Экологиялық факторлар. Тірі ағзалардың таралуы негізінен
экологиялық жағдайларға тікелей тәуелді болады. Әрбір орта
жағдайы түрлі ағзаларға түрліше әсер етеді. Сонымен қатар, тірі
ағзалардың бір-біріне әсері және орта жағдайлары мен ағзаларға
адамның іс-әрекетінің әсері де экологиялық жағдайларға жатады.
Сондықтан да ағзаларға, популяцияларға, бірлестіктерге, экология-
лық жүйелерге және биосфераға ықпалын тигізетін, табиғи ортаның
әрбір жеке құрамды бөліктерінің жиынтығы экологиялық факторлар
деп аталады.
Экологиялық факторлардың жеке дара ерекшеліктеріне байла-
нысты олардың үш тобын ажыратады.
Достарыңызбен бөлісу: |