183
түрден екінші түрге айналдырады да, Жер бетінде тіршіліктің
жандана түсуіне және олардың ұрпақтарының үнемі алмасып
отыруына жағдай жасайды. Үшінші, редуценттер — органикалық
заттарды минералды заттарға ыдыратады және сол арқылы табиғатта
қажетсіз қалдықтардың жиналуына жол бермейді. Табиғатта болатын
биологиялық зат айналымын сызбанұсқа арқылы көрсетуге болады:
жасыл өсімдіктер -жануарлар - ұсақ
ағзалар
(продуценттер) - (консументтер) - (редуценттер)
Жер бетінде тіршілікті Күн энергиясы мен жасыл өсімдіктерде
болатын хлорофилдер қамтамасыз етеді. Ал басқа ағзаларда болатын
зат айналымы продуценттерге тікелей байланысты және олардың
тіршілігіне өз көмегін тигізеді.
Кез келген биогеоценозды құраушы бірнеше түрге жататын
популяциялар арасында өзара тығыз қарым-қатынас болумен бірге
өзара аса күрделі қарама-қайшылықтар да болып тұрады. Ағзалар
өзара қоректену тізбегі арқылы және айналадағы өлі табиғатпен
(жарық, су, жылу, ауа, химиялық элементтер, т. б.) үнемі болып
тұратын зат алмасу арқылы тығыз байланысты болады. Зат
алмасудың нәтижесінде ағзалардың құрамындағы әр түрлі элементтер
қайтадан айналадағы ортаға беріледі де, бұл әрекет үнемі қайталанып
отырады. Міне осылай табиғатта үздіксіз зат айналымы болады.
Табиғатта болатын зат айналым әрбір биогеоценозды және
биосфераны тұтасымен қамтиды.
Биосферада тұрақты түрде су мен тірі ағзалар құрамына кіретін
химиялық элементтер арасында да үздіксіз айналым болып тұрады.
Ағзалар өз жасушасыңдағы цитоплазманы синтездеу үшін 40-қа
жуық элементтерді пайдаланады. Олардың ішіндегі ең негізгілеріне
көміртегі, азот, сутегі, оттегі, фосфор және күкірт жатады. Ал басқа
элементтер аздаған мөлшерде болса да өте қажет. Оларға кальций,
натрий, т. б. жатады. Ағзалар мен айналадағы орта арасында болатын
зат
айналым
биосферадағы
тіршілікті
қамтамасыз
етеді.
Биосферадағы зат айналымында тірі ағзалардың атқаратын қызметі
ерекше. Табиғатта болатын зат айналымында тірі ағзалар түрліше
қызмет атқарады. Оларға газдық, қанықпалық, тотығу-тотықсыздану
және биохимиялық қызметтер жатады.
Газдық қызмет жасыл өсімдіктердің фотосинтез әрекеті кезіңде
оттегін бөліп шығаруы, тынысалу кезінде өсімдіктер мен
жануарлардың бөліп шығаратын көмірқышқыл газы, сонымен қатар
184
азотты, күкіртсутекті, т. б. қалпына келтіретін бактериялар арқылы
жүзеге асады. Бұл кезде тірі ағзалар мен атмосфера арасыңда тығыз
байланыс түзіледі. Жинақтау қызметі тірі ағзалардың өз денелерінде
жекеленген химиялық элементтерді қабылдап жинақтауы арқылы
жүреді. Мысалы, жекеленген ағзалар өз денесінде сутегі, көміртегі,
азот, оттегі, натрий, марганец, магний, алюминий, фосфор, кремний,
калий, кальций, күкірт, темір, иод, радий, т. б. элементтерді
жинақтайды.
Тотығу-тотықсыздану қызметін көбіне топырақ арасында және
гидросферада тіршілік ететін ағзалар атқарады. Олар заттарды
тотықтыру арқылы оксидтер түзеді, кейбір заттарды (күкіртсутек,
күкіртті темір, т. б.) қалпына келтіріледі. Кейбір ұсақағзалар пайдалы
қазбалар (әктас, боксит, т. б.) түзуге де қатысады.
Биохимиялық қызмет тірі ағзалардың қоректенуі, тынысалуы
мен көбеюі және өлген ағзалардың ыдырауы мен шіруі кезіңде
байқалады. Бұл кезде элементтердің атомдар түрінде биогендік
миграциясы жүзеге асады, Кейде адамның іс-әрекетінін нәтижесінде
биосфераға тән емес, әрі биосфераға зиянды әсер ететін зат айналымы
байқалады. Мысалы, өнеркәсіп орындары мен тасымалдаудан
бөлінген химиялық улы қоспалар елді мекендердің ауасын ластайды,
ал “қышқыл жаңбырлар” табиғатқа зиянды әсерін тигізеді.
Сондықтан да табиғатты мұндай ластанудан қорғау шараларына
ерекше мән беру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: