1.2 Жаңартылған білім мазмұны жағдайында жалпы дамыту
жаттығулары арқылы бастауыш сынып оқушыларының өзбетімен
орындау дағдыларын дамытудың мәні
Бұл тармақта жаңартылған білім мазмұны жағдайында жалпы дамыту
жаттығулары арқылы оқушылардың өзбетімен орындау дағдыларын
дамытудың мәні мен құрылымы қарастырылады. Бірақ бұл мәселеге арнайы
28
тоқталмас бұрын, жас өркен оқушылардың дене тәрбиесінің кәусар бастауы
болып табылатын ұлттық дене шынықтыру жаттығуларын және оның түп
тамыры болатын түркілік дене шынықтыру жаттығуларын заманауи
педагогикалық жүйені байыту көздері ретінде қарастырып өту қажет. Сол
анықталған терең тамырлы тәрбиелік діңге сүйене отырып, қазіргі заман
бастауыш сынып оқушыларының дене тәрбиесін ақыл-ой тәрбиесімен
ұштастырудың қадамдарын жан-жақты талдай келе, дене тәрбиесі
жаттығуларының құрылымын анықтаймыз.
Қазақ халқының, тұтас түркі халқының әлемге аты аян болған өміршең
қуатының әрдайым толысып тұратын ерекшеліктері әлемдік тарихи жолынан
белгілі. Ондай ерекшелік ақыл-ой және дене тәрбиесінің бір тізгінде ұсталып,
шыныққан тұлға қалыптастырған маңызды жүйеге байланысты болатыны
белгілі. Түркі әлемінің тәрбиелік ұстанымы бойынша, адамгершіліктің
толысуы адам баласының бойындағы барлық қасиет пен қабілеттің ізгілік
бағытында жүйелілікпен жүргізілуіне байланысты. Бұл бағытта зерттеулер
жүргізген ғалымдардың, атап айтсақ, М.Т. Таникеевтің [52], Х.Х. Баймурзиннің
[53], М.А.Гадимбейлидің [54], Э.П. Красильниковтің [55], А. Бүркітбаевтың
[56], О.М. Аннамамедовтің, М.Н. Нурмедовтің, [57], Э.Х. Галееваның [58], Р.К.
Хуснуллинаның [59], М.М. Рахимовтың [60], М.Г. Улангиннің [61], А.И.
Челтыгмашевтің [62], Х.М. Акбаевтың [63] т.б ғалымдардың еңбектері біздің
ғылыми жұмысымыздың теориялық және әдістемелік тіректері болып
табылады.
Туған топырағымызда мекен еткен ата-бабаларымыздың өміршең күш-
қуаты олардың ақыл-ой және дене тәрбиесінің үйлескен тізгінін қатар ұстауына
байланысты болған деп санаймыз. Қазіргі Тәуелсіз Қазақстан жеріндегі
тарихтың алтын парақтарына айналған ата-бабалардың дене тәрбиесі жолын
зерттеген ғылыми еңбектерден талай алыптар мен батырларды дүниеге әкелген
ұлтымыздың дене тәрбиесіне қатысты ұрпаққа қалдырған мирасының мол
екенін танимыз.
ҚР Тұңғыш Президенті Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті
қыры» мақаласында айтылған: «Көпшіліктің санасында тарихи үдерістер,
негізінен, тұлғаландыру сипатына ие болатыны белгілі. Көптеген халықтар өз
елінің ерекше елшісі сынды ұлы бабаларының есімдерін мақтан тұтады.
Мысалы, өткен дәуірлердегі Тутанхамон, Конфуций, Ескендір Зұлқарнайын,
Шекспир, Гете, Пушкин және Джордж Вашингтон сияқты дүние жүзіне белгілі
тұлғалар бүгінде «өз мемлекеттерінің» баға жетпес символдық капиталы
саналады әрі сол елдердің халықаралық аренада тиімді ілгерілеуіне септігін
тигізіп отыр. Ұлы дала Әл-Фараби мен Ясауи, Күлтегін мен Бейбарыс, Әз-
Тәуке мен Абылай, Кенесары мен Абай және басқа да көптеген ұлы тұлғалар
шоғырын дүниеге әкелді. Сондықтан біз біріншіден, атақты тарихи
тұлғаларымыз бен олардың жетістіктерінің құрметіне ашық аспан астында
ескерткіш-мүсіндер қойылатын «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты оқу-ағарту
энциклопедиялық саябағын ашуымыз керек. ... Үшіншіден, еліміздің тарихи
кезеңдерін кеңінен қамти отырып, «Ұлы Дала тұлғалары» атты ғылыми-
29
көпшілік серияларды шығарып, тарату жұмыстарын жүйелендіру және
жандандыру қажет»,– деген көреген пікірлері біздің зерттеуіміздің де
теориялық бастау көзінің бірі болып табылады [64].
Қазақстан жеріндегі бір арнаға түсіп, қалыптасқан дене тәрбиесі, дене
мәдениеті жүйесі – халқымыздың жалпы мәдениетінің құнды бір элементі
ретінде әр қазақтың, қазақстандықтың рухани дамып-жетілуіне ықпал ету
жолын зерттеген Б.М. Досқараев өз еңбегінде палеолит дәуірінен бастап Қазақ
хандығы құрылған кезге дейін (ХҮ ғасыр), кеңестік дәуірдегі дене тәрбиесі
жүйесінің ерекшеліктерін, Тәуелсіз Қазақстанның дене тәрбиесі мен спортты
дамыту бағыттарын кезең-кезеңмен, терең талдаулар негізінде атап көрсетеді
[65].
Ежелгі дәуірде материалдық және рухани мәдениеттің алтын бесігіне
айналған қазіргі Қазақстан жерін мекендеген ата-бабаларымыздың дене
тәрбиесі мәдениетін де жүйеге түсіріп, саналы ұрпақ қалыптастырудың негізі
дене мәдениетін сіңірумен байланысты деген ұғымды ұстанғанын Б.М.
Досқараев кең арналы талдау негізінде көрсетеді. Жарты миллион жыл бұрын
Оңтүстік Қазақстанда пайда болған ежелгі адамдарда өмір сүруіне аса қажетті
физикалық қабілеттерді жаттығу арқылы қоғам қажеттіліктеріне, табиғат
жағдайлары мен өндірістің ерекшеліктеріне бейімделген. Садақ пен жебенің
жасалуы адам өмірінің алға қарыштап дамуына зор ықпалын тигізгені туралы
айта келе, Б.М. Досқараев ол құралдардың адамның қауіпсіздігін қамтамасыз
етуге, материалдық игіліктерге жетуіне, бос уақыт табуына негіз қалағанын
атап көрсетеді. Бұл жағдайлар, өз кезегінде, адамдардың рухани және әсіресе,
дене тәрбиесінің дамуының көзіне айналды. Өндіріс түрлерінің біртіндеп
күрделене және түрлене дами бастауы адамдардың дене тәрбиесіне арнайы
жүйелі қарауын қажет ете бастады. Оларды қолдану адамнан ақыл-ойдың
жетілуіне, дамуына алып келді. Өйткені дене тәрбиесі күш-қуатты,
шыдамдылықты, сабырлылықты, шынығуды, жылдамдық пен шапшаңдықты,
қырағылық пен ептілікті керек еткендіктен, ол қасиеттер мен қабілеттердің тек
ақыл-оймен басқарылғанда ғана өз кезегімен адам үшін пайдалы болатыны
белгілі. Автор ер балалар мен қыз балалардың 7-8 жасқа дейін бірге ойын
түріндегі жаттығуларды орындайтын болғанын, кейін біртіндеп олардың ер
балалар бөлек, қыз балалар бөлек ойнап жаттығатынын, мысалы, қыз балалар
«еши-еши» ойнайтын болғаны, түнде малды күзетуге қажетті ойын түрлері
болғанын көрсетеді. Ғалымның айтуынша, шын мәнінде, «ойын (дене тәрбиесі)
– еңбектен туған туынды».
Дене тәрбиесінің түркілік дәстүрі жөніндегі ақпараттарды Геродоттың
еңбектерінде, «Жібек жолы» туралы тарихи еңбектерден, Али Абу Ибн Сина
еңбектерінде, Әлішер Навоидің еңбектерінде, Махмұт Қашқаридің, Жүсіп
Баласағұнидің, Абу Райхан Бирунидің түркі халықтарының тарихы мен
тұрмысы, мәдениетін зерттеген, сипаттаған еңбектерінен көре аламыз [66].
Қазақ даласының ұлы ғұламасы, әлемнің Екінші Ұстазы Әбу Насыр Әл-
Фарабидің тәрбиеге қатысты көзқарастарын зерттеген ғалымдардың
пайымдауынша, оның еңбектерінде дене тәрбиесінің көкейтесті мәселелері
30
кеңінен қарастырылған. Әл Фарабидің салауатты өмір салтын ұстану мен
денсаулық сақтау мәдениетін қалыптастыру туралы көзқарастарының күні
бүгінге дейін құндылығы жоғары. Зерттеушілердің айтуынша, «Ғұламаның
«Адамның дене мүшелері хақында», «Аристотель мен Галенге қарсы айтылған
дау хақында», «Аристотель мен Галеннің арасындағы дәнекер», «Мемлекеттік
қайраткердің нақыл сөздері» т.б. трактаттарында дене тәрбиесінің негіздері
тұжырымдалады. Әл-Фараби түйіндерінің бұл жердегі негізгі арқауы: адам
нәтижелі еңбек етіп, дұрыс дем алып, жақсы өмір сүру үшін тән сұлулығына
ерекше назар аудару қажет. Яғни «тәні саудың – жаны сау» дей келіп, «тәнді
емдеу, Гиппократтың сөзімен айтқанда өмірді ұзартатын болса, жанды емдеу
онан да жақсы нәтижеге жеткізуі тиіс» екенін ай
тады. Ғұлама өз еңбегінде
адамның психологиялық, әсіресе физиологиялық әрекетіне тәннің, дененің жеке
мүшелерінің (аяқ, қол, т.б.) атқаратын қызметіне, әсіресе жүйке саласының
әрекетіне ерекше мән береді. Ғұлама өз еңбектерінде жақсы денсаулық пайдалы
еңбек екендігін және қоғамдық іс-әрекетке белсене қатысудың маңызды кепілі
екендігін дәлелдейді» [66,б. 290].
Ұлы Абайдың: «Ақыл, Қайрат, Жүректі бірдей ұста, Сонда толық боласың
елден ерек», – деп айтқанындай, Тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі бастауыш
сынып оқушысы – ертеңгі тұлға деңгейіне өсуі күтілетін толыққанды қоғам
мүшесі. Олардың білімі мен күш-қайраты толысып, ел тізгінін ұстайтын
азаматқа айналуында дене шынықтырудың маңызы зор.
Бала тәрбиесі туралы саланың алтын қорына айналған педагогикалық
еңбектердің авторлары Я.А. Коменский [67], Ы. Алтынсарин [68, 69], И.Г.
Песталоцци [70], К.Д. Ушинский [71], Л.Н. Толстой [72], П.Ф. Лесгафт [73], А.
Байтұрсынұлы [74], Ә. Бөкейханов [75], М. Дулатұлы [76], М. Жұмабаев [77],
Қ. Сәтбаев [78], Ж. Аймауытұлы [79], Е. Омаров [80] т.б. ғұламалар ақыл-ой
тәрбиесі мен дене тәрбиесінің егіз екенін, оның ішінде жалпы дамыту
жаттығуларының оқыту тиімділігінің зор әлеуетіне әрдайым назарда ұстап
отырады.
Дене тәрбиесінің теориясын жасаушы ғалымдардың бірі П.Ф. Лесгафт
балаларға арнап дене жаттығулары жүйесін жасағаны белгілі [81]. П.Ф
Лесгафтың айтуынша, балаларға арналған жаттығуларды жүйелеуде олардың
гигиеналық және сауықтырушылық орнына назар аудару маңызды екенін атап
көрсетеді. П.Ф. Лесгафт дене жаттығуларын жасауда оқушылардың
анатомиялық ерекшеліктері мен психологиясы, физиологиясы ерекшеліктері
басты назарда ұсталынып, жас ерекшеліктеріне сәйкес жеңілден күрделіге
қарай жүру керектігіне баса назар аударады.
Оқушының жеке тұлғасы қалыптасуы өмір бойы жүріп жататын күрделі де
мол еңбектенуді қажет ететін процесс екені белгілі. Жеке тұлға ретінде
қалыптасуы үшін оқушының өмірлік күш-қуатын дұрыс бағыттап отыратын
көптеген дұрыс тәрбиелік бағдарлар болуы керек. Дене шынықтырудың, дене
тәрбиесінің, оның ішінде жалпы дамыту жаттығуларының да бұл келелі іске
қосар үлес сүбелі. П.Ф. Лесгафт осы мәселеге қатысты ғылыми көзқарастарын
талдау арқылы, адамның дене тәрбиесіне байланысты жаттығуларды өз бетімен
31
үздіксіз орындауға дағдылануы барысында дене және рухани қырларының
гармониялық үйлесіммен дамуға жете алатынын, ол үшін адам өз денесінің,
ағзасының барлық күш-қуатын танып-біліп, оны ақылмен басқару деңгейіне
жету керектігін айтып кеткен. Ғалымның айтуынша, адам баласының ақыл-ойы
мен денесінің мүмкіндіктері аса мол, адам ол мүмкіндіктердің тек үштен біріне
жетер-жетпес әлеуетін пайдаланып отыр. Сондықтан да П.Ф. Лесгафт өзінің
дене тәрбиесі жаттығулары жүйесін дене тәрбиесі деп емес, денені басқару
білімі деп атағанын байқаймыз. Оның: «Ақыл-ой тәрбиесі мен дене тәрбиесі
параллель жүргізілуі қажет, олай болмаған күнде біз жаттығуларсыз қалатын
кейбір ағзалардың дұрыс жолын бұзып аламыз», – деген пікірі біздің ойымызды
қостайды [82].
П.Ф. Лесгафт дене тәрбиесінен берілетін білім мазмұнына, жаттығулар
мен ойындарға ерекше назар аударды. Оларды таным құралы ретінде қарастыра
келе, ғалым дене тәрбиесіне байланысты жаттығуларды төрт негізгі топқа бөліп
қарастырады. Олар келесі сызбада көрсетіліп отыр.
Сурет 4 – П.Ф. Лесгафт жасаған дене тәрбиесі жаттығуларының
жіктемесі
М. Жұмабаевтың 1922 жылы 15 қыркүйекте Қызылжар қаласында
жазылған «Педагогика» еңбегінің дене тәрбиесіне, жалпы бала тәрбиесіне
қатысты айтылған ойларының маңызы өте зор [83]. «Педагогика» кітабын
жазу – тек заман талабы емес, М.Жұмабаевтың мұғалімдер курсында оқылған
дәрістерінің жинағы екенін ғалым-жазушы өзі атап көрсетеді. М.Жұмабаев
«Педагогика» кітабын жазу тәжірибесі жөнінде: «Бұл кітап 2-3 жыл бұрын
қысқа уақыттық мұғалімдер курсында оқылған дәрістерден түзілген еді. Бұл
Достарыңызбен бөлісу: |