Қостанай 019 ж. ӘОж 75/76 ббж 85. 15


. Перспективалық көріністегі тұрмыстық заттардың суреттері



Pdf көрінісі
бет22/51
Дата24.05.2024
өлшемі4.33 Mb.
#501792
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   51
Сәпиев Ә.С. Академиялық сурет

6
. Перспективалық көріністегі тұрмыстық заттардың суреттері 
Қойылатын заттар: үстел, орындық, шкаф т.б. ірі заттар.
Басты мақсат: үлкен заттардың бөлме кеңістігінде орналасуын пер-
спективалық заңдылықтар арқылы бейнелеу. 
Жеке үй тапсырмасы: Жоғарыда аталған суреттердің әшекейлік 
түрлерін жасау. Бұл жерде заттардың сұлбасын, жалпы суреттің тұ-
тастығын сақтау аса қажет (сурет 13).
Сурет 13. Тұрмыстық заттар 
1 тапсырма. Қылқаламмен осы заттардың жылдам суреттерін салу. Әр 
заттың көркемдік сипатын таба білу. Жылдам суреттер – бейнелеу ма-
мандығының айқын жолы деп айтуға болады. 

тапсырма. Алдыңғы тапсырманы тек қана сызықтармен салу. Сызық-
тар мен дақтар. Гуашь техникасын толық меңгеру үшін мынадай жатты-


37 
ғулар беріледі. Қағаз бетіне әртүрлі тіктөртбұрыштылар мен шаршылар 
салынады. Оларды әртүрлі гуашь бояуларымен бояу керек. Бір түсті 
ағарту және қарайту арқылы бояудың өңдік өзгеруін бақылау. Дәрісха-
нада салынған заттардың нақты бейнесі мен салыстыра отырып, оның 
әшекейлік бейнесін табу. Әшекейлік бейнеде бояулар қанық, өзгеше 
болуы мүмкін. Бірақ бұл жерде бояулардың түр-түс үйлесімдігін жоғалт-
пау керек. 
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар 
1. 
Жарық түсінігін анықтаңыз. 
2. 
Жарықтың түрі бойынша таралу заңдылықтарын түсіндіріңіз. 
3. 
Тон дегеніміз не? 
4. 
Тоналды қарым–қатынастарды қалай түсіндіруге болады? 
5. 
Тоналды қатынастардың негізгі заңдылықтары неде? 
6. 
Қарындаштың түрлі техникасын игеруге бағытталған бірнеше 
жаттығуларды орындаңыз. 
7. 
Тонды біртіндеп күшейту үшін жаттығу жасаңыз. 
8. 
Түстегі кез келген шар тәрізді затты натурадан салыңыз. 
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі 
1. 
Уалиев Б.М., Иманбекова Қ.К. Сурет. Оқу-әдістемелік құралы. – Астана: 
Фолиант, 2010.– 160 б. 
2. 
Өтепбаев, Н. Н. Академиялық сурет [Электрондыќ ресурс] : оқу құралы / 
Н. Н. Өтепбаев. – Алматы : Эверо, 2016. – 264 б.
3. 
Сәпиев Ә. С. Сурет негіздері: сурет пәніне арналған әдістемелік 
нұсқаулық / Ә.С. Сәпиев. – Қостанай: ҚМПИ баспасы, 2011. – б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет