Оспанкулов ернар ерланович



Pdf көрінісі
бет30/75
Дата14.10.2023
өлшемі1.83 Mb.
#480725
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   75
disser ernar

Бастауыш сынып 
оқушыларының 
жалпы дамыту 
жаттығуларын өз 
бетімен орындау 
дағдыларын 
дамытудың 
теориялық 
негіздері
Бастауыш 
сынып 
оқушыларыны
ң жалпы 
дамыту 
жаттығуларын 
өз бетімен 
орындау 
дағдыларын 
дамыту мақсаты
Бастауыш 
сынып 
оқушыларыны
ң жалпы 
дамыту 
жаттығуларын 
өз бетімен 
орындау 
дағдыларын 
дамыту 
мазмұны
Бастауыш 
сынып 
оқушыларыны
ң жалпы 
дамыту 
жаттығуларын 
өз бетімен 
орындау 
дағдыларын 
дамыту әдіс-
тәсілдері
Бастауыш 
сынып 
оқушыларыны
ң жалпы 
дамыту 
жаттығуларын 
ө з бетімен 
орындау 
дағдыларын 
дамытуды 
ұйымдастыру 
формалары


72 
Бастауыш сыныптарда жалпы дамыту жаттығуларын өз бетімен орындау 
дағдыларын дамыту мүмкіндіктері өзінің сапалы оқу жүйесіне айналуы үшін 
теориялық тұғырлы және практикалық сенімді Тұжырымдамаға сүйенеді. Осы 
айтылғандар негізінде Тұжырымдамыздың моделі беріліп отыр.
Сурет 13 – Бастауыш сыныптарда жалпы дамыту жаттығуларын өз 
бетімен орындау дағдыларын дамыту мүмкіндіктері тұжырымдамасы 
Белгіленген мәселелердің әрқайсысын таратып көрсетейік. Жалпы 
жағдайлар 
Бастауыш сыныптарда жалпы дамыту жаттығуларын өз бетімен орындау 
дағдыларын дамыту мүмкіндіктері Тұжырымдамасының мәні дамыта оқыту 
теориясымен байланыста болады. Сондықтан да жалпы дамыту жаттығуларын 
меңгерту және өз бетімен орындауға дағдыландыру, оқушыны дамыту 
проблемасы ретінде мұғалім үшін де, оқушы үшін де басты міндет болып 
саналады. Бұл Тұжырымдамада бастауыш сыныптарға жалпы дамыту 
жаттығуларын меңгертудің және өз бетімен орындау дағдыларын дамытудың 
мақсатын, міндеттерін, бағыттарын, әдістері мен тәсілдерін, өз бетімен ЖДЖ 
орындаудың әдістемелік ерекшеліктерін білдіреді.  
Бастауыш сыныптарда жалпы дамыту жаттығуларын өз бетімен 
орындау дағдыларын дамытудың тұтас педагогикалық үдерістегі орны мен 
маңызы 
Жалпы дамыту жаттығулары дене мәдениетінің, жалпы адамзат 
мәдениетінің бір бөлшегі болып табылады және балалардың салауатты өмір 
Жалпы 
мәселелер
ЖДЖ өз бетімен 
орындау 
дағдыларын 
қалыптастырудың 
тұтас 
педагогикалық 
үдерістегі орны мен 
маңызы
Тұжырымдаманың 
мақсаты мен 
міндеттері
Тұжырымдаманың 
жүзеге 
асырылуының 
негізгі бағыттары
Жалпы дамыту 
жаттығуларының 
және ЖДЖ өз 
бетімен орындауға 
дағдыландыру
әдістемесін 
жүйелеу 
Жалпы дамыту 
жаттығуларын 
және ЖДЖ өз 
бетімен орындауға 
дағдыландырудың 
оқу- әдістемелік 
құралдарды 
жаңаландыру 
Жалпы дамыту 
жаттығуларын
ың жүйесін 
әзірлеу
Дене шынықтыру 
мұғалімдеріне 
арналған 
әдістемелік 
ұсыныстар
Өз бетімен 
орындауға 
дағдыландыруда 
өзіндік орындау 
әдісі түрлерін 
қолдану


73 
салтын қалыптастырудың алғашқы сатылары ретінде маңызды орынға ие 
болады. Жалпы дамыту жаттығулары балалардың физикалық жағынан 
дамуының негізі болып саналады және оқушылардың қимыл-қозғалыс 
әрекеттерін жетілдіруші болып табылады, денсаулығын нығайтудың және 
ақыл-ой әрекеті қабілетінің жетілдірудің сапалы көзі болып табылады. 
Жалпы дамыту жаттығулары бастауыш сынып оқушыларының өз бетімен 
орындайтын ішкі құндылығына айнала алатын, баланың денсаулығына беретін 
пайдасы зор. Сондықтан да ЖДЖ-ны бастауыш сынып оқушыларының өз 
бетімен орындауға дағдыландыру әдістемесі бастауыш сынып оқушыларының 
өз өмірі мен денсаулығына, білім алуы мен дамуына оқушылардың өздерінің де 
белсенділікпен қатысуына мүдделі.
Жалпы дамыту жаттығуларын өз бетімен орындауға дағдыландыру 
әдістемесі бастауыш сынып оқушыларының дене мәдениеті мен спортқа деген 
құлшыныс мотивациясын дамытуды көздейді.
Оқушылардың өз бетімен ЖДЖ-ны орындауға қалыптасуы, ЖДЖ түрлерін 
орындау тактикалары мен техникалық жолдарын орындай алуы баланың өз 
өмірлік жолына игілікті тіректер қалауы болып табылады. Әрбір бастауыш 
сынып оқушысының осындай дағдыға ие болуы – тұтас ұлтымыздың 
салуаттылығы, ұлттық қауіпсіздіктің негізі қалыптасуы. 
Тұжырымдаманың мақсаты мен міндеттері 
Осы Тұжырымдаманың мақсаты бастауыш сынып оқушыларына ЖДЖ-
ны өз бетімен орындау дағдыларын жоғары сапалылықпен меңгертуді 
қамтамасыз ету болып табылады. Сонымен бірге, ЖДЖ-ны үйретуді, жалпы 
дене шынықтыру пәндері мен дене мәдениетін дамытудың сапалы жүйелерін 
практикалық және теориялық аспектіден негіздеуге үлес қосу болып саналады. 
Тұжырымдаманың міндеттері:
– бастауыш 
сыныптағы 
дене 
шынықтыру 
пәнінің 
мазмұнын 
жаңашаландыру үдерісін әдістемелік тұрғыдан негіздеуге үлес қосу; 
– жалпы дамыту жаттығулары бойынша жинақталған тәжірибедегі, 
ғылыми-зерттеулер негізінде ұсынылған жүйелерін, қазақ ұлттық дене
тәрбиесіндегі жалпы дамыту жаттығуларын балаға меңгерту жүйесіне қосатын 
игі амал-тәсілдерін біздің тарапымыздан дайындалған арнайы жаттығулар 
жүйесіне қосу және сапалы меңгеруге әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету; 
– жалпы дамыту жаттығуларын бастауыш сынып оқушыларының өз 
бетімен орындауына дағдыландыру үдерісін оқу-әдістемелік тұрғыдан 
жетілдіру; 
– бастауыш сынып оқушыларының ЖДЖ жүйесін өз бетімен орындауына
қажетті құзыреттерді қалыптастыру; 
– білім мазмұны жаңартылған оқу бағдарламасының мұғалімдер 
қолданатын әдістемелік қорын ЖДЖ жүйесін өз бетімен орындауға 
дағдыландыру әдістемелік жүйесі арқылы байытуға үлес қосу; 
– ЖДЖ орындауға балаларды үйретуде мұғалімдерге керекті ақпараттық 
ресурстар қорын кеңейтуге үлес қосу; 


74 
– арнайы ЖДЖ жүйесі арқылы осы саланың алдағы уақытта әдістемелік 
және теориялық тұрғыдан баюына негіз қалау. 
Тұжырымдаманың жүзеге асырылуының негізгі бағыттары 
Бастауыш сыныпта дене шынықтыру пәнін жүргізу және балаларға ЖДЖ-
ны орындатудың мұғалімдер жинақтаған тәжірибесіне талдау жасау барысы 
қазақстандық бастауыш мектепте дене мәдениетін дамыту міндеттерінің 
маңызды бір тармағы болып саналады.
Дене шынықтыру әдістемесін зерттеген ғалымдардың, пән мұғалімдерінің 
әдістемелік көзқарастары, оқу және әдістемелік құралдары оқушыларға жалпы 
дамыту жаттығуларын өз бетімен орындау дағдыларын дамытудың сенімді 
тұғыры болып табылады. Оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастыруға дене 
мәдениетін дамыту арқылы маңызды әлеуетті жүйені іске қосу мүмкіндігі 
болады. 
Дене шынықтыру мұғалімдерінің әдістемелік және дидактикалық-тәрбие 
теориясы тұрғысынан қоры жинақталуына мүмкіндіктер жасалынады. Болашақ 
дене шынықтыру пәні мұғалімдері – студенттердің де жаңа бағытта әзірленуіне 
керекті материалдар жинақталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   75




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет