82
5) ЖДЖ-ны өз бетімен орындаудың циклдық құрылуы ұстанымы.
6) ЖДЖ
кешендерін өз бетімен орындауда бастауыш сынып
оқушыларының жас ерекшелігі ескерілу ұстанымы.
Бұл ұстанымдар тұлғалық ойдың пайда болуына мүмкіндік жасайды.
Осындай ұстанымдарды жүзеге асыру үшін әртүрлі
әдістер қолданылады
(оқушылардың қозғалыс дағдыларын меңгертуге және олардың физикалық
дамуына бағытталған түсіндіру, көрсету, ойын және жарыс, рефлексия және
т.б.). Олар оқушылардың ЖДЖ кешендерін өз бетімен орындауына мүмкіндік
жасайды. Мұндай әдістер негізінде оқушының өз бетімен орындау дағдылары
меңгертіледі, нәтижесінде оның жеке тұлға ретіндегі болмысында өзіндік дене
мәдениеті қалыптасады.
Жобаланатын модель жалпы дамыту жаттығулары арқылы оқушылардың
өзбетімен орындау дағдыларын дамытудың педагогикалық шарттарына сүйену
керек.
Жалпы дамыту жаттығулары арқылы оқушылардың
өзбетімен орындау
дағдыларын дамытудың негізгі бағыттылығы келесі тұлғалық қызметті анықтау
үшін қажет:
ынталандырушылық (жалпы дамыту жаттығуларын өзбетімен
орындауда ішкі ынтаның пайда болу қабілеті);
рефлексивтік (өзінің
психологиялық
және шығармашылық қабілетін, өзіне деген сенімділігінің
пайда болуына көмектесу, әлеуметтік мәнін түсінуге
көмектесу, өзін-өзі
қадірлеуді, өзін-өзі бағалауын көтеруге талпындыру); шығармашылық-
түрлендірушілік (жалпы дамыту жаттығуларымен танысу қызметіндегі кез-
келген тұлғаның мәнін өзбетімен орындау дағдысының қалыптасуына
мүмкіндік жасау;
рухани тіршіліктің деңгейін қамтамасыз ету (тұлғаның
өзіндік сұранысына сәйкес жүзеге асыру).
Жалпы дамыту жаттығулары арқылы оқушылардың өзбетімен орындау
дағдыларын дамытудың моделі
үш кезеңді қамтиды:
базалық, дамытушылық,
шығармашылық.
Базалық кезеңнің мақсаты ынталандырушылық және когнитивті кешеннің
дамуы болып табылады: оқушының ЖДЖ-ны өзбетімен орындаудағы ұлттық
жаттығу элементтерінің құндылығы мен ынтасын түсінуі. Өзбетімен орындау
дағдысын дамыту үшін ұлттық дене жаттығуы элементінің құндылығын
түсіну, ЖДЖ-ны меңгерудегі орындаушылық қызмет, дене тәрбиесіне
қызығушылық, ЖДЖ құралдары арқылы өзбетімен орындау дағдысын
дамытудың
ынтасын қолдау, түсінік бейнесіндегі қызмет, аксиологиялық.
Өзбетімен орындау дағдысын дамытудың
көрсеткіші: оқушылар келесі
жоғары дейгейлік іс-әрекетке өту үшін қажетті жағдай болып табылатын
репродуктивті іс-әрекеттің негізіне ие болады. Репродуктивті оқу іс-әрекеті
оқушылардың
бағдарламаларына,
өлшемдерге,
қабілетіне
сәйкес
тапсырмаларды жүзеге асырады. Яғни, оқушы оның алған білімі, қабілеті мен
іс-әрекетіндегі тәсілін қолданады, алайда өзгеріп жатқан жағдайға бейімделе
алмайды. Бізді олардың дене шынықтыру іс-әрекетіндегі
дене жаттығуы
элементі құндылығын түсінуі, өзбетімен орындау дағдысын дамытуды меңгеру
83
және ұлттық дене жаттығуы элементіне деген қызығушылығының пайда болуы
қызықтырады.
Дамытушылық кезеңнің мақсаты когнитивті, эмоционалды-ерікті,
жылдамдық-іс-әрекеттің кешенді дамуы болып табылады: оқушылардың
ұлттық дене жаттығуы элементтерін меңгерудегі педагогикалық мәселе, ЖДЖ-
ны өзбетімен орындаудағы өзінің орнын білу, оны жүзеге асыру құралдары мен
әдістері, ұлттық дене жаттығулары элементтері арқылы оқушының өзбетімен
орындау дағдысын дамытудың мәніндегі білім жүйесін қалыптастыру.
Аксиологиялық, саналық бейне, зерттеушілік, рефлексивті іс-әрекет жүзеге
асырылады. Мұндай кезеңде оқушы ұлттық дене жаттығу элементтері арқылы
өзбетімен орындау дағдыларын дамытудың әдістемелік білімін меңгереді, оның
ұстанымы, өзбетімен
орындау дағдысы дамуының мәні, әдістері мен оны
жүзеге асырудың құралдары,
өзбетімен орындау дағдысы даму деңгейінің
шынайы өзіндік бағасы, рефлексивті қабілетін қалыптастыру болып табылады.
Ұлттық дене жаттығулары элементтеріндегі өзіндік жұмыстың қабілетіне ие
болуда
оқушылардың
қажеттілігі
мен
жекелеген
қызығушылығын
ынталандыруды дамыту. Мұндай кезеңде ЖДЖ арқылы оқушылардың
өзбетімен орындау дағдысы дамуының
көрсеткішінде: оқушылар өзінің алдына
мақсат қоя алады, өзін-өзі білімдендіру мен өзін-өзі дамытудың жолдары
арқылы жетістікке жету үшін әдістер мен тәсілдерді таба алады. Оқу жағдайын
түсіну, мәселелік-ізденушілік жағдайын ескере отырып ұйымдастыру жолдары,
өзінің қызметіндегі аралық және соңғы
нәтижесін бағалау қабілетін
қалыптастыру қажет.
Шығармашылық
кезеңнің
мақсаты
жылдамдық-қызметтік
және
рефлексивті кешеннің жетекші рөлі рефлексивті, жылдамдық-қызметтік,
эмоционалдық-еріктік, когнитивті, ынталандырушылық кешенді біріктіру
белгілері мен дамыту болып табылады: ұлттық дене тәрбиесі жаттығулары
элементтерін меңгерудегі шығармашылық іс-әрекетті түрлендірудің қабілеті
мен мүмкіндігін дамыту; зерттеушілік,
саналық бейнелік, рефлексивті іс-
әрекетті жүзеге асыру. Оқушылар ұлттық дене жаттығулары элементтері
арқылы интеллектуалды-дамытушылық іс-әрекеттің тәжірибесін меңгеру
мүмкіндігі мен қабілетін дамыту, қажетті базалық білімді бекітуді
жалғастырады.
84
Сурет 14 - Жалпы дамыту жаттығулары арқылы бастауыш сынып
оқушыларының өз бетімен орындауы дағдысын дамытудың моделі
Достарыңызбен бөлісу: