Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Жаратылыстану-математика факультеті


Аталық (сперма) гаметаларының дамуы



Pdf көрінісі
бет109/183
Дата02.01.2022
өлшемі1.59 Mb.
#452555
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   183
Оразымбетова Б. Б. Биологияға кіріспе

Аталық (сперма) гаметаларының дамуыАталықтың ұшында 
тозаң  түтікшелері,  ал  бұлардың  ішінде  (6)  спермиялар  дамиды.  Бұл 
жасушада  мейоз  жолымен  екі  рет  бөлініп  (7,  8)  гаплоидты  хромо-
сомалы төрт жасуша пайда болады. 
Тозаң  түйіршігінің  келесі  кезеңі  митоз  жолымен  бөлінеді  де, 
хромосомалардың  гаплоидты  жиынтығы  бар  екі  жас  жасуша  тозан-
қаптың жасушаларына түседі де (9), дами бастайды. Бұлардың біреуі 
өсімді  (вегетативті),  екіншісі  генеративті  жасуша  деп  аталады. 
Генеративті жасуша митоз жолымен екіге бөлінеді. Пайда болған екі 
жасуша да  спермияға айналады  (9б). Сөйтіп сыртын тығыз қабықша 
қаптаған, пісіп жетілген тозаң түйіршігінде үш жасуша пайда болады, 
біреуі өсімді жасуша және екеуі гаплоидты хромосома жиынтығы бар 
спермия. 
Тозаң  түйіршігі  өнгенде,  оның  өсімді  жасушасы  тозаң  түтігіне 
айналады.  Тозаң  түтігі  созылып,  ұрық  қапшығына  жеткен  соң, 
гаплоидты  жиынтығы  бар  спермия  (9а)  гаплоидты  жиынтығы  бар 
жұмыртқа  жасушаны  ұрықтандырып,  диплоидтық  жиынтығы  бар 
ұрық түзіледі, одан болашақ өсімдіктің ұрығы дамиды (10). 
Екінші спермия диплоидты жиынтығы бар жұмыртқа жасушаны 
ұрықтандырып  (9ә)  триплоидты  жиынтығы  бар  жасушаға  айналады. 
Триплоидты  ядросы  бар  жасуша  дамып  келе  жатқан  ұрықтың 
қоректік  заты  ретінде  жұмсалатын  органикалық  заттарға  мол 
эндоспермге  айналады.  Сонымен  гүлді  өсімдіктердің  қосарынан 
ұрықтануы  дегеніміз,  бір  мезетте  диплоидты  ядролы  жасушадан 
болашақ  өсімдіктердің  ұрығы  дамып,  ал  триплоидты  ядролы 
жасушадан қоректік заттың қоры — эндоспермнің дамуын айтады. 
Гүлді  өсімдіктердегі  қосарлы  ұрықтануды  1898  жылы  ботаник 
С.  Г.  Навашин,  ал  эндоспермнің  триплоидты  табиғатын  1915  жылы 
оның баласы М. С. Навашин ашқан болатын. Жасуша ұрықтанғаннан 
соң (зиготадан) ағзаның жеке дамуы басталды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   183




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет