Оспанов Оразбай Алимханович Шардара Ашық сабақ



бет3/4
Дата09.02.2024
өлшемі2.08 Mb.
#491479
түріСабақ
1   2   3   4
Жайылым тоғандарда балықты өсіру ашық сабақ жаңа форма

Үш жаздық балық өсіру. Үш жыл айналымдылық вегетациялық маусымы қысқа сосын балық салмағы 1кг-нан жоғарысы қалыптасқан жерлерде қолайлы.
Үш жылдық айналымның ерекшелігі: 1) балықтың өсімі жоғарылау; 2) тауарлы балықты өндіру мерзімі ұлғаяды, балықты маусымнан бастап сатуға болады; 3) өнімнің бір өлшеміне отырғызу материал шығыны азаяды; 4) сату бағасы жоғарылайды.
Кемшіліктері: 1) айналымы ұлғайып өндірістік процестер қиындайды; 2) екі қыстау; 3) жалпы өнім төмен болады; 4) үш жаздық балық қызылша ауруына төзімсіз келеді.
Үш жыл айналымда тоғандардың саны мен арақатынасы өзгеше болады. Төменде үш жылдық айналымды шаруашылықтарға техниалық балық өсіру нормативтері келтірілген
Үш жылдық шаруашылықтардың техникалық-балық өсіру нормативтері:
Тоған ауданы, % 100
Ι-қатардағы өсіру тоғаны 11
ΙΙ- қатардағы өсіру тоғаны 23
Қыстау тоғаны 4,5
Жайылым тоғаны 61
Басқалары 0,5
Салмағы, г
Бір жылдық балықтар 25-30
Екі жылдық 130-150
Тауарлы балық 700-750

Тоғанға отырғызу тығыздылығы, мың дана/га


Ι- қатардағы өсіру тоғаны 60
ΙΙ- қатардағы өсіру тоғаны 10
Жайылым тоғаны 2,5-3

3-кесте. Тұқы балық денесіндегі май мен ылғал мөлшері



4-кесте. Әр жастағы және әр салмақтағы тұқының желінетінжәне желінбейтін бөліктерінің мөлшері, %

5-кесте. Үшінші маусымдық кезеңде екі жылдық балықтыңсалмағы, г


Жайылым тоғанына қалыпты тұқы отырғызу мөлшері келесі формуламен есептелінеді:



бұнда А - отырғызу нормасы, дана; S - семірту тоғанының ауданы, га; M, m - екі жаздық және бір жылдық балықтың салмағы, кг; Р - екі жаздық балықтардың шығымы.


Балық шаруашылығын жобалағанда бастапқы көрсеткіші жалпы өнімді тоғандар аудан болса (басты тоғанды есептемегенде), онда есепті тұқы өсіру технологиялық процесінің бастамасынан бастайды. Алдымен шаруашылықта тұқым балықтардың айталық, 4 ұясы бар екенін ескертіп (оның 2-қоры), жеке категориялы тоғандардың ауданын есептейді, содан соң барлық тоғандардың ауданын қосып, бүкіл шаруашылықтың өнімді тоғандарының ауданын есептеп шығарады. Әрі қарай, есептеп шығарылған ауданмен жоспарланған ауданды сәйкестіреді. Айталық, есептегеніміз 3,3 есе аз болып шықты, бұл жағдайда барлық тоғандардың ауданын осы коэффициентке көбейтіп осы шаруашылықта жоспарланған жер ауданына сай тоғандардың жалпы ауданы есептелінеді.


Балықтарды моно-және поликультурада өсіру. Бір түр және бір жастағы балықтарды өсіргенде азықтық ресурстың бір шамасы игерілінбей қалады. Осы кемшіліктен арылу үшін неше түрлі балық өсіру әдістері бар: аралас отырғызу, ол дегеніміз тоғанда балықтың бір түрін бірақ әр жастағы балықтарды өсіру; қосымша балық бұл әдісте негізгі балықпен қатар балықтың басқа түрлері өсіріледі; поликультура бір тоғанда балықтың екі немесе бірнеше түрі бірге өсіріледі.

Тағы бір әдіс, екі жаздық балықты үш жаздық балықпен 5:1 арақатынаспен отырғызу, үш жаздық балықтар тоғанның ну қоғалы және түпкі фаунаны жақсы игереді. Сонымен, табиғи балық өнімділігі көтеріліп ертерек мерзімдерде тауарлы балық алуға болады.


Қосымша балық. Қосымша балықты отырғызу тиімділігі балық дұрыс таңдалуына байланысты. Балықты бірге өсіру аймағына, тоғандардың ерекшелігіне, балықтардың қоректенуіне т.б. себептерге байланысты.
Балықты бірге отырғызу қолайлылығы белгілі бір жағдайларға байланысты болады. Жалпы алғанда, бентоспен қоректенетін балықтардан бекіре тұқымдастар, ақсаха, чир, оңгак, мөңке балықтары; планктонмен қоректенетіндерден көкшұбар, пайда, ақ мөңке, шұбар дөңмаңдай балықтары; өсімдікпен қоректенетіндерден ақ амур және ақ дөңмаңдай; жыртқыштардан көксерке, алабұға, шортан, бақтақ балықтары қосымша балық әдісіне жарайды, яғни бұл балықтарды әртүрлі комбинацияда бірге отырғызуға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет