33
қиындай түседі. Ал картина тереңдігін көрсететін қиғаш сызықтар оның
шексіздігін тежемейді, аумағын қеңейтеді, тереңдігін айқындайды.
Композиция шешімінде ашық және күңгірт түстердің көлемдерін
үйлестіру керек. Ұсақ бөлшектер картина тұтастығын жоймауы керек.
Жоғарыда айтылған түсініктер - бұлжымай орындайтын заң емес.
Бұл тек жас суретшіге берілетін бағыт-бағдыр ғана.
Табиғат көріністері
әрқашан бай, формалары әртүрлі, сондықтан болашақ суретші әр
құбылысты өзінше бейнелей білуі керек.
Үлкен суретті бастар алдында, қойылған заттарды әр қырынан бай-
қап көру керек, бірнеше композициялық жобалар жасап, қарау нүктесін
белгілеу қажет.
Бейнелеу жұмысының негізі: жалпыдан – жекеге, үлкеннен – кішіге
деген бағытты сатымен жүргізілуі керек.
Бейнелеу жолында ең бастапқы жұмыс болып кіші форматта са-
лынған
жылдам суреттер, заттардың көлемі, орналасуын т.б. өзгеше-
ліктерін табуға зор пайдасын тигізеді. Үлкен формаларды салып алмай,
ұсақ-түйек бөлшектерден суретті бастау, заттардың көлемдік өзгешелік-
терін анықтауға кері әсерін тигізеді. Заттардың көлемдік құрылымын
бейнелеуде үлкен–кіші көлемдік қатынасын дұрыс табуға аса назар
аудару қажет. Заттардың бөлшектерін салғанда, оның сипатын ашатын
өзгешеліктерді ғана бейнелеу керек. Жарық-көлеңкені суреттің басынан
бастап жүргізіп отыру аса маңызды. Назарда заттардытүгел толық бақы-
лау аса пайдалы тәсіл болып табылады.
Әр сурет қойылымының мақсаты алдын-ала белгіленуі қажет. Су-
ретке салынатын заттардың формасы мен материалдары әртүрлі, аума-
ғы әр қилы болуы мүмкін. Заттар бір-бірімен тығыз байланысып, бірін бірі
басып тұруы да ықтимал.
Сурет қойылымының артқы жағына ілінетін мата (фон) біртүсті,
тегіс болуы керек. Бірінші
қойылымда мата тегіс болуы, ал келесі
қойылымдарда мата үлкен қыртыстармен ілінуі мүмкін.
Перспективалық заңдылықтарды түсіну үшін натюрморт заттарын
үлкен кеңістікте (бөлменің бұрышында (интерьер)) қою керек. Бұл жерде
заттардың алыстаған сайын кішірейе беретінін ұғу керек. Перспекти-
валық сызықтар бір нүктеде түйісуі керек, кей жағдайда түйісу нүктесі
картинанан сыртына шығып кетуі мүмкін. Ондай жағдайда картинанын
сыртына қағаз қосу арқылы түйісу нүктесін дәл табуға болады.
Әр заттың
кеңістікте орналасуын дұрыс бейнелеу үшін геометриялық заңдалақтар-
ды кеңінен қолдана білу керек. Бастапқы кезеңде суретші нағыз құры-
лысшы ролінде болады. Заттардың формаларын сызықтар арқылы не-
ғұрлым мұқият зерттесе, соғұрлым сурет шынайы болады. Бірінші кезек-
те: заттар орналасқан кеңістікті (стол үсті) дәл табу, содан соң, жеке
заттардың аумағының (пішін) құрылысын зерттеу жүргізіледі.
Нақ нұсқадан сурет салудың күрделілігі, екі өлшемді жазықтықта үш
өлшемді
көлемді көрсетуін талап етеді, қағаз бетіне бір заттың өзіне
34
ұқсас көлемдік пішінін бейнелеу керек. Қағаз беті екі өлшемнен – ұзын-
дық және биіктіктен тұрса, бейнесін түсіретін зат өлшемнен – ұзындық,
ендік, биіктіктен тұрады. Сурет салу күрделі кезең болып табылады,
орындағанда кезеңдерінде айқын мақсаттар шешіледі:
1)
Сурет салушы бейнелейтін заттың пішінінің құрылыстық құрамын
түсініп игеру керек, затты ойша геометриялық
элементтерге бөлшектеп
тастау;
2)
Заттың перспективалық бейнесінің негізгі ережелерін сақтау;
3)
Бейнелейтін заттардың жарық – көлеңкесін дұрыс анықтау.
Затты көру және талдау, нақнұсқаны толық қабылдау, сонымен
бірге заттың бөлек бөлшектерінің қарым–қатынастарын, айырмашылық-
тарын бір-бірімен және айнала фонмен салыстырудан түзеледі. Суретті
түпнұсқадан сауатты салуды үйрену үшін көрген – байқаған нәрселерді
қағаз бетіне суреттеме ретінде күнделікті бейнелеп отыру қажет.
Түрлі пішіндердің құрылыстық өзгешеліктерін оқып білу және олар-
дың көлемдерін айқындау үшін жай геометриялық денелерді қолдану
дұрыс болады.
Мұндай заттар куб, призма, пирамида, цилиндр, шар, конустар жа-
тады. Ол заттарды бір-бірімен салыстыру заңдылықтарын, перспектива-
лық өзгерістерді, денелердің пропорциялық қатынастарын, құрылымдық
ерекшеліктерін тез игере бастайды.
Суретке кірісу алдында композициялық мәселелерді шешу қажет.
Сурет бейнені қағаз бетіне орналастырудан басталады.
Заттардың не-
гізгі қасиеттерін, олардың қалай анықталатынын білу керек. Аталған қа-
сиеттер мыналар: пішін, мөлшер, жарық– көлеңке, түс.
Суретті бастағанда біріншіден нақнұсқаның айырмашылықтары қа-
растырылады.
Бір өлшемді басқа өлшеммен салыстыру қатынастарын пропорция
дейді. Пропорция «proportio» деген латын сөзінен шыққан, «теңдік», «те-
ңестіру» деген мағына береді.
Заттардың пропорцияларын дұрыс анықтау үшін
сыналау әдісін
қолданады.
Кубты, призманы бейнелеу оның құрылысын анықтаудан және
кеңістікте қалай орналасқанын байқап барлаудан басталады.
Достарыңызбен бөлісу: