Оспанбеков ербол анарбекович


Қалыптастыру эксперименті (2016 ж.)



Pdf көрінісі
бет34/44
Дата15.05.2024
өлшемі1.75 Mb.
#501166
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   44
Ospanbekov erbol

Қалыптастыру эксперименті (2016 ж.) 
Бақылауға арналған және эксперимент жүргізілетін топтар мен сыныптарды 
таңдау; бақылауға алынған және экспериент жүргізілетін топ білім алушылары мен 
сынып оқушыларының зерттеліп отырған мәселе бойынша бастапқы білім 
деңгейлерін анықтау;«Атомдық және ядролық физика» курсын орта мектепте оқытуға 
мұғалімдерді даярлау әдістемесінің тиімділігін және ғылыми болжамның дұрыстығын 
анықтау мақсатында эксперимент жүргізу орындарында ұсынып отырған әдістемені 
қолданып сабақтар жүргізу. Қалыптастыру экспериментіне барлығы 137 білім алушы, 
78 оқушы қатысты. 
Бақылау кезеңі 
Экспериментті топта және сыныпта ұсынылған әдістемені толығымен қолдану. 
Бақылау тобы мен сыныбында тек оқу материалын қолдану 
Нәтижелерді салыстыру 
«Атомдық 
және 
ядролық 
физика» 
курсының 
зертханалық жұмыстарының құрамын толықтыру; 
Атомдық және ядролық физика бойынша практикалық 
жұмыстардың компьютерлік модельдеуі мен тренажер 
тапсырмасын оқу үдісіне енгізу және оларды пайдалана 
білулерін үйрету, барлығы 129 білім алушы, 74 оқушы 
қатынасты. 
экспериментаторлармен 
семинарлар жүргізу. 
компьютерлік модельдерді оқу үрдісіне енгізу; 
қатынасу, 
Әдістері: 
Сабақтарға 
Атомдық және ядролық физика бойынша компьютерлік 
модельдеулер жасалытын тақырыптар тізбесін іріктеу; 
Атомдық және ядролық физика бойынша жасалған 
Іздену эксперименті (2015 ж.) 
бақылау жұмыстарын жүргізу; барлығы 2 ЖОО, 2 мектеп, мұғалімдерге сауалнама 
137 білім алушы және 78 оқушы қатысты. 
жүргізу. 
Оқытушыларға және 
Білім алушылар мен оқушыларға сауалнама жүргізу; 
Анықтау эксперименті (2014 ж.) 


105 
- эксперименттік және бақылау топ оқушыларының атомық және ядролық 
физика мәселелері бойынша білім сапасын салыстыру; 
- тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың нәтижелерін статистикалық, 
математикалық ӛңдеу. 
Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың бірінші кезеңі – анықтау 
эксперименті. Бұл кезеңнің эксперименті 2013-2014 жылдары аралығында 
жүргізілді. 
Анықтау эксперименті кезеңінде зерттелетін мәселенің нақты жағдайының 
деңгейін анықтау мақсатында физика оқулықтарына, оқу-әдістемелік 
құралдарға, жоғары оқу орнында физиканы оқыту әдістемесі жүйесіндегі 
пәндердің, соның ішінде «Атомдық және ядролық физика» курсының 
бағдарламалары мен оқу-әдістемелік құралдарына талдау жасалды. 
Анықтау эксперименті барысында әртүрлi әдiстер пайдаланылды: зерттеу 
жұмыстары бойынша педагогикалық, физикалық, әдістемелік еңбектер мен 
зерттеу тақырыбына байланысты диссертациялық жұмыстар талданды, 
еліміздегі жоғары оқу орындарында 5В011000 – «Физика» мамандығы 
бойынша студенттерге оқытылатын пәндерге, олардың бағдарламаларына 
талдаулар жасалды; физик мұғалімдерге деген сұраныс, физиканы оқытудағы 
озық тәжірибелер зерттелінді; студенттермен, жоғары оқу орындарының 
оқытушыларымен, физик ғалымдармен, мектеп мұғалімдерімен әңгіме 
ӛткізілді. 
Сонымен, анықтау эксперменті кезеңінде жоғарыда аталған оқу 
орындарындағы оқу-тәрбие үдерісінің нақты жағдайы мен осы даярлаудың 
бастапқы деңгейін анықтау үшін мына міндеттердің шешімі іздестірілді: 
1) педагогикалық жоғары оқу орындарында «Атомдық және ядролық 
физика» курсын оқыту сапасын анықтау; 
2) педагогикалық жоғары оқу орындары білім алушыларының «Атомдық 
және ядролық физика» курсы бойынша білім дәрежесін анықтау
3) мектеп оқушыларының атомдық және ядролық физика мәселелері 
бойынша білім дәрежесін анықтау; 
4) «Атомдық және ядролық физика» курсы оқытудың қиыншылықтарын 
анықтау; 
5) «Атомдық және ядролық физика» курсын орта мектепте оқытуға 
мұғалімдерді даярлаудың әдістемелік негіздерін ұсыну үшін қажетті 
дидактикалық материалдарды дайындау. 
Бұл мәселелерді шешу барысында сауалнамалар жүргізу, бақылау 
жұмыстарын алу, әңгімелесу сияқты тәсілдер қолданылды. 
Анықтау эксперименті кезеңінде (2013-2014 оқу жылдары) зерттеу 
мәселесін талдау жұмыстары; педагогикалық жоғары оқу орындарында 
«Атомдық және ядролық физика» курсын орта мектепте оқытуға мұғалімдер 
даярлаудың қиыншылықтарын анықтау; туындаған қиыншылықтарды 
компьютерлік модельдеулерді қолдана отырып, шешу жолдарын анықтау; 
мектептерде зертханалық және практикалық жұмыстарды жүргізуді жетілдіру 
жолдарын іздестіру; әдіскер ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын талдау; 


106 
түрлі педагогикалық технологияларды қолдану арқылы «атомдық және
ядролық физика» курсын оқытудың тиімді жолдарын қарастыру жұмыстары 
атқарылды. 
5В011000 – «Физика» мамандығы бойынша Абай атындағы ұлттық 
педагогикалық университетінен 66 білім алушы, Қазақ мемлекеттік қыздар 
педагогикалық университетінің 5В011000 – «Физика» мамандығы бойынша, 71 
студент, Алматы қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы №123 мектеп-гиназиясынан 
41 білім алушы, №172 мектеп-гиназиясынан 37 білім алушы қатысты. Алдымен 
атомдық және ядролық физикаға студенттер мен білім алушылардың 
қызығушылығын анықтау үшін сауалнамалар жүргізілді (қосымша А). 
Атомдық және ядролық физика бойынша білім алушылар мен мектеп 
оқушыларының білімін анықтау үшін тапсырмалар дайындалды. 
Анықтау эксперименті кезеңінде жүргізілген сауалнама, білім деңгейін 
анықтауға берілген тапсырмалар нәтижесінен білім алушылар мен мектеп 
оқушыларының атомдық және ядролық физикаға деген қызығушылықтары мен 
білім деңгейлерінің тӛмен екендігі анықталды. Ал, оқытушылар мен мектеп 
мұғалімдерінің атомдық және ядролық физика құбылыстары мен процестерін 
түсіндіруде, практикалық жұмыстарды жүргізуде қиындыққа тап болатындығы 
анықталды. Осылайша бірінші кезеңдегі анықтау эксперименті зерттеу 
тақырыбының ӛзектілігін аша түсті. 
Жасалған қорытындылар нәтижесінде анықтау эксперименті кезеңінде 
тӛмендегі міндеттерді алға тарттық: 
Екінші кезеңде іздену эксперименті (2014-2015 оқу жылдары) ӛткізілді. 
Іздену эксперименті кезеңіне тӛмендегідей міндеттер қойылды: 
- «Атомдық және ядролық физика» курсын орта мектепте оқытуға 
мұғалімдерді даярлаудың маңызын кӛрсету; 
- Атомдық және ядролық физика бойынша компьютерлік модельдеулер 
жасалатын тақырыптар тізбесін іріктеу; 
- Атомдық және ядролық физика бойынша жасалған компьютерлік 
модельдерді оқу үрдісіне енгізу; 
- «Атомдық және ядролық физика» курсының зертханалық жұмыстарының 
құрамын толықтыру; 
- Атомдық және ядролық физика бойынша практикалық жұмыстардың 
анимациялық-компьютерлік технология мен тренажер тапсырмасын оқу үдісіне 
енгізу; 
- «Атомдық және ядролық физика» курсын орта мектепте оқытуға 
мұғалімдерді даярлау әдістемесінің тиімділігін эксперимент жүзінде дәлелдеу. 
Қалыпстастырушы эксперимент кезеңінде «Атомдық және ядролық физика» 
курсын орта мектепте оқытуға мұғалімдерді даярлау әдістемесінің тиімділігіне 
бақылау жүргізілді. Мұнда атқарылған жұмыстар тӛмендегідей болды: бақылауға 
алынатын және эксперимент жүргізілетін топтарды және сыныптарды таңдау; білім 
алушылардың, мектеп оқушыларының ұсынып отырған әдістеме бойынша оқытуға 
дейінгі және одан кейінгі білім дәрежесін анықтау; атомдық және ядролық физика 
құбылыстары мен процестерін компьютерлік модельдеудің кӛмегімен Абай 


107 

атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінде, Қазақ мемлекеттік қыздар 
педагогикалық университетінде, Алматы қаласындағы Қ.Ясауи атындағы №123 
мектеп-гимназиясында, №172 мектеп-гимназиясында аталған эксперимент 
базаларында атомдық және ядролық физика бойынша практикалық 
жұмыстарды компьютерлік модельдеу кӛмегімен ӛткізу. Қалыптастыру 
экспериментіне барлығы 78 білім алушы және 69 оқушы қатысты. 
Бақылау 
жұмыстары 
эксприменттік 
және 
бақылау 
топ 
білім 
алушыларынан, 11 эксперименттік және бақылау топ оқушыларынан бүкіл 
қалыптастыру эксперименті барысында алынып отырды. 
Әрбір тақырып ӛткен сайын эксперимент жүргізілген топ білім алушылары 
мен оқушылары сынақтан ӛтіп отырды. 
Әрбір бес апта сайын эксперименттік және бақылау топ білім 
алушыларынан, 
мектептердің 
эксперименттік 
және 
бақылау 
сынып 
оқушыларынан әрбір тарау біткен соң қиықтар алынып, білім алушылар мен 
оқушылардың білім деңгейлері анықталды. Білім алушылар мен оқушылардың 
білім деңгейлері анықтауға арналған тапсырмалар қосымшада келтірілді 
(қосымша Б және В). 
Жоғары деңгей, теориялық білімді жетік меңгерген, алған білімдерін кез 
келген мәселені шешуде еркін кӛрсете алады. Алған білімін нақты іс-жүзіндегі 
жағдайлармен оңай ұштастырып, байланыстыра алады. Бұл деңгейде білім 
алушылар мен оқушылар барлық тапсырмаларды рет-ретімен ойластырған 
түрде орындай біледі. 
Орташа деңгей, теория жүзінде алған блімдерін барынша практикада 
қолдануға тырысады. Бірақ оларды іске асырудың әдіс-тәсілдерін толық 
меңгермеген. Алған білім, іскерлік, дағысын іс жүзінде толық кӛрсете алмайды. 
Тӛменгі деңгей, бұл деңгейдегі білім алушылар мен оқушылар жекелеген 
тапсырмаларды ғана орындай алады, олардың әркетінде белгілі бір жүйелілік 
жоқ. Материалды саналы түрде түсіну жағы жеткіліксіз. 
Эксперимент жүргізу барысында эксперименттік және бақылау топ білім 
алушылары мен оқушыларының нәтижелері салыстырылып, кемшіліктер 
бойынша жұмыстар жүргізілді. 
Ұсынылған әдістеменің тиімділігін анықтау мақсатында, сондай-ақ білім 
алушылардың атомдық және ядролық физика курсынан алған білім элементтері 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет