Оспанкулов ернар ерланович



Pdf көрінісі
бет59/75
Дата14.10.2023
өлшемі1.83 Mb.
#480725
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   75
disser ernar

Сабақтың соңы.
Оқушыларды сапқа тұрғызу. 
Бағалау.


122 
Үй тапсырмасына өз бетімен мысықтың жүрісін, қыранның қанат 
қағуын дұрыс және сауатты орындауды қайталау беріледі. 
Осы сериядағы келесі тақырыптар бойынша мұғалім басқа сабақтарды да 
кең түсінік бере отырып, ЖДЖ-ны өз бетімен орындауға дағдылануына қажетті 
әдістерді қолдана отырып ұйымдастырып өткізеді. 
Келесі – 3-сыныпта өткізілген эксперименттік сабақтың үзіндісі. 
«Сабақ № ... 
3-сынып. Пән – Дене шынықтыру. 
Тақырып – Гимнастикадан құралдармен орындалатын ЖДЖ-ны меңгерту. 
Мақсаты 3-сынып оқушыларының гимнастикадан құралдармен 
орындалатын ЖДЖ-ны меңгеруге деген қызығушылығын арттыру және 
оқушылардың қозғалыс, ойлау, сөйлеу-коммуникативтік тәжірибесі арқылы 
түрлі қабілеттерін жетілдіру. 
Білімдік міндеттері: 
– гимнастикадан құралдармен орындалатын жалпы дамыту жаттығуларын 
үйрету; 
– ЖДЖ жүйесіндегі гимнастиканың құралдармен орындалатын
жаттығуларды өз бетімен орындауға дағдыландыру. 
Дамытушылық міндеттер: 
– 3-сынып оқушыларының гимнастикадан құралдармен орындалатын
жаттығуларын өз бетімен орындау дағдыларын дамыту; 
– гимнастикадан құралдармен орындалатын ЖДЖ-н өз бетімен орындауға 
ерік-жігерін, есте сақтау қабілетін дамыту
– 3-сынып оқушыларының сабақтан тыс кезде жеке өзі немесе достарымен 
бірігіп, гимнастикадан құралдармен орындалатын ЖДЖ-н өз бетімен 
орындауға дағдыландыру. 
Тәрбиелік міндеттері: 
– оқушыларды дене мүсінін сымбатты қалыптастыруға үйрете отырып, 
дене мәдениетін дамытуға оқушының өзінің жауапкершілікте болу сезімін 
тәрбиелеу; 
3-сынып оқушыларын мектепішілік тәртіпті орындауға тәрбиелеу; 
– оқушыларды сабырлылықпен алдына қойған мақсатына жетуде 
шыдамды, болуын тәрбиелеу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   75




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет