123
Слайдтарға назар аудартылады. Слайдтағы суреттер мен түсініктемелерге
сүйене отырып, мұғалім әр жаттығудың қалай
орындалуы туралы сөз арқылы
түсіндіреді. Мұғалім өзі орындап көрсетуіне немесе 1-2 оқушыны саптың
алдына шығарып орындатып көрсетуіне болады. Бірнеше топтамалар
орындатылады.
Гимнастикалық таяқпен жасалатын жаттығулар
1. Бастапқы қалып –
негізгі тік тұру, таяқты төмен қарата ұстау. 1 –
орнында тұрып секіру, таяқты кеудеге тіреу; 2- орнында тұрып секіру, таяқты
жоғары көтеру; 3 – орнында тұрып секіру, таяқты кеудеге тіреу; 4 –
секіріп
бастапқы қалыпқа келу. Осыны 4-6 рет қайталау.
2. Бастапқы қалып – тік тұру аяқ алшақ, таяқты артқа бүгілген шынтақ
буындарында ұстау. 1 – денені оңға
қарай бұру; 2 – бастапқы қалыпқа келу; 3
– денені оңға қарай бұру; 4 – бастапқы қалыпқа келу. Осыны 6-8 рет қайталау.
3. Бастапқы қалып – тік тұру, аяқ алшақ, таяқ көлденең, еденде, қол таяқ
үстінде. 1 – жүрелеу, таяқ жоғары; 2 – бастапқы қалыпқа келу; 3– жүрелеу, таяқ
жоғары; 4 – бастапқы қалыпқа келу. Осыны 4-6 рет қайталау.
Кішкентай доптармен жасалатын жаттығу топтамалары
1. Бастапқы қалып – негізгі тік тұру, доп алға. 1 –
оң аяққа ұмтылу, доп
жоғары; 2 – бастапқы қалыпқа келу; 3 - сол аяққа ұмтылу,
доп жоғары; 4 –
бастапқы қалыпқа келу. Осыны 6-8 рет қайталау.
2. Бастапқы қалып – негізгі тік тұру, доп төмен. 1 – орнында тұрып секіру,
доп кеудеге; 2 – орнында тұрып секіру, доп жоғары; 3- орнында тұрып секіру,
доп кеудеге; 4 – секіріп бастапқы қалыпқа келу. Осыны 4-6 рет қайталау.
3. Бастапқы қалып – негізгі тік тұру, доп төмен. 1 – доп алға, оң аяқты алға
сермеу; 2 - негізгі тік тұру, доп төмен; 3 – доп алға, сол аяқты алға сермеу; 4 -
негізгі тік тұру, доп төмен. Осыны 6-8 рет қайталау.
4. Бастапқы қалып – негізгі тік тұру, доп төмен. 1 –
допты жоғары
лақтырып, жүрелей отыру, отыра бере допты қағып алу; 2 – бастапқы қалыпқа
келу; 3 – допты жоғары лақтырып, жүрелей отыру, отыра бере допты қағып алу;
4 – бастапқы қалыпқа келу. Осыны 6-8 рет қайталау.
Достарыңызбен бөлісу: