63
Сурет 4 – Ядролардың синтезі
Жоғары оқу орнының оқытушысы ӛз дәрістерінде атомдық және ядролық
физика құбылыстары мен процестерін түсіндіруде анимациялық-компьютерлік
технологияны қолданып ӛткізсе, онда осындай
дәрістер тыңдаған болашақ
физика мұғалімдері де ӛз сабақтрында дәл солай ӛткізуді үйренеді.
Жалпы, визуалды техникалық оқыту құралдары сабақта қолдану білім
алушылардың білім сапасын арттырып қана қоймайды,
оларды тұлға ретінде
қалыптастыруға ӛз әсерін тигізеді. Тек оларды тақырыптың ерекшеліктеріне,
мән-мағынасына қарай таңдап, орынды қолдана білу керек.
Сурет 5 – Ядролардың бӛлінуі
Ядролардың синтезі
Ядролардың бөлінуі
64
Қорыта айтқанда, педагогикалық жоғары оқу орындарында атомдық және
ядролық физиканы оқытуда аудиовизуалды оқу
құралдарын қолдану атомдық
және ядролық физиканың негізгі ұғымдарының мәнін тереңірек ашуға, атомдық
және ядролық физиканың құбылыстары мен процестерін бақылауға мүмкіндік
береді. Сондай-ақ материалды терең түсінуге, баяндалатын құбылыстардың
физикалық мәнін неғұрлым кең ашуға кӛмектеседі және білім алушыларды
шығармашылыққа жетелейді деп есептейміз [75].
Бірінші тарау бойынша тҧжырым
Бүгінгі қарқынды дамып келе жатқан қоғам
педагогикалық жоғары оқу
орындарында оқыту технологияларын жетік меңгерген, білімді де алғыр
мұғалім даярлауды міндет етіп отыр.
Осыған орай, бірінші тарауда педагогикалық
жоғары оқу орындарында
болашақ физика мұғалімдерін даярлаудың мәселелері қарастырылды. Әдіскер
ғалымдардың болашақ мұғалімдерді даярлау мәселесіне арналған еңбектеріне
талдау жасау негізінде болашақ физика мұғалімдерін даярлаудың практикалық
іс-әрекетке негізделген моделі кӛрсетілді.
Болашақ физика мұғалімдерін даярлаудың
практикалық іс-әрекетке
негізделген моделі негізінде оқу практикасына енгізілген оқытудың
психодидактикалық модельдері және білім беру модельдерін іске асыруға
арналған психодидактикалық әдістері берілді.
«Атомдық және ядролық физика» курсының
құрылымы және мазмұндық
ерекшеліктері талданып, «Атомдық және ядролық физика» курсының
бағдарламасы келтірілді.
5В011000 – Физика мамандығында оқылатын «Атомдық
және ядролық
физика» курсы мен мектептің 9 және 11 сыныптарының физика курсында
атомдық және ядролық физика бойынша оқытылатын мәселелердің мазмұны
берілді.