Оспанкулов ернар ерланович



Pdf көрінісі
бет60/75
Дата14.10.2023
өлшемі1.83 Mb.
#480725
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   75
disser ernar

Көрнекіліктер: слайд, компьютер, экран; олар болмаған жағдайда қағазға 
салынған спорттық жүрудің қимыл-қозғалыс суреттері, кестелер. 
Сабақтың барысы. 
Оқушыларды сапқа тұрғызу. 
Мұғалім:
Оқушылар, біз бүгіннен бастап дене шынықтыру сабақтарының бір 
бөлімін жалпы дамыту жаттығуларының гимнастикалық құралдармен 
орындалатын түрлерін үйренуге кірісеміз. 1-2 сыныптарда орындаған жалпы 
дамыту жаттығуларын естеріңе түсіру керек. Сол жалпы дамыту 
жаттығуларын енді күрделілеу түрде орындауға, өз бетімен үйде, демалыс 
сәттерінде дұрыс және сауатты орындауға дағдылануыларың керек. 


123 
Слайдтарға назар аудартылады. Слайдтағы суреттер мен түсініктемелерге 
сүйене отырып, мұғалім әр жаттығудың қалай орындалуы туралы сөз арқылы 
түсіндіреді. Мұғалім өзі орындап көрсетуіне немесе 1-2 оқушыны саптың 
алдына шығарып орындатып көрсетуіне болады. Бірнеше топтамалар 
орындатылады. 
Гимнастикалық таяқпен жасалатын жаттығулар 
1. Бастапқы қалып – негізгі тік тұру, таяқты төмен қарата ұстау. 1 – 
орнында тұрып секіру, таяқты кеудеге тіреу; 2- орнында тұрып секіру, таяқты 
жоғары көтеру; 3 – орнында тұрып секіру, таяқты кеудеге тіреу; 4 – секіріп 
бастапқы қалыпқа келу. Осыны 4-6 рет қайталау. 
2. Бастапқы қалып – тік тұру аяқ алшақ, таяқты артқа бүгілген шынтақ 
буындарында ұстау. 1 – денені оңға қарай бұру; 2 – бастапқы қалыпқа келу; 3 
– денені оңға қарай бұру; 4 – бастапқы қалыпқа келу. Осыны 6-8 рет қайталау. 
3. Бастапқы қалып – тік тұру, аяқ алшақ, таяқ көлденең, еденде, қол таяқ 
үстінде. 1 – жүрелеу, таяқ жоғары; 2 – бастапқы қалыпқа келу; 3– жүрелеу, таяқ 
жоғары; 4 – бастапқы қалыпқа келу. Осыны 4-6 рет қайталау. 
Кішкентай доптармен жасалатын жаттығу топтамалары 
1. Бастапқы қалып – негізгі тік тұру, доп алға. 1 – оң аяққа ұмтылу, доп 
жоғары; 2 – бастапқы қалыпқа келу; 3 - сол аяққа ұмтылу, доп жоғары; 4 – 
бастапқы қалыпқа келу. Осыны 6-8 рет қайталау.
2. Бастапқы қалып – негізгі тік тұру, доп төмен. 1 – орнында тұрып секіру, 
доп кеудеге; 2 – орнында тұрып секіру, доп жоғары; 3- орнында тұрып секіру, 
доп кеудеге; 4 – секіріп бастапқы қалыпқа келу. Осыны 4-6 рет қайталау.
3. Бастапқы қалып – негізгі тік тұру, доп төмен. 1 – доп алға, оң аяқты алға 
сермеу; 2 - негізгі тік тұру, доп төмен; 3 – доп алға, сол аяқты алға сермеу; 4 - 
негізгі тік тұру, доп төмен. Осыны 6-8 рет қайталау. 
4. Бастапқы қалып – негізгі тік тұру, доп төмен. 1 – допты жоғары 
лақтырып, жүрелей отыру, отыра бере допты қағып алу; 2 – бастапқы қалыпқа 
келу; 3 – допты жоғары лақтырып, жүрелей отыру, отыра бере допты қағып алу;
4 – бастапқы қалыпқа келу. Осыны 6-8 рет қайталау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   75




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет