81
Осыған байланысты жалпы дамыту жаттығулары арқылы бастауыш сынып
оқушыларының өзбетімен орындау дағдыларын дамытудың моделіне
мақсаттық, мазмұндық және
іс-әрекеттік элементтер қатысады.
Модельдің
мақсаттық элементі білім беру саласындағы тұлғаның
сұранысына және оны жалпы дамыту жаттығулары арқылы оқушылардың
өзбетімен орындау дағдыларын дамыту талаптарын ескере отырып
құрастырылады. Жалпы дамыту жаттығулары арқылы оқушылардың өзбетімен
орындау дағдыларын дамытудың
мақсаты балаларды физикалық жағынан
дамыту, олардың қимыл-қозғалыс әрекеттері мен
ақыл-ой әрекеті қабілеттерін
жетілдіру, денсаулықтарын нығайту болып табылады.
Модельдің
мазмұндық элементі жалпы дамыту жаттығулары арқылы
оқушылардың өзбетімен орындау дағдыларын дамытудың талаптарына жауап
беретін білімнің мазмұнын құрайды. Мемлекеттік стандарттағы мазмұн
тұлғаның жалпы дамыту жаттығуларын өзбетімен орындау дағдыларын
дамытудың бастапқы деңгейін қамтиды. Жалпы дамыту жаттығуларын
орындатудың мазмұндық элементі оқушылардың өзбетімен орындау
қабілетіндегі
когнитивті, жылдамдық, эмоционалдық, эстетикалық және
шығармашылық ерекшеліктердің құндылығын бейнелейді. Дене шынықтыру
білім мазмұны рационалдық категориясы жалпы педагогикалық негізді
құрайтын дене шынықтырудың ұстанымы мен заңнамалығын анықтайды.
Рационалдық емес санадан тыс және әрдайым
логикалық көзқарас бойынша
түсінік беруге қиындық тудыртады. Рационалдық емес дене тәрбиесі
педагогикасы (интуициялық, рухтану, нұрға бөлену) әлі күнге дейін толық
зерттелмеген. Сонымен қатар
жалпы дамыту жаттығулары арқылы
оқушылардың өзбетімен орындау дағдыларын дамытудың мазмұндық
категориясы адамның қабылдау көзқарасындағы қызығушылықты туындатады.
Ол дене тәрбиесінің мәнін анықтайды және
жалпы дамыту жаттығулары
арқылы оқушылардың өзбетімен орындау дағдыларын дамыту үдерісіне ықпал
етеді.
Достарыңызбен бөлісу: