Биосфералық деңгей. Жер ғаламшарындағы барлық тірі
организмдер мен олардың тіршілік ететін жалпы табиғи орта
жағдайларының жиынтығы биосфералық деңгейді құрайды.
Биосфералық деңгейде басты рөлді "тірі заттар", яғни жер бетіндегі
барлық тірі организмдер атқарады. Биосфералық деңгейде "жанама
заттар" (яғни, қоршаған орта жағдайлары) мен тірі организмдердің
тіршілік әрекетінен пайда болған "биожанама заттардың" да маңызы
зор. Биосфералық деңгейде бүкіл жер бетіндегі заттар мен
энергияның айналымы биосферадағы барлық тірі организмдердің
тікелей қатысуы арқылы жүріп отырады.
|