Пәннің қысқаша сипаттамасы.
Пәнді оқытудың мақсаты атомдық және ядролық құбылыстарды,
ұғымдарды, заңдарды, теорияларды оқып үйрену; атомдық және ядролық
құбылыстарды бақылау және эксперименттік зерттеудің негізгі әдістерімен
таныстыру; кванттық механиканың негізгі ұғымдарымен және физикалық
құбылыстарды оқып- үйрену;
Курстың негізгі мәселесі:
- атомның құрылысы, атомның энергия деңгейлері және бұлардың
сипаттамалары;
- сәуле шығарылып және шығарылмай атомда өтетін кванттық көшулер,
атомның қозуы;
- атомдардың электрлік, магниттік және спектроскопиялық қасиеттері
және де бұлардың сыртқы электр және магнит өрістердегі тәртібі жайында;
- кванттық механиканың негізгі заңы – Шредингер теңдеуі;
- атомдар мен молекулалар спектрлеріндегі маңызды заңдылықтарды
оқып-үйрену болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |