Оспанкулов ернар ерланович



Pdf көрінісі
бет14/75
Дата14.10.2023
өлшемі1.83 Mb.
#480725
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   75
disser ernar

шынықтыру 
сабағының
7 сериясы
Сап 
жаттығулары
Тұтас дене 
үшін 
жаттығулар
Турникке 
асылу және 
тірек 
жаттығулары
Жүгіру және 
ойындар
Дене тұлғасы 
үшін 
жаттығулар
Секіру және 
ойындар
Тыныс алу 
жаттығулары


18 
снарядтық гимнастикасы, Мюллердің тыныс алу гимнастикасы, Сандов 
атлеттік гимнастикасы, сокольдық гимнастикасынан бастау алатыны белгілі. 
Соңғы жылдары жалпы дамыту жаттығулары шығыстық элементтермен, атап 
айтқанда, қытай гимнастикасымен, йога жаттығуларымен толығып келеді. Дене 
шынықтыру пәні бойынша дидактикалық мұра болып саналатын бұл 
жүйелерге тоқталу себебіміз – олардың бастауыш сынып оқушыларына ЖДЖ-
ны өз бетімен орындауға дағдыландыру үдерісінде негіз болып 
табылатындығы. 
Жалпы дамыту жаттығуларының бастауыш мектепте қолданылуын 
әдістемелік жүйеге бірізділікпен түсіру жалғасқандығы 1939 оқу жылына 
арналған оқу жоспарына енгізілген көптеген өзгерістер қатарынан көрінеді. 
Еңбек және қорғанысқа дайын болу (БГТО және ГТО) және Бірыңғай 
Бүкілодақтық жіктеме (Единая Всесоюзная классификация) нормативтері 
енгізіліп, мектеп пен жоғары оқу орындары білім алушыларға дене 
шынықтыруды сол бағыттағы дайындық есебінде ұйымдастыру көзделді.
ХХ ғасырдың 40-жылдарында кеңестік бастауыш мектептерінде 1-4 
сыныптарға арналған дене шынықтыру бағдарламасы бірқатар күрделі емес 
гимнастикалық жаттығулардан тұратын оқу материалын ұсынды. Олардың 
қатарында жалпы дамыту жаттығулары, дәстүрлі қозғалыс бала ойындары, 
шаңғы тебудің қарапайым базалық дағдылары. Сонымен бірге осы жылдардағы 
дене шынықтыру пәні әскери дайындық негіздерін үйретуге бағытталған 
болатын. Оның ішінде химиялық қаруға қарсы қорғаныс әдістерін үйрету де 
дене шынықтыру пәнінің міндетіне енген. 1-4 сыныптарға арналған дене 
шынықтыру бағдарламасының мазмұны саяси тақырыптардан құралған. Ал осы 
ғасырдың 50-жылдарынан бастап кеңестік бастауыш мектепке арналған дене 
шынықтыру бағдарламасы кеңестік спорттың халықаралық жүйедегі беделіне 
бағытталды. 
Соның ішінде 1954/1955 оқу жылына арналған оқу бағдарламасында
бастауыш мектепке арналған бағдарламада гимнастика жаттығулары, спорттық 
жаттығулар, жеңіл атлетика жаттығулары үш салаға бөлініп берілді.
1-4 сыныптар үшін білімдік мақсат «бастауыш сынып оқушыларын 
гимнастиканың, спорттың, ойындардың негізгі түрлеріне дағдыландыру» деп 
қойылды. Осы жылғы оқу бағдарламасынан бастап дене шынықтыру 
жаттығулары біртіндеп бастауыштан негізгі мектепке қарай, жеңілден 
күрделіге қарай сабақтастықпен оқыту көзделді.
Жалпы дамыту жаттығуларына үлкен көңіл бөлініп, үй тапсырмаларын 
орындату арқылы оқушылардың өз бетімен орындауға дағдыландыру міндет 
етілді. 1-2 сыныптарға арналған дене шынықтыру пәнінің оқу материалы 
гимнастика және ойындардан құралды. Ал 3-4 сыныптарға арналған оқу 
материалының мазмұны гимнастика, ойын, шаңғы даярлығынан құралды [33].
Оқу бағдарламаларының мазмұны 1960 жылы жаңа мақсат-міндеттермен 
толықтырылды. «Жеңіл атлетика» саласы дербес бөлініп шығарылып, спортқа 
дайындайтын ойындар қосылған.


19 
Осы жылғы оқу бағдарламасында балалардың дене тәрбиесі, денсаулығын 
нығайту міндеттері тек дене шынықтыру сабақтарында ғана емес, дене 
жаттығуларын өз бетімен орындауға дағдыландырудың және соған 
лайықталған іріктелінген сабақтан тыс іс-шараларда да жүргізіліп, үздіксіз 
үдеріс ретінде құрылуымен шешілуі көзделгені айтылған.
Қазақстанда дене шынықтыру мен спорттың дамуында үлкен орын алған 
қаулы 1967 жылы 11 ақпанда қабылданған болатын. Халық арасында дене 
шынықтыру мен спортты кең таратуда мектеп оқушыларының орны айқын 
көрсетілді [34].
Сол жылдардан бастап Тәуелсіз Қазақстан құрылған 1991 жылға дейінгі 
уақыт аралығында бастауыш сынып оқушыларының дене шынықтыруы туралы 
мәселе үкіметтік құжаттарда, әдістемелік-нормативтік құжаттарда әрдайым 
қарастырылып келді. Оқушылардың дене мәдениетінің негізі қалыптасуы және 
салауатты өмір салтын қалыптастыруы педагогикалық арнайы зерттеулердің 
нысаны ретінде зерттеліп, дене мәдениеті мен спортты дамыту 
бағдарламаларының мазмұны жетілдіріліп келді.
Бұл туралы Т.А. Ботағариев былай дейді: «Еліміздегі дене тәрбиесінің 
жүйесі, оның қалыпты қызмет етуін реттейтін белгілі бір нормативтік 
құжаттарға, актілерге сүйенеді. Бұл құжаттардың әртүрлі заң күші бар 
/қаулылар, заңдар, жарлықтар, нұсқаулар/. Олардың ішінде еліміздің жаңа 1995 
жылғы 30 тамызда қабылданған Конституциясының алар орны ерекше /29 бап/. 
Бұл бапта Қазақстан Республикасының азаматтарының денсаулығын сақтауға 
құқылы екендігі бекілген. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жыл 24 
карашадағы №1593 Қаулысында спортты және дене тәрбиесін нақтылы 
шаралары белгіленген. Әдістемелік негіздері дене тәрбиесінің заңдылықтарын 
және оқыту мен тәрбиелеу қағидаларын жүзеге асыру жөніңдегі тиісті 
ұсыныстарды, сонымен қатар тұрғын халықтың әрбір әлеуметтік тобымен 
жаттығудың әдістері мен формаларын ұйымдастыруды, құрал жабдықтарды 
пайдалану жөніндегі ұсыныстарды қамтиды» [35]. 
Д.С. Алхасовтың бастауыш мектепте дене шынықтыру пәнін оқыту 
әдістемесіне арналған кітабында былай көрсетеді: «Дене шынықтырудың басты 
міндеттерін шешудің әдістемелік негіздерін кешенді түрде шешу керек.
Сауықтыру міндеттері: 1. Денсаулықты нығайту, қалыпты физикалық 
дамуға ықпал ету. 2. Жас ерекшелігіне сай, физикалық қасиеттерінің оңтайлы 
және гармониялықпен дамуын қамтамасыз ету. 3. Жұмыс қабілетін жоғарылату, 
гигиеналық дағдыларды сіңдіру.
Білімдік міндеттер: 1. Өмірлік маңызды қимыл-қозғалыс дағдыларын 
қалыптастыру және жетілдіру. 2. Дене шынықтыру саласынан қажетті білім 
қалыптастыру.
Тәрбиелік міндеттер: 1. Оқушының жеке тұлғасының моралдық-
адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу. 2. Тұлғалық қасиеттерін тәрбиелеу.
3.Дене жаттығуларын әрдайым орындауға деген қажеттілігін тәрбиелеу, 
адамзат жинақтаған құндылықтарға деген қызығушылығын тәрбиелеу» [36].


20 
Осы еңбегінде Д.С. Алхасов оқушылардың қимыл-қозғалыс дағдыларын 
қалыптастырудың үш кезеңін көрсетеді.
Автордың айтуынша, үйренудің алғашқы кезеңінің мақсаты – оқушыларда 
үйретілетін жаттығулардың қимыл-қозғалысының техникалық негіздерін 
қалыптастыру. Міндеттері – қозғалыс әрекеті туралы мағыналық және көру 
арқылы ақпарат беру яғни – әрекеттің бағдарлы негіздері (ӘБН); қимыл-
қозғалысты көрсете отырып; негізгі тірек нүктелер (НТТ) туралы ақпарат 
қалыптастыру; (алғашқы дағды бойынша) жаттығу қимыл-қозғалыстарын
жалпылама түрде тұтас орындауына қол жеткізу; жаттығудың қимыл-
қозғалысы техникасында болуы мүмкін өңін айналдыруларды болдырмау 
немесе алдын алу.
Жалпы 
дамыту 
жаттығуларының 
қимыл-қозғалыс 
техникаларын 
қалыптастыруда мұғалімнің түсіндіруі, оқушыға қимылды көрсету, көрнекі 
құралдарды көрсету, оқушыларға жаттығуды алғаш рет орындауы барысында 
өздерінің бұлшық ет қимыл-қозғалысына талдау жасату; басқалардың 
орындауына зер салып қарау – барлығы жалпы дамыту жаттығуларын үйрету 
әдістемелік жүйесіне енгізуге болатын әдістер. 
Жаттығуды тереңдете үйрету кезеңінің мақсаты – жаттығуларды 
толыққанды орындау дағдыларын қалыптастыру. Басты міндеттері – жаттығу 
барлық негізгі және жанама тірек нүктелерін орындау әрекетін нақтылау; 
оқушы жаттығуды кеңістікті, уақытты, динамикалық сипатты саналы түрде 
бақылай отырып, толық орындауына қол жеткізу. 
Жаттығуды бекіту және одан әрі жетілдіру кезеңінің мақсаты – қозғалысты 
үйренгенін оны қажетінше пайдалануға жарату үшін тұрақты дағдыға 
айналдыру. Басты міндеттері – жаттығудың қимыл-қозғалыстарын орындауды 
тұрақты және автоматизм деңгейіндегі дағдыға жеткізу; жаттығу қимылдарын
орындауды оны өмірлік тәжірибеде қолдану, пайдалану талаптарына (барынша 
күш салу, жылдамдық, үнемділік, дәлдік, рационалды ырғақ т.б.) сәйкес 
орындауға жеткізу; нақты практикалық жағдайларға байланысты, қимыл-
қозғалысты орындаудың баламалық/вариативтік нұсқасын қамтамасыз ету. 
Д.С. Алхасов мектеп жасындағы оқушыларды қимыл-қозғалыстарға
үйрету жүйесінің әдістемелік қағидаларын қарастыра келе, мына мәселелерге 
аса зер салады. Жаттығулардың қимыл-қозғалыстарын игеру дәрежесі 
орындалған жаттығулардың педагогикалық түсініктемелеріне сәйкес келуін 
қадағалау керек. Яғни, нақты айтар болсақ: 
– жалпы кескінін көру деңгейінде; 
– алғашқы қимыл-қозғалыс деңгейінде; 
– толыққанды қимыл-қозғалыс деңгейінде; 
– игерілген дағдылы қозғалыс деңгейінде.
Осыларға қысқаша тоқталып өтейік.
Ғалымның атап көрсетуінше, жаттығудың жалпы кескінін көру деңгейінде 
меңгертудің мазмұны – жаттығудың «кескін суретін» көрсететін тұтас орындау 
техникасының буындарын меңгерту дегенді білдіреді. 


21 
Оқушылардың жаттығуды алғашқы қимыл-қозғалыс деңгейінде меңгеруі 
дегеніміз – жаттығудың сыртқы құрылымын ғана емес, оны орындау 
техникасының кейбір параметрлерін жақсарту мақсатында бұлшық еттерге 
көбірек күш түсіре орындауын көрсетуі. 
Оқушылардың жаттығуды толыққанды қимыл-қозғалыс деңгейінде 
меңгеруі дегеніміз – оның техникалық орындау параметрлерін әдеттегі 
қалыпты/ стандартты жағдайларда орындауы. 
Оқушылардың жаттығуды толыққанды игерілген дағдылы қозғалыс 
деңгейінде меңгеруі дегеніміз – жаттығуды орындау барысында оны бұзатын 
факторлар туындаса да, оны орындау барысында өзгертуге тура келіп жатса да, 
негізгі орындалу параметрлеріне сәйкес болуы. 
Бастауыш сынып оқушыларының дене тәрбиесі жүйесіндегі жалпы дамыту 
жаттығуларының әрбірінің өзі шешуі тиіс міндеті бар болатыны белгілі. Ол 
жаттығулар жүйесінің көмегімен оқушылардың бұлшық-дәнекер аппараты 
нығайтылып, тұтас ағзасы қуаттана түседі.
Жалпы дамыту жаттығуларының кешенін әзірлеу және оны қолдану 
әдістемесін ұсына отырып, Архипова Ю.А., Л.А. Онучин: «Жалпы дамыту 
жаттығулары дене тәрбиесінің кез келген сабағында, оның мақсатына немесе 
пәндік мазмұнына қарамастан қолданылады. Дене шынықтыру сабағының 
дайындық кезеңінде ЖДЖ бұлшық еттерді қыздырып алу үшін және адам 
ағзасын алдағы жұмысқа дайындау үшін қолданылып, сабақтың негізгі 
кезеңінде белсенді демалыс құралы ретінде қолданылады, ал сабақтың 
қорытынды кезеңінде орындалған жұмыстан соң жақсы қалпына келу үшін 
қолданылады және локалды түрде жекелеген бұлшық еттердің нығаюы мен 
дамуы үшін қолданылады»деп атап өтеді [37].
Әдістемелік құралда бұл көрсетілген топтар өз ішінде кешендерге бөлініп, 
әр кешенге арналған әдістемелік нұсқау мен көрнекі ақпарат молынан беріледі. 
Авторлар жалпы дамыту жаттығуларының жүйесін келесідей топтарға бөліп 
қарастырады: 
1. Құралдарды қолданбай орындалатын жалпы дамыту жаттығулары. 
2.Салмақты 
құралдарды қолданып орындалатын жалпы дамыту 
жаттығулары. 
3. Жұппен орындалатын жалпы дамыту жаттығулары.
4. Секіртпемен орындалатын жалпы дамыту жаттығулары.
5. Доппен орындалатын жалпы дамыту жаттығулары. 
6. Обручпен орындалатын жалпы дамыту жаттығулары.
7. Гимнастикалық қабырғамен орындалатын жалпы дамыту жаттығулары.
8. Гимнастикалық таяқтармен орындалатын жалпы дамыту жаттығулары.
9. Гимнастикалық орындықтарды қолданып орындалатын жалпы дамыту 
жаттығулары.
Л.С. Алаева өзінің ЖДЖ-ны орындату туралы әдістемелік нұсқауларында 
жалпы дамыту жаттығуларының табиғаты мен әдістемесіне терең, жан-жақты 
тоқталған. Оның ішінде ЖДЖ-ның негізгі терминдері, жазу формалары, ЖДЖ 
кешенін құрау мен жазу, ЖДЖ-ны орындау барысында оқушыларға түсірілетін 


22 
жүктеменің ерекшеліктері туралы қарастырады. Сонымен бірге автор ЖДЖ 
дайындау және өткізу жөнінде ғылыми-әдістемелік тұрғыдан кеңестер ұсынады 
[38]. 
Н.Ж. Тульбасиев, М.К. Кекилбеков, Б. Абраимов өздерінің «Дене 
тәрбиесінің 
педагогикалық 
үдерістегі 
маңыздылығы» 
мақаласында
жаңартылған оқу бағдарламасының мазмұнын талдай келе, «Жаттығулардың 
орындалуы қозғалыс дайындығының деңгейі туралы мәлімет береді. Дегенмен, 
бұл бағдарламалар базалық, үлгілік сипатқа ие, сондықтан оларды әрбір педагог 
жергілікті жағдай мен дәстүрлерге қарай өзгертулер мен толықтырулар енгізіп, 
өзгерте алады»
[39], – деп көрсетеді.
Дене мәдениеті – жалпыадамзаттық мәдениеттің бір бөлшегі. Сондықтан, 
ол – ұлттық дене мәдениетінің ертеден келе жатқан сүрлеуі және оны 
қолданудың маңызы жалпы дамыту жаттығуларының да бастауы. Осы сала 
бойынша өзінің зерттеуінде Т.Ш. Қуанышев ұлттық ойын түрлерін дене 
шынықтыру сабақтарында қолдану туралы қарастыра келе, жаттығулардың 
ерекшеліктеріне арнайы тоқталады [40].
Негізінде, ұлттық ойындар – бастауыш сынып оқушыларына жалпы 
дамыту жаттығуларын үйретудің және өз бетімен орындауға дағдыландырудың 
қайнар көзі. Ұлттық ойындардың мәдени қырын дидактикалық тұрғыдан 
қарастыратын болсақ, ұлттық ойын элементтері күнделікті дене шынықтыру 
сабақтарына және жалпы дамыту жаттығуларының жүйесіне де молынан 
енгізілуі керек.
Өйткені ұлттық ойындардың әрбір деталінде ұлттық мәдени құндылық 
танылып қана қоймайды, олардың әрқайсысында Ұлы Даланың сайын 
даласында өмір сүріп, қиындығына көнген, ұрпағын сақтаған бабалардың 
қолтаңбасы да сақталған. Қазақстандағы бастауыш мектеп оқушыларының 
әрбірінің санасына сіңген, етене таныс ұлттық ойындардың ЖДЖ жүйесіне 
икемделген детальдерін анықтау, орындалу әдістерін сипаттау, оқушыларға 
меңгерту – қазақ мәдениетінің, дене мәдениетінің жәдігерлерін сақтаудың 
жолы. 
Бірақ, ең бастысы, Ұлы Далада өмір сүрген бабалардың жаттығу жүйесі 
ұрпақтың да өміршеңдігіне тірек болуы үшін, күнделікті ЖДЖ жүйесіне ұлттық 
ойын элементтерін енгізу маңызды болып табылады. Әрине, түптеп келгенде 
қазіргі қолданылып жүрген жалпы дамыту жаттығуларының шыққан көзі – 
ұлттық ойындар. Олардың өміршеңдігінің бір себебі – олардың жас ұрпақты 
интеллектуалдық дамыту құралы болуымен де байланысты.
Осы тұрғыдан қарау арқылы ұлттық ойындардың кумуляциялық, 
консервативтік болмысынан гөрі прогрессивтік, дамытушы әлеуетті 
потенциалы қуатты екені анықталады. Біздің ойымызша, қазақтың тұрмыс-салт 
ойындары, жануарлар дүниесіне еліктеуден және аңшылыққа байланысты 
ойындар, дене шынықтыру мен спорт ойындары саласына қатысты ұлттық 
ойындар жүйесіндегі кез келгенінің элементін саралап, дидактикалық тұрғыдан 
бағалау жасап, ЖДЖ жүйесіне енгізу жолдарын арнайы қарастыру аса 
маңызды. 


23 
Сондықтан біздің зерттеу жұмысымызда жалпы дамыту жаттығуларының 
элементтері бар ұлттық ойындарды қолдану және оның тиімді нәтижелерін 
анықтау басты орында тұрады. Ұлттық ойын жүйесіндегі «Айгөлек», «Мәлкі-
Тотай», «Жаяу жарыс» «Ұшты-ұшты» т.б. ойындарын өткізу әдістемесін терең 
талдау, олардың жекелеген детальдерін жалпы дамыту жаттығуларының 
жүйесіне енгізу арқылы ЖДЖ жүйесін ұлттық көзден байыту міндеті шешіледі.
Бұл және басқа ұлттық ойындардың ЖДЖ базалық негізін құрауға қандай 
негізде тірек бола алады деген сұраққа жауап беру үшін, жоғарыда жасалынған 
ЖДЖ жіктемесіне сүйену керек болады. Ол жіктемені ішкі кіші жіктемемен 
толықтыра отырып, ұлттық ойындардың осы соңғы көрсеткен жіктемеге 
қаншалықты сәйкестігі барын анықтауға болады.
Е. Сағындықов өзінің «Қазақтың дидактикалық ойындарын сабаққа 
пайдаланудың кейбір жолдары» деген кітабында қазақ ұлттық ойындарын ірі 
үш топқа бөліп қарастырады. Олар – 1) ойын-сауық ойындары, 2) ойлаумен 
келетін ойындар, 3) дене шынықтыру мен спорт ойындары [41]. 
Е. Алимханов, Е. Келгенбаев, Б. Бақаев, А. Жартыбаев, Н. Байзакова 
авторлығымен жарияланған «Қазақтың ұлттық халық ойындары мен спортын 
топтау, жүйелеудің теориялық қалыптасуы» атты мақалада қазақ ұлттық 
ойындарын 5 топқа бөлу ұсынылады. Олар: 1) қазақтың дәстүрлі еңбек-тұрмыс, 
салт ойын-сауық ойындары, 2) ережесі қалыптасқан, бекітілген спорттық ойын 
түрлері, 3) ой-зейін, интеллектуалды ойындар, 4) жаңадан қалыптасқан 
ойындар, 5) ермек ойындар [42]. 
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа көзқарас: рухани жаңғыру» 
бағдарламалық мақаласында атап көрсетілгендей, ұлттық санамызды 
жаңғыртудың бір тәсілі – ежелгі тарихтан өзінің қуатымен, сапалылығымен 
күні бүгінге жеткен ұлттық кодты сақтаған барлық мұраны қайта жаңғырта 
отырып, келер ұрпаққа жеткізудің барлық жолын қарастыру, қолдану керек деп 
санаймыз. 
Осы жерде БАҚ-та жарияланып жүрген А.Баймағамбетовтың қазақ 
гимнастикалық жаттығуларының емдік қырын ашып, жүйеге түсіргенін атап 
кетуге болады. Әрине, оның қаншалықты ғылыми негізделгенін айту қиын, 
дегенмен, автор ретінде патент алуы және халықтың, әсіресе, көрші 
ресейліктердің «Айкуне» жаттығулары жүйесінің негізінде жалпы дамыту 
жаттығулары элементтері жатқанын атап кетуге болады [43].
Бастауыш сыныптың дене шынықтыру сабақтарында жалпы дамыту 
жаттығуларын орындату және өз бетімен орындату әдістемесі туралы 
қарастырған С.А. Бикбулатова, И.В. Леденев өздерінің құралдар қолданып 
өткізілетін жалпы дамыту жаттығуларын меңгерту әдістемесі туралы құнды 
пікірлер айтады.
Әдістемелік ұсыныста жалпы дамыту жаттығуларын орындауда 
құралдарды, нақты айтқанда, гантель, секіртпе, қолдану әдістемесі баяндалады. 
Сонымен бірге әдістемелік құралда жалпы дамыту жаттығуларының кешендері 
ұсынылады [44]. Жалпы дамыту жаттығуларын меңгерту әдістемесін және өз 
бетімен қолдану әдістерін қарастырған авторлар оны реттілікпен және 


24 
жүйелілікпен орындаудың пайдасына зор мән беріп қарайды. Жалпы дамыту 
жаттығулары гимнастикамен айналысқанда орындалады. Жалпы дамыту 
жаттығуларының арнайы құрастырылған кешені – түрлі дене тәрбиесі 
міндеттерін шешуге арналатынын көрсеткен ғалымдар ол міндеттерді саралап, 
анықтап алу маңызды деп санайды.
Олардың айтуынша, ең алдымен, жалпы дамыту жаттығуларының 
кешеніне енгізілетін жаттығулардың көлемі мен мазмұнын, бір кешенге енетін 
жаттығулардың санын нақты анықтап алу қажет. Ол жаттығулардың саны бір 
кешенде 8-15 болуы ықтимал. Ал жалпы дамыту жаттығуларын іріктеп, 
сұрыптауда басшылыққа алатын қағидалар ретінде авторлар С.А. Бикбулатова 
мен И.В. Леденев келесілерді көрсетеді:
Сурет 2 – Жалпы дамыту жаттығуларын іріктеу қағидалары 
ЖДЖ-ны оқыту барысында көрсетілген талаптарға сәйкес іріктелген 
жаттығуларды ендігі кезекте орындалу ретіне қарай анықтау керек болады. 
Олардың ең бас жағында оқушылардың дене мүсінін дұрыстауға қызмет 
ететін жаттығулар орындатылады. Бұл – балалар мен жасөспірімдер үшін өте 
маңызды. Осыдан кейін бұлшық еттердің көпшілігі қатысатын әдістер 
орындатылады. Ол жаттығулар түрі жүру, отырып-тұру сияқты қимыл-
қозғалыстардан құралады. Бұдан соң отырып-тұру, алға ұмтылу арқылы 
бұлшық етттің дені қозғалысқа түсетін жаттығулар орындатылады.
Бұл жаттығулар адам ағзасының барлық мүшелері мен жүйесін
қозғалысқа түсіріп, ағзаны келесі іс-әрекетке дайындайды. Осыдан соң 
орындалатын жаттығулардың кешенінде дененің барлық бұлшық еттері, атап 
айтқанда, қол, иық белдеуі, арқа, іш, аяқ бұлшық еттері қимыл-қозғалысқа 
түсетін жаттығулары орын алуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   75




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет