20
Осы кестеде берілген элементтердің құрамы барлық жануарлар
жасушасында бірдей болады, ал өсімдіктер мен ұсақ ағза жасуш-
аларында басқаша. Tipi ағзадағы химиялық элементтердің зат айна-
лым әрекетіндегі маңызы соншалык, егер микроэлементтер жетіс-
песе, ағза ауруға ұшырайды. Мәселен, жасушадағы иодтың мөлшері
0,01% болуы кажет. Егер тағамның құрамында иод жетіспесе, бала
бойының өсуі тежеледі. Егер тағамның құрамыңда мыстың мелшері
жетіспесе, мал жаппай ауруға ұшырайды.Сонымен катар, химиялық
элементтердің тірі ағзалардағы үлесі жер бетіндегі таралуынан
мүлдем өзгеше(4-кесте).
Химиялық элементтер
4
кесте
Жер беті
Адам ағзасы
Элемент
%
Элемент
%
O
47,0
H
63
Si
280
O
25,5
Al
79
C
9,5
Fe
45
N
1,4
C
35
Ca
0,31
Na
25
p
0,22
K
25
Cl
0,08
Mg
22
K
0,06
Тірі ағза жасушасында кездесетін сутегі, оттегі, көміртегі және
азоттың үлесі 99%-ке дейін жетеді. Олардың үшеуінің (сутегі, көмір-
тегі, азот) жер бетіндегі жалпы үлесі 1% -тен кем болады. Сонымен
қатар, адам ағзасында болатын он элементтің сегізі теңіз суында кез-
деседі. Бұдан төмендегідей болжам жасауға болады:1. Оттегі, сутегі,
көміртегі және азоты бар химиялық қосылыстардан тірі материяның
негізі қаланған. 2. Алғашқы тірі ағзалар бейорганикалық қосылыстар-
дың негізінде теңіз суында пайда болып дамығаның көруге болады.
Жасушаның молекулалық құрылымы күрделі және әрқилы
болады. Кейбір қосылыстар, мысалы, су және минералды тұздар өлі
табиғатта да кездеседі, ал органикалық қосылыстар: көмірсу, липид,
ақуыз (протеин) және нуклеин қышқылдары, т. б. тек тірі жасушалар-
ға ғана тән, олардың мөлшері мына кестеде берілген.
Достарыңызбен бөлісу: