162
Әрбір бірлестік үнемі өзгеріп отыратын және өзін-өзі реттейтін
жүйе болғандықтан, ондағы тіршілік үшін күрес, табиғи сұрыпталу
бағыттары да үнемі өзгеріп отырады, мұны анықтау да экология
міндеттеріне кіреді. Тірі ағзалардың өздері тіршілік ететін орта
жағдайларына геологиялық дәуірлерде бірте-бірте бейімделгендігін
эволюциялық тұрғыдан анықтау да - экологиялық міндеттерге тиесі
мәселе.
Қазіргі таңда халық шаруашылығының кез келген салаларын
дамыту үшін экологиялық білімнің қажеттілігі арта түсуде. Әсіресе
ауыл шаруашылығын дамытуда, өнеркәсіпті өркендетуге және
табиғат
байлықтарын
пайдалану
мен
табиғатты
көркейту
шараларының бәріде де экология ғылымының көрсетер көмегі орасан
зор. Сондықтан да экология халық шаруашылығының барлық
салаларын дамытуда
әрі ғылыми, әрі іс жүзіңде негіз болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: