Оспанкулов ернар ерланович



Pdf көрінісі
бет25/75
Дата14.10.2023
өлшемі1.83 Mb.
#480725
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   75
disser ernar

сауықтыру, білімдік, тәрбиелік. Жалпы дамыту жаттығулары арқылы 
бастауыш сынып оқушыларының өз бетімен орындау дағдыларын 
қалыптастыруда да осы үш маңызды міндетті шешу бағыты ұсталынады. 
Дене шынықтыру сабақтарының, оның ішінде жалпы дамыту 
жаттығулары арқылы бастауыш сынып оқушыларын сауықтыру міндеттері 
келесі мәселелерді қамтиды: 
– бастауыш сынып оқушыларының ағзаларына түсетін физикалық жүктің 
әсер етуін жоспарлау және реттеп отыру мәселесі, яғни бастауыш сынып 
оқушыларының жасына, жынысына, денсаулығына, дайындық деңгейіне қарау 
керек, өйткені тек баланың ағзасы көтере алатын физикалық жүк қана 
денсаулығын нығайта алады; 
– жалпы дамыту жаттығуларының түрлерін біртіндеп күрделендіре 
отырып бірқалыпты қарқынмен қосып отыру мүмкіндігін қолдануға болады; 
– жалпы дамыту жаттығуларын орындау барысында бастауыш сынып 
оқушыларының қауіпсіздігімен байланысты профилактикалық алдын алу 
шараларымен қамтамасыз ету; 
– бастауыш сынып оқушыларының физикалық қасиеттерін жан-жақты 
және үйлесіммен дамуын қамтамасыз ету; 
– бастауыш сынып оқушыларының дене сымбатын жетілдіру. 
Жалпы дамыту жаттығулары арқылы бастауыш сынып оқушыларын өз 
бетімен орындауға қалыптастырудың білімдік міндеттері келесі мәселелерді 
қамтиды: 
– жалпы дамыту жаттығуларының техникаларын дұрыс орындаудың 
негізгі дағдыларын қалыптастыру; 
– жалпы дамыту жаттығулары мазмұнындағы арнайы біліммен 
қаруландыру; 
– жалпы дамыту жаттығуларына деген қызығушылықн ояту және ЖДЖ өз 
бетімен орындауға деген құлшынысын дағды етіп қалыптастыру. 


59 
Жалпы дамыту жаттығулары арқылы бастауыш сынып оқушыларын өз 
бетімен орындауға қалыптастырудың тәрбиелік міндеттері келесі мәселелерді 
қамтиды: 
– бастауыш сынып оқушыларының жалды дамыту жаттығуларын өз 
бетімен орындауға байланысты дүниетанымдық көзқарастарын, сенімін, 
құндылықтар 
жүйесін, 
қажеттіліктерн, 
мотивтерін, 
орнықтылықпен 
қалыптастыру; 
– ЖДЖ өз бетімен орындауға дағдылану негізінде бастауыш сынып 
оқушысының жеке тұлға дәрежесіне өсуіне негіз болатын тұлғалық қасиеттерін 
қалыптастыру. 
Бұл міндеттердің жүзеге асырылуы үшін жалпы дидактикалық ұстанымдар 
мен әдістемелік ұстанымдар және жалпы дамыту жаттығулары арқылы 
бастауыш сынып оқушыларының өз бетімен орындау дағдыларын дамытуға 
тікелей қатысты ұстанымдарды анықтап алу керек.
Зерттеу жұмысымыздың дидактикалық ұстанымдарын қарастыруда 
оларды «базалық ұстанымдар», «әдістемелік ұстанымдар» және «ЖДЖ 
орындау ұстанымдар» деп үшке бөлдік. 
Сурет 10 – Жалпы дамыту жаттығулары арқылы бастауыш сынып 
оқушыларының өз бетімен орындау дағдыларын қалыптастыру әдістемесінің 
дидактикалық ұстанымдары 
Базалық ұстанымдар ретінде П.Ф. Лесгафт көрсеткен үш ұстаным алынды. 
Оларға келесідей талдау жасалынып, жан-жақты қарастырылды. 
1. Жеке тұлғаның жан-жақты және гармониялық дамуына ықпал ету 
ұстанымы. Бұл ұстанымға сүйенетін болсақ, бастауыш сынып оқушыларының 
ЖДЖ арқылы өз бетімен орындау дағдыларын қалыптастыру барысында дене 
мәдениетінің 
адамгершілікпен, 
ақыл-оймен, 
эстетикалық 
жетілумен 
байланысты болуын үзіп алмайтындай жағына аса жіті назар салу керек. 
Сонымен бірге, бастауыш сынып оқушыларына ЖДЖ жүйесін меңгертуде және 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   75




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет