159
саналатын уранопитектің сүйек қалдықтарының жасы 10 млн. жыл
деп анықталып отыр, ал Африкадағы афарлық австралопитектің жасы
5,5-5 млн жыл.
Қазіргі кезде жер ғаламшарында адамның бір ғана түрі тіршілік
етеді. Адамның әр түрлі құрлықтарда тіршілік етуіне қарамастан,
олардың бәрінің де анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктері
бірдей, тек сыртқы терісінің түсінде ғана айырма- шылықтар бар.
Қазіргі кезде бүкіл адамзатты төрт нәсілге бөледі. Олар австралоид-
тық, негроидтық, еуропеоидтық және монголоидтық нәсілдер деп
аталады. Олардың өзі ұсақ нәсілдерге (30-дан астам) бөлінеді. Кейбір
құрлықтарда ірі нәсілдер бірлесе өмір сүргендіктен, олардың
арасында некелесу жағдайынан аралас нәсілдер пайда болған.
Нәсілдердің пайда болуы туралы түрлі көзқарастар бар.
Мысалы, неміс ғалымы К. Фогт қазіргі адамдардың әр түрлі нәсілдері
әр түрлі адам тәрізді маймылдардан пайда болған деген пікірді
қолдайды. Соңғы кездегі генетикалық, биохимиялық, т. б. зерттеу
нәтижелері барлық нәсілдердің арғы тегі саналы адамнан
басталғанын дәлелдеп берді.
Нәсілдер арасындағы негізгі айырмашылық адамдардың сыртқы
түрінің өзгешелігіне: терісінің, шашының, көзінің түсіне, мұрынның,
еріннің пішініне және т. б. негізделген
. Мұндай айырмашылықтар
әрбір нәсілдің бір-бірінен айырмашылығы бар табиғи жағдайларда
ұзақ уақыт өмір сүруінен пайда болған. Мысалы, терінің қара қошқыл
түсі күштің жарық сәулесіне қарсы қорғаныштық бейімділіктен пайда
болуы мүмкін, ал шаштың бұйра болуынан шаш арасында ауа болып,
денені ыстықтан қорғайды. Ал Еуропеоидтықтардың ақшыл түсті
терісі арқылы ультракүлгін
сәулелер денеге сіңіп, ағзада Д
дәрумені
синтезделеді де, мешел ауруына шалдықпайды.
Нәсілдердің барлығында да ақыл, ойлау қабілеттері бірдей.
Нәсілдердің шығу тегі мен араларыңдағы туыстық жақындық-
тарын, тарихи қалыптасуын және оларға
сыртқы орта жағдайларының
ықпалын нәсілтану ғылымы зерттейді. Бұл ғылымның зерттеу
нәтижелері адамның пайда болуын ғылыми тұрғыда түсіндіруге
септігін тигізеді.
Кейбір кертартпа ғалымдар әр түрлі пиғылдағы нәсілшілдікті
уағыздайды. Олар кейбір нәсілдерді төмен дәрежелі қабілетсіз, ал
екінші бір нәсілдерді жоғары дәрежелі қабілетті деп дәріптейді және
халықтың экономикалық дамуына, мәдениеттің мешеулігіне нәсілдер