13
гимназиясында жүргізілді. Тәжірибелік-эксперименттік жұмысқа жалпы 78
студент, 137 білім алушы қатыстырылды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы
- педагогикалық жоғары оқу орындарында болашақ физика мұғалімдерін
даярлау мәселелері қарастырылып, білім алушыларға «Атомдық және ядролық
физика» курсын оқытуда визуалды техникалық оқыту құралдарын
пайдаланудың тиімділігі ғылыми тұрғыдан негізделді;
- жалпы білім беретін орта мектепте «Атомдық және ядролық физиканы»
оқытудың жағдайына талдау жасалып, оның педагогикалық жоғары оқу
орындарындағы мазмұнымен сабақтастығы көрсетілді;
- «Атомдық және ядролық физика» курсының құрылымы мен мазмұндық
ерекшеліктері сипатталып, атомдық және ядролық физика бойынша визуалды
техникалық оқыту құралын дайындауға қажетті оқу материалының мазмұны
анықталды;
- болашақ мұғалімдерді орта мектептегі «Атомдық және ядролық
физиканы»
оқытуға
даярлауда
оларды
анимациялық-компьютерлік
технологияны пайдаланып кәсіби бағытта оқыту бойынша әдістемелік
ұсыныстар даярланды;
- болашақ физика мұғалімдеріне атомдық және ядролық физиканы оқыту
бойынша ұсынылған әдістеменің тиімділігі тәжірибелік-эксперименттік жұмыс
барысында тексерілді және оқу үдерісіне ендірілді.
Достарыңызбен бөлісу: