Оспанкулов ернар ерланович



Pdf көрінісі
бет22/75
Дата14.10.2023
өлшемі1.83 Mb.
#480725
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   75
disser ernar

ВИЗУАЛ
АУДИАЛ
ДИСКРЕТ
КИНЕСТЕТИК


49 
Темперамент 
ерекшеліктері
Сангвинниктер 
танымдық 
қызығушылығы 
жоғары болуымен 
ерекшеленеді. Ол 
өз білімін өмірде 
қолдануды жақсы 
көреді. Жұмыс 
жасау қабілеті 
жоғары болып 
келеді. Сабақ 
тақырыбын 
бастауда асқан 
қызығушылықпен 
кіріседі, дегенмен, 
артынан шаршап, 
суып қалуы мүмкін.
Холериктер өз 
білгенін жүзеге 
асырғанша 
асығады. Оқу 
материалын 
жиі қайталауды 
қажет етеді. 
Флегматиктер 
үшін оқуға, бір 
іске 
кірісудің 
мотивациясы 
басты 
орында 
тұрады. 
Инерттілік 
мінезінің 
бір 
қыры 
болғандықтан, 
жайбарақаттылық 
пен баяулық тән
болып 
келеді. 
Есіне 
бірден 
сақтамайды,бірақ 
сақтағаны 
ұзақ 
уақытқа қалады.
Меланхолик 
сабақтың 
алғашқы 
минуттарында 
баяу зейін қоя 
бастайды. 
Жоспарлы 
түрде 
жұмыс 
жасауды жақсы 
көреді. 
Оқу-тәрбие 
жұмысын 
ұйым-
дастыру 
тәсілдері
Сангвинникті 
тәртіпке 
шақыру 
оңай 
болады, 
өйткені 
олардың 
жүйке 
жүйесі 
қуатты 
болып 
келеді және олар 
өздерін 
жақсы 
ұстай алады. 
Тапсырманы 
орындауда 
асығыстық 
танытады, 
кейде 
назары 
басқаға 
ауып кете береді, 
сондықтан 
оған 
өзіндік 
бақылау 
жасауды 
әбден 
үйрету керек.
Сабақта 
жаппай 
сұрау 
әдісінде 
белсенділік 
танытады. 
Жаңа 
сабақты 
бірден 
сұрауға 
болады. 
Ескертуді 
жылы 
түрде жасау керек, 
сангвинник 
үшін 
ондай ескерту өте 
маңызды 
болып 
табылады. 
Холерикке оқу-
тәрбие 
үдерісінде 
жұмыс жасауға 
тез кірістіретін-
дей амал 
қолдану керек. 
Мұғалім 
холерикті өзіне 
көмекші етіп 
алса, оның 
ішінде көрнекі 
жасауға, дене 
шынықтыру 
құралдарын 
жинау, тарату 
сияқты 
тапсырмаларды 
беру өте 
маңызды 
болады. 
Өтілетін 
тақырыптың 
маңызды 
екенін ауызша 
айту 
холерик 
үшін 
үлкен 
орын 
алады. 
Оқу 
материалын 
проблемалық 
түрде түсіндіру 
керек. Ол үшін 
оқып 
жатқан 
тақырыбы өмір 
Флегматикке 
сабақ 
үстінде, 
тапсырма 
орындатуда 
ойлануға, 
дайындалуға 
уақыт беру жөн 
болады. Оларды 
іс-әрекетке бірден 
көшуге 
көндіру 
оңай емес, себебі 
олардың 
белсенділігі 
біртіндеп 
дами
бастайды. 
Өз бетімен жұмыс 
жасауды, 
жеке 
жазба жұмысын 
орындауды жақсы 
көреді. 
Жаппай 
сұрау 
әдісі 
флегматик 
үшін 
онша 
қолайлы 
болмайды. 
Тұрақтылық пен 
орынды, байыпты 
мінезі 
үлкен 
жетістікреге 
жеткізеді. 
Бастаған 
ісін 
аяғына 
дейін 
жеткізуді жақсы 
көреді. Өз бетімег 
жұмыс жасаудың 
жоба 
орындау 
үйрету 
барысында 
мұғалім 
меланхоликті 
қолдап, мақтау 
сөз айтып 
көтермелеп 
отыруі міндетті. 
Олар үшін 
бақылау 
жұмысының 
жазба түрі 
қолайлы. 
Жазғанын 
тексеруге уақыт 
беру керек. Қол 
жетпей қалған 
сәтсіздіктеріне 
мұғалім аса 
қамқорлықпен 
ескерту жасауы 
міндетті. 
Мұғалімнің 
дауысы 
меланхоликке 
маңызды 
болғандықтан, 


50 
үшін пайдалы 
дегенді ұғыну 
аса 
қажетті 
мотивация. 
Сабақты 
түсіндіру 
барысында 
санасында 
туындаған 
сұрақтарға 
мұғалім 
міндетті түрде 
жауап 
беруі 
керек.
Холерикпен 
сөйлесуде 
мұғалім 
байсалды 
болуы қажет, 
қатты, ауыр 
сөз, ескерту 
жүрегіне ауыр 
тиеді. Мұғалім 
даусында талап 
қою сазы 
айқын және 
басым болуы 
керек. 
әдісін, баяндама 
әзірлеу, 
шығармашылық 
жұмыстарды 
ұсыну 
қолайлы 
болады. 
аппай сұрау 
әдісін жақсы 
көреді. Өз 
бетімен жұмыс 
жасауда 
кездесетін 
қиындықтар 
ды жеңуге 
деген шыдамы 
жетпей қалады 
бетімен жұмыс 
жасауда 
кездесетін 
қиындықтар 
ды жеңуге деген 
шыдамы жетпей 
қалады 
дауыс сазында 
жұмсақтық пен 
сыпайылық 
байқалып тұруы 
қажет. 
Өз бетімен 
жаттығулар 
орындауға 
үйретуде 
тақырып пен 
проблемалық 
жағдаяттарды 
шешуге беру 
нәтижелі 
болады.
Бастауыш сынып оқушыларының қабылдау ерекшеліктері мен 
психологиялық типтері олардың жасында жетілудің ерекшеліктері әлі де мол 
екенін көрсетеді [117]. 
Сырттан қабылдаған заттар мен құбылыстарды нақ және айқын, дәл 
қабылдай алмайды. Тіпті өздерінің назары түскен кездейсоқ белгілерді негізгі 
деп шатастыруы да мүмкін. Бастауыш сынып оқушыларына тән тағы бір 


51 
психологиялық ерекшелік – олардың мінездерінің еркіндігі. Сабақ барысында 
сырттан түскен кез келген тітіркендіргіштерге тез зейінін аударып кете береді. 
Сабақтың тақырыбының негізгі мазмұнын меңгерту барысында, аса қажетті 
дағдыларды қалыптастыру барысында мұғалім түрлі әдістер мен амал-тәсілдер 
қолданып, оқушылардың зейінін толығымен тізгінде ұстап отыруы тиіс.
Есте сақтау қабілеті жағынан да бастауыш сынып оқушыларының көрнекі-
бейнелік сипатта болатыны белгілі. Дене шынықтыру сабағының тиімділігі 
жоғары болуы үшін және бастауыш сынып оқушыларының жалпы дамыту 
жаттығуларына қызығып, оларды өз бетімен орындауға есте сақтауы үшін, 
оларға ЖДЖ-н көрсетілуі нәтижелі болады. Бірінші сыныптан төртінші 
сыныпқа дейін ЖДЖ саны мен көлемі артқан сайын, көрнекі түрде жаттығуды 
орындап көрсетумен бірге сөзбен жан-жақты сипаттап түсіндіру оқушылардың 
дерексіз ойлауын дамытады. Бірақ сөзбен ғана түсіндіру ЖДЖ сипаттарын есте 
сақтауға сенімді тірек бола алмайды.
Оқушылардың ойлауын дамытуда олардың қозғалудағы күшін, ептілігі 
мен шапшаңдығын, тез реакциясын керек ететін ойын түрлерін қолдану игі 
нәтижеге жеткізеді. Қозғалыс ойындарының дене тәрбиесімен бірге жалпы
тәрбиелік орны да үлкен болады. Өйткені қозғалыс ойындары барысында 
оқушының дене мәдениетінің қалыптасқан элементтері көрініс беруімен қатар, 
этикалық адамгершілік барлық қасиеттері де ашылады. Ал психикалық 
функциялары мен қасиеттері, атап айтсақ, сезінудің өткірлігі, қабылдауы, 
зейіні, оперативті есте сақтауы, қиялдауы, ойлауы, әлеуметтік сезімдері, ерік-
жігер қасиеттері жедел дамиды. Сөзсіз, мұндай нәтижелерге тек қана 
психологиялық-педагогикалық тұрғыдан дұрыс ұйымдастырылған жағдайда 
ғана қол жеткізуге болады. 
Бастауыш сынып оқушыларының негізгі құрамында есте сақтаудың 
механикалық түрі ғана дамитын болғандықтан, бірнеше рет қайталау арқылы 
қабылдау есте сақтауға жақсы қызмет етеді. Ғалымдардың көрсетуінше, 
бастауыш сынып оқушылары дене шынықтыру сабағында үйренгенін 1-2 ай 
өткен соң ұмытуы да мүмкін. Бұл мәселе жүйелілікпен әрдайым қайталап 
отырудың баланың есінде сақтауын дамытудағы маңызды орнын айқындай 
түседі. 
Жалпы дамыту жаттығуларының жүйесін әзірлеуде осындай жайлы 
эмоциялық сезім арқылы даму қуатына серпін бере алатын ойындар түрін 
іріктеу және олардың біздің зерттеу мақсат-міндеттерімізге қол жеткізуге 
қаншалықты тиімді болатынын жағынан сұрыптау ұқыптылықпен, байыппен 
жүргізілді. Өйткені жүйелілікпен жүргізілгеннің өзінде ойын барысында 
оқушылардың бойынан көрініс беретін қасиеттерді жақсыларын олардың мінез-
құлық компоненті ретінде қалыптасып кетуі де мүмкін екенін ескеру әрдайым 
назарда ұсталды. Әрине, бастауыш сынып кезеңінде баланың ерік-жігері тек 
жақын арадағы мақсатқа жетуге ғана жетекшілік ететіні белгілі. Алыстағы 
мақсаттарды қою мен оған жету жолдарын айқындауға бастауыш сынып 
оқушылары өздерінің жас ерекшелігіне орай мүмкіндіктері болмайды. Көп 
ретте олардың шыдамдылығы мен қайсарлылығы жетпей жатады. Сондықтан 


52 
бастауыш сынып оқушыларының алға қойған мақсаттары бірінің артынан 
екіншісі туындап жатуы да заңды сияқты. Бұл тұста дене шынықтыру
мұғалімнің міндеті айқын, ол – оқушылардың бойында мақсатқа қарай ұмтылу, 
шыдамдылық пен төзімділік, ынтагерлік, өз бетімен орындау, өз бетімен шешім 
қабылдау сияқты ізгі қасиеттерді тәрбиелеу [118]. 
Әрине, бастауыш сынып оқушыларының толық қалыптасып болмаған 
психологиялық 
ерекшеліктері 
олардың 
мінездеріндегі 
ауытқулардың 
жиілілігінің себебі болып табылады. Бастауыш сыныпта оқитын балалардың 
адамгершілік тұрғысынан, көп жағдайда, қыңыр, жөнсіз ерке болуы, жеке 
басының жайлылығын ғана ойлауы, кейбір дөрекілеу қылықтары көрініс беруі 
– мектеп мұғалімдеріне таныс жағдайлар. Бір жағынан, мектепке дейінгі тәрбие 
жүйесінен кеткен де қателер болуы мүмкіндігін жоққа шығармау керек. 
Дегенмен, дене шынықтыру сабағында балаларды жөнсіз шаршатпай, мұғалім 
«субъект – субъектілік» дидактикалық қатынас талаптарын ұстанса, 
оқушылардың шәлкестігі аз деңгейде ғана байқалуы мүмкін екенін қолдаймыз. 
Жалпы дамыту жаттығуларының өзіндік ерекшеліктері бастауыш сынып 
оқушыларының ерік-жігер қасиеттерін тәрбиелеуге, оларды дамытуға 
таптырмас құрал болып саналады. 
Бастауыш сынып оқушыларының жалпы дамыту жаттығуларын өз бетімен 
орындау 
дағдыларын 
қалыптастыру 
әдістемесінің 
психологиялық-
физиологиялық негіздеріне қатысты зерттеулер мен еңбектерге жасалынған 
шолу мен талдау барысы мынадай қағидаларды түзуге тірек болды. 
– Танылған 
психологиялық-физиологиялық 
негіздер 
бастауыш 
сыныптарда жүргізілетін дене шынықтыру сабағының жалпы дене мәдениетінің 
ажырамас бөлшегі екенін тұрақты назарда ұстап, әрбір дене шынықтыру сабағы 
мен әр жалпы дамыту жаттығуының түрін меңгертуді дұрыс ұйымдастырудың 
практикалық әдістеме жүйесін құрауға теориялық негіздеме қалады. 
– Бастауыш сынып оқушыларын жалпы дамыту жаттығуларын өз бетімен 
орындауға дағдыландырудың тиімді әдістемесін құрауда оқушылардың 
физикалық, психологиялық-физиологиялық дайындығын ескеру ғана тиімді 
нәтижелерге қол жеткізеді. 
– Жалпы дамыту жаттығуларын өз бетімен орындауға дағдыландыруда 
бастауыш 
сынып 
оқушыларының 
жеке 
басының 
физиологиялық 
ерекшеліктерге мұғалімге таныс болуы керек, сол арқылы мұғалім оқушыға көп 
физикалық жүк түспеуін қадағалай алады; аптасына 3 рет болатын дене 
шынықтыру сабағында орындалатын жалпы дамыту жаттығулары мен 
оқушылардың өз бетімен орындауға дағдыланған жаттығуларының орындау 
жиілілігі мұғалім үшін айқындалуы керек. 
– Жалпы дамыту жаттығуларының ойын түрлері мұғалім тарапынан 
сұрыпталып, өз бетімен орындауға байланысты арнайы әдістемелік нұсқаулар 
психологиялық-физиологиялық негіздемеге сүйеніп жасалынуы тиіс. 


53 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   75




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет