Оспанкулов ернар ерланович



Pdf көрінісі
бет15/75
Дата14.10.2023
өлшемі1.83 Mb.
#480725
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   75
disser ernar

ЖДЖ 
кешенін 
іріктеу
Кешеннің көздеген 
мақсатына жауап беруі
Жаттығулар бұлшық еттің 
барлық тобына жан-жақты 
әсер етуі керек
Негізгі физикалық 
қасиеттердің дамуын 
қамтамасыз етуі керек
Қолжетімді болып, адамның 
жасына, физикалық 
дайындығына сай іріктелінуі 
керек
ЖДЖ жүйесі жеңілден 
күрделіге қарай жүру 
логикасымен іріктелінуі 
керек


25 
С.А. Бикбулатова мен В.В. Леденев бұл жаттығуларды бір-бірден 
біртіндеп орындату арқылы дененің түрлі бөлшектерін бірізділікпен іске 
қосудың маңыздылығын атап көрсетеді. 
Жалпы дамыту жаттығуларын оқытуда көрнекілікті қолдану әдістемесінің 
де орны ерекше. Нақты айтқанда, көру көрнекілігі ретінде жалпы дамыту 
жаттығуларын орындау кескіндері бейнеленген бағдарлар, нақты айтсақ, 
суреттер, сызбалар, кестелер, үлеспе қағаздар, кинограмдар, DVD, бейне 
материалдар қолданылады.
Соңғы уақытта дене шынықтыру пәнін, оның ішінде жалпы дамыту 
жаттығуларын оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану 
әдістемесі қарқынды дамытылып келеді. Осы мәселе теориялық тұрғыдан да, 
практикалық тұрғыдан да зерттеліп, күнделікті өмірде қолданылуда. 
Бұл 
ретте 
білім 
беруді 
компьютерлендірудің 
психологиялық-
педагогикалық талаптары мен оқыту үдерісін ақпараттандырудың негіздерін
зерттеген Б.С. Гершунский [45] , Н.Ф. Талызинаның [46] т.б. ғалымдардың, 
әдіскерлердің еңбектерін, мұғалімдердің мол тәжірибелерін атап өтеміз.
Жалпы дамыту жаттығулары арқылы оқушылардың өз бетімен орындау 
дағдыларын қалыптастыруда үлкен орын қозғалмалы ойындарға беріледі. 
Ойында ЖДЖ элементтері қолданылуы басты мақсат етіліп, оқушылардың 
сабақта және сабақтан тыс уақытта өз бетімен ойнауында ЖДЖ дағдыларын 
қалыптастырылуы көзделеді. Мұғалімдердің тәжірибелерін талдау барысында 
көптеген ойындардың ЖДЖ элементтеріне бай екендігі анықталды.
Сюжетті ойын сипатындағы ЖДЖ-ны қолдана отырып, мұғалім 
оқушыларды жұппен немесе топ болып, немесе жеке түрде орындауға 
дайындайды. Еңбектерді талдау барысында бұл әдістің тиімділігі өте үлкен 
екенін көрсетті [47, 48].
Жалпы дамыту жаттығуларын дене шынықтыру сабақтарында және өз 
бетімен орындауды оқыту барысында ЖДЖ терминдерін қолдануға үйрету 
әдістері ерекше орын алатынын барлық әдіскерлер мен ғалымдар атап 
көрсетеді.
ЖДЖ жүйесіндегі жекелеген жаттығуларды атап айту үшін немесе жазып 
алу үшін, арнайы белгілерді білу керек, дене күйінің атауларын, қозғалыс 
атауларын – жинақтай айтқанда, арнайы сөздерді, заттардың, құбылыстардың, 
ұғымдардың шартты атауларын білу керек. Яғни ЖДЖ терминдерін білу керек, 
сол арқылы жаттығуларды жазып алу жеңілдетіледі, қысқартулардың, 
жаттығуларды жазу формаларын ережелерін орнатады. Бұл терминдердің 
жасалуында оларға қойылатын бірқатар талаптар болатыны белгілі.
Ең алдымен, терминдер қысқа да нұсқа болуы тиіс, сондықтан көп 
жағдайда, терминдерді қысқарған түрде жазады.
Екіншіден, терминдер өз табиғатына сай, бірмағыналы болып, екіұштылық 
тудырмауы керек.
Үшіншіден, терминдер қолжетімді яғни түсінікті болуы талап етіледі. 
Қысқарған терминдерді жазуда арнайы дағдылар болуы тиіс.


26 
ЖДЖ терминдері барлық терминдер сияқты, жалпы және нақты терминдер 
болып бөлінеді.
1) Жалпы терминдер. Олар жалпы ұғымдарды білдіру үшін қолданылады, 
мысалы элементтердің тіркесуі, комбинация т.б. және жаттығулардың тобын 
білдіру үшін қолданылады, мысалы, сап жаттығулары т.б.
2) Нақты терминдер – нақты жаттығулардың түрлі белгілерін атау үшін 
қолданылады, мысалы, оңға бұрылу, алға жүру т.б.
Терминдердің қысқартылып қолданылуы белгілі бір ережелерге сүйенеді. 
Жалпы дамыту жаттығуларын жазуда қолданылатын терминдер ЖДЖ 
жаттығуларын жазуға тірек болады.
ЖДЖ жазуда терминдермен қатар графикалық сурет қолданылады.
Мысалы, жалпы дамыту жаттығуларын орындатуда оқушыларға алдымен 
түсінік беріледі, тақтаға суретін ілуге немесе проектормен көрсетуге болады.
Жазба түрде беріледі: 
«Қолды алға, екі жаққа, жоғарыға соз, қолды алдыға, артқа қарай 
айналдыр».
Сурет 3 түрінде беріледі: 
Cурет 3 
Оқушыларға осы қимыл-қозғалыстың атауын және соған сәйкес суретін 
естеріне сақтауы, қимыл арқылы көрсетуі сияқты т.б. тапсырмалар беріледі. 
ЖДЖ әдістемесінде терминді жазу, қысқартуларды жазу және есінде сақтауға 
байланысты әдістер үлкен орын алады [49, 50]. 
Жалпы дамыту жаттығулары арқылы оқушылардың өз бетімен орындау 
дағдыларын қалыптастыруда осы әдістің ерекшеліктерін әдістемелік тұрғыдан 
анықтаудың орны үлкен. Оқушылардың ЖДЖ-ны өз бетімен орындау 
дағдыларын қалыптастырудың негізгі бағыттары ретінде осы мәселені 
зерттеушілер келесідей бірізділікті ұсынады.
Алдымен, мұғалімге байланысты ұсыныстарды қарастырылады. 


27 
Біріншіден, мұғалім оқушылардың өз бетімен орындау дағдыларын 
қалыптастыруда сабақтың нұқсаушылық бағытын күшейтуі ұсынылады. 
Екіншіден, өз бетімен орындау дағдыларын қалыптастыруға үлкен сеп 
болатын дифференциациялық және индивидуалдық (саралау
және
даралау) 
тапсырмаларын көбірек қолдану ұсынылады. 
Үшіншіден, оқушыларда ЖДЖ-ны өз бетімен орындауын жоспарлау
өзіндік ұйымдастыру, өзін бақылау дағдыларын қалыптастыру ұсынылады. 
Төртіншіден, ЖДЖ-ны өз бетімен орындауын қалыптастыру үдерісін 
белсендіретін түрлі дидактикалық әдістерді қолдануды ұсынады. 
Бесіншіден, сабақ үстінде оқушының өзбетімен орындауын педагогикалық 
бақылауды жүзеге асыру ұсынылады. 
Ендігі кезекте оқушының ЖДЖ-ны өз бетімен орындауға үйренуі үшін 
қажетті іс-әрекеттерді көрсетейік. 
Біріншіден, жаттығудың бастапқы күйін (исходное положение) ұстануды 
үйрену керек, яғни қолды белде, басының артында, кеуденің алдында, иыққа 
қарай, жоғары, алға қарай, екі жаққа қарай ұстау. 
Екіншіден, жаттығу қимыл-қозғалыстарын дененің жекелеген бөлшектері 
арқылы орындап үйрену, яғни алдымен қолдармен, сосын денемен және 
аяқтармен орындау. Дененің жекелеген бөлшектері арқылы негізгі қимылдарды 
меңгерген соң, оларды өзара қосып, тіркестіріп орындауға дағдылану керек, 
яғни қолмен және аяқпен, қолмен және денемен, қолмен, аяқпен және денемен. 
Үшіншіден, ЖДЖ-ны жекелеген жаттығулар түрінде доппен орындау. 
Орындау алдында бастапқы күйдің (исходное положение) болмысын, қолмен 
және денемен орындалатын негізгі жаттығуларды доппен үйреніп алу керек.
Осыдан кейін ғана кешендеі жаттығуды орындауға көшу керек [51]. 
Зерттеу барысында ЖДЖ-ның жүйесін қарастырған еңбектерге шолу 
жасау және талдау жүргізілді. Нәтижесінде келесі мәселелер анықталды: 
– бастауыш сынып оқушыларына ЖДЖ арқылы өз бетімен орындау 
дағдыларын қалыптастырудың теориялық және практикалық негізі жан-жақты 
зерттелген, дегенмен қазақ тілінде арнайы әдістемелік жүйе әзірленбеген; 
– әлемдік тәжірибеде ЖДЖ жаттығуларының арнайы жүйесі жасалынған 
елдерде сол елдің патриоттық, идеологиялық бағыты көрініс тауып отырғаны 
анықталды. 
ЖДЖ жүйесін әзірлеуде қазақ ұлттық ойындарының әлі де көптеген 
әлеуеті /потенциалы пайдаланылмай келеді, сондықтан Тәуелсіз Қазақстан 
ұрпағының еркін және ерлікке толы рухани дүниесін толыққанды ететін ЖДЖ 
жүйесі әзірленуі – уақыт талабы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   75




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет