Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Жаратылыстану-математика факультеті


  Онтогенез.  Эмбриогенез.  Постэмбриональдық



Pdf көрінісі
бет106/183
Дата02.01.2022
өлшемі1.59 Mb.
#452555
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   183
Оразымбетова Б. Б. Биологияға кіріспе

7  Онтогенез.  Эмбриогенез.  Постэмбриональдық  
дамудың  заңдылықтары
 
 
7.1  Жыныс жасушаларының дамуы. Ұрықтану 
 
Сперматогенез  және  овогенез  (жыныс  жасушаларының 
дамуы). Мейоз жолымен беліну кезінде сперматогенез әрекеті жүреді 
де,  онда  аталық  жыныс  жасуша  түзіледі.  Пісіп  жетілмеген  жыныс 
жасушасының  мөлшері  үлкейіп,  мейоздың  бірінші  бөлінуі  кезінде 
сперматогенез  әрекеті  басталады.  Бірінші  бөлінудің  нәтижесіңде  екі 
жасуша  (2  п)  түзіледі.  Одан  кейін  мейоздың  екінші  бөлінуі  жүреді. 
Мейоздың  екінші  бөліну  нәтижесінде  пісіп  жетілген  аталық  екі 
жыныс  жасушалардан,  гаплоидты  хромосомалар  жиынтығы  (п)  бар 
төрт сперматазоид пайда болады. 
Аналық  жыныс  жасушаларының  түзілуі  -  овогенез,  оның 
сперматогенездерден  біраз  айырмашылығы  бар.  Мәселен,  овоцит 
жасушаларында  қарқынды  түрде  ақуыз,  рибосомалар,  рибонуклеин 
қышқылдары синтезделеді. Пісіп-жетілген жұмыртқа жасушаларында 
рибосомалардың,  ақуыздың,  рибонуклеин  қышқылының  синтезделуі 
аяқталған  сон,  мейоздың  бірінші  болінуі  басталады.Мейоздың 
бірінші бөлінуі нәтижесінде  (мейоздық бөліну жұмыртқаның жыныс 
безінен  шыққаннан  кейін  жүреді)  әрбір  овоциттен  көлемі  жағынан 
бірдей  емес  гаплоидты  жасушалар  пайда  болатыңды.  Цитоплазмасы 
өте көп ірі жасушаны овоцит деп атайды, ал цитоплазмасы жоққа тән 
екінші кіші жасушаны багыттаушы денешік дейді. 
Қоректік заты мол ірі жұмыртқа жасушаның маңызы зор, себебі 
екінші бөлінуде одан бағыттаушы денешік түзіледі. 
Демек,  мейоздың  екінші  бөлінуінде  бір  ірі  қоректік  заты  мол 
жұмыртқа  жасуша  және  бір  бағыттаушы  денешік,  ал  алғашқы 
бағыттаушы денешік екіге бөлініп, екі денешік түзіледі, нәтижесінде 
хромосома  жиынтықтары  гаплоидты  (п)  болып  келетін  бір  ірі 
жұмыртқа  жасуша,  үш  бағыттаушы  денешіктер  түзіледі.Бағыттаушы 
денешіктер  кейінірек  жойылып  кетеді.  Ірі  жұмыртқа  жасушадағы 
қорға  жиналатын  зат  ұрықтың  бірінші  дамуының  сатысында  қажет 
болады. 
Ұрықтану.  Ұрықтану  дегеніміз  пісіп  жетілген  аталық  және 
аналық жасушалардың ядролары мен цитоплазмаларыныңбір-бірімен 
қосылуы. Сондай-ақ гаплоидты хромосомалар жиынтығының қосылу 
нәтижесінде  зигота  түзіледі  де,  әр  түрге  тән  хромосомалардың 


97 
 
диплоидты  жиынтығы  мен  ядро  заттары  қалпына  келеді.  Ұрықтану 
кезіңде  тұқым  қуалау  ақпараты  жаңарып,  ұрпақтан-ұрпаққа  беріліп 
отырады.  Жұмыртқа  жасушаның  ядросы  мен  сперматозоидтың 
ядросы  жанасқанда  қабықшаның  жанасқан  жеріндегі  бөлігі  еріп 
кетеді  де,  ішіндегі  заттары  бір-бірімен  қосылып,  диплоидты  ядросы 
бар  зигота  түзіледі.  Ұрықтанғанда  сперматозоид  жасушасының 
жұмыртқа жасушасына біреуі ғана өтеді. Мұндай ұрықтанудың түрін 
моноспермиялы ұрықтану дейді. 
Кейбір жағдайларда жұмыртқа жасушасына бір  немесе бірнеше 
сперматозоидтар  енеді,  мұндай  құбылысты  полиспермиялы  урық-
тану  деп  атайды.  Полиспермия  құбылысы  бунақденелілерде,  был-
қылдақденелілерде,  тікентерілілерде,  қосмекенділерде,  жорғалаушы-
ларда, құстарда, ал кейбір жағдайларда сүтқоректілерде де кездеседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   183




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет