекке жарамдылық мәселесін шешу
әскерге жарамдылық мәселесін шешу
кәсіби жарамдылық мәселесін шешу
еріктен тыс госпитализациялау мәселесін шешу
есі дұрыс немесе дұрыс еместігі мәселесін шешу
10.Стационарлық соттық-психиатриялық сараптаманың мерзімі неше күннен аспауы керек?
30 күннен
50 күннен
60 күннен
20 күннен
2 аптадан
СӨЖ
Тапсырма 7 тақырып бойынша:
Пенитенциарлық психиатрияның ұйымдастырушылық-құқықтық негіздері.
Тапсырма: 7 тақырыптары бойынша конспект дайындау және оны қорғау;
Әдістемелік нұсқау. Конспект бұл – белгілі бір тақырып бойынша студенттің жазбаша жұмысы. Студент конспект жазу кезінде берілген тақырып бойынша барлық әдебиеттерді жинақтап, талдау жасап ғылыми материалдарды жүйеге келтіру керек. Кері байланыс «Univer» платформасы (мүмкіндік шектеулі болған жағдайда электронды пошта қолданылады) арқылы жүзеге асырылады.
Пенитенциарлы психологияның зерттеу пәні, объектісі және міндеттері.
Пенитенциарлы психология заң психологияның бір саласы болып табылады. Латын сөзінен аударғанда –«poenitentiarius»-өкінетін және түзетілген деген мағынаны білдіреді.
Пенитенциарлы психология – бұл қылмыстық-атқару жүйесі шеңберіндегі «адам-құқық» жүйесінде әрекет ететін психикалық құбылыстар мен фактілерді зерттейтін заң психологияның бір саласы.
Пенитенциарлы психологияның объектілеріне
мыналарды жатқызуға болады:
— айыпталушы тұлғасы, оның спецификалық ерекшеліктерінің динамикасы,
жазасын өтеудің әр түрлі жағдайында және реәлеуметтендіру процесінде
көрініс беру тәсілдері;
— айыпталушылар топтары мен бірлестіктері, олардың әлеуметтік-психологиялық сипаттамалары, құндылық бағдарларының ерекшеліктері,
асоциалді субмәдениеттері, айыпталушылар арасындағы стратификация;
— айыпталушыларды түзету мен реәлеуметтендірудің негізгі
құралдарының психологиялық негізділігі;
— қылмыстық жазаны өтеу мекемелері қызметкерлерінің тұлғасы мен
ұжымы, олардың айыпталушыларды түзету және реәлеуметтендіру
процесін ұйымдастыруға байланысты іс әрекеті;
— қылмыстық орындау заңы нормаларына психологиялық сараптама тағайындау
және олардың айыпталушыларды түзету мен реәлеуметтендіру
міндеттеріне сәйкес келуі.
Пенитенциарлы психологияның пәні ретінде- сотталғандар өмірінің психологиялық сипаттамалары, сондай-ақ түзету мекемелері қызметкерлерінің жеке тұлғасының, қарым-қатынасының және кәсіби қызметінің психологиялық ерекшеліктері.
Пенитенциарлы психолоияның міндеттері:
— Сотталған адамның жеке тұлғасынының психологиялық ерекшеліктерін зерттеу;
— Сотталғандардың жасына, ұлтына, жынысына байланысты ерекшеліктерін қарастыру;
— Сотталғандарды қайта әлеуметтендіру процесінің психологиялық негіздерін зерттеу;
— Тәрбие және басқа іс-шаралардың әсерінен сотталушының санасында және мінез-құлқында болып жатқан өзгерістерді психологиялық талдау;
— Түзету мекемесінің қызметіндегі әлеуметтік-психологиялық мәселелерді зерттеу (сотталғандар тобы, сотталғандар арасындағы қақтығыстар, сотталғандарды ТМ жағдайларына бейімдеу);
— ТМ қызметкерінің жеке тұлғасының психологиясын, сондай-ақ оның кәсіби қызметі мен қарым-қатынасының психологиялық негіздерін зерттеу.
Пенитенциарлы психологияның даму кезеңдері:
— I кезең. Революцияға дейінгі Ресейдегі пенитенциарлық-психологиялық көзқарастардың сипаттамасы зерттеулерге гуманистік және рухани-адамгершілік бағыт тән болды: сотталғандардың діни-адамгершілік тәрбиесі мәселелері зерттелді; сотталғандармен адамгершілік қарым-қатынас идеялары дамыды.Ғалымдар: Д. А. Дриль, И. Я. Фойницкий, М. Н. Гернет, С. В. Познышев, С. К. Гогель және т. б.
— II кезең. 20-30 жылдардағы пенитенциарлық-психологиялық көзқарастардың сипаттамасы пенитенциарлық көзқарастар К.Маркс, Ф. Энгельс және В. Лениннің идеяларына негізделді. Қылмыс әлеуметтік өмір сүру жағдайынан туындайды деп есептелді.Тәрбие әдістері — өнімді еңбек, оқыту, саяси тәрбие негізделді.Зерттеулер: М. Н. Гернет – сотталғандардың жеке тұлғасының психологиясы; М. М. Исаев-режимнің рецидивистерге және бірінші рет сотталғандарға әсері;С. Бройде — сотталғандардың қоғамдық оқиғаларды қабылдау, сотталғандар қауымдастықтарының жұмыс істеуі, сотталғандардың психикалық жай-күйі мәселелері
III кезең. ХХ ғасырдың 60-80-жылдарындағы пенитенциарлық-психологиялық көзқарастардың сипаттамасы. Отандық ғылым коммунистік тәрбие теориясының принциптеріне негізделді және айқын идеологиялық сипатта болды. Сотталғандардың жеке тұлғасына, түрме субмәдениетінің ерекшеліктеріне, сотталғандардың шағын және үлкен топтарына психологиялық зерттеулер жүргізілді (В. Ф. Пирожков)
IV кезең. Қазіргі кезеңдегі пенитенциарлық психологияның сипаттамасы марксистік-лениндік ықпалдарды қайта бағалау және қайта қарастыру авторитарлық психологиялық-педагогикалық ықпалды жеңілдету қайта әлеуметтену және гуманизация идеяларын жариялау, пенитенциарлық диагностика мен психокоррекция белсенді дамып келеді.
Түзету мекемедегі психологиялық қызметінің негізгі функциялары:
— Психодиагностикалық-бұл психологиялық диагноз қою және жеке тұлғаны терең және жан-жақты зерттеу негізінде психологиялық портретті құрастыру.
— Психокоррекциялық-бұл әлеуметтік-психологиялық көзқарастарды, жеке тұлғаның құндылық бағдарларын мақсатты түрде өзгерту, өзін-өзі басқару әдістерін, қарым-қатынас дағдыларын дамыту, сонымен қатар тұлғаның стресске төзімділігін арттыру. Психокоррекциялық жұмыстың бір түрі-психологиялық кеңес беру.
— Психопрофилактикалық-тұлғааралық қақтығыстардың, суицидтердің, эмоционалды күйінуді және басқа да жағымсыз көріністердің алдын алудан тұрады, сондай-ақ сотталған адамның мінез-құлқындағы бұрын-соңды болмаған әсерді қамтамасыз етуді көздейді.
— Ағартушылық — пенитенциарлық мекеме тұлғасының психологиялық мәдениеті мен психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін арттыруға бағытталған.
Психологиялық қызметінің жұмысы екі бағытта жүзеге асырылады:
■ Сотталғандармен жұмыс :
— сотталғандардың, күдіктілердің психологиялық ерекшеліктерін диагносттау;
— сотталғандарды түзету процесін дараландыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
— сотталғандарды дағдарыстық және стресстік жағдайларды жеңуге көмектесу;
— сотталғандардың, айыпталушылардың, күдіктілердің деструктивті мінез-құлқын болжау және алдын алу;
— тұлғааралық қатынастарды оңтайландыру, қақтығыстық жағдайларды уақтылы шешу мақсатында сотталғандардың әлеуметтік ортасындағы әлеуметтік-психологиялық құбылыстарды зерттеу;
-сотталғандарды босатуға және бостандықта өмір сүруге психологиялық дайындау.
■ Қызметкерлермен жұмыс
— Кәсіби психологиялық іріктеу жүргізу, кәсіби бағытта психологиялық көмек көрсету және қиын өмірлік жағдайға тап болған қызметкерлер мен олардың отбасыларын психологиялық сүйемелдеу;
— Жас қызметкерлерге қызмет жағдайларына бейімделуде психологиялық көмек көрсету;
— Қызметкерлердің тиімді қызметтік іс-әрекеті, жеке дамуы, өзін-өзі жүзеге асыруы үшін қолайлы жағдайлар жасауға ықпал ету;
— Деструктивті құбылыстардың психопрофилактикасы және қызметкерлердің кәсіби деформациясы;
— Кадрлар резервін психологиялық қамтамасыз ету;
— Қызметкерлер ұжымындағы әлеуметтік-психологиялық климатын бақылау, оны оңтайландыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
— Қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелеріне кәсіби және жеке мәселелер бойынша психологиялық кеңес беру;
— Төтенше жағдайларда қызметкерлердің қызметін психологиялық қамтамасыз ету.
Достарыңызбен бөлісу: |