Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Жаратылыстану-математика факультеті


Атомдардың  биогендік  миграциясы



Pdf көрінісі
бет180/183
Дата02.01.2022
өлшемі1.59 Mb.
#452555
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   183
Оразымбетова Б. Б. Биологияға кіріспе

Атомдардың  биогендік  миграциясы.  Биосферада  кейбір 
активті химиялық элементтер атомдар күйінде бір ағзадан екіншісіне 
немесе  өлі  табиғатқа  және  қайтадан  ағзаларға  үздіксіз  өтіп  тұрады. 
Мұны  атомдардың  биогендік  миграциясы  деп  атайды.  Бұл  айналым 
сулы  ортада  (элементтердін  еруі  немесе  ерітінділердің  қозғалуы) 
және  атмосферада  (газ  тәрізді  қосылыстар,  су  буларының  қозғалуы) 
болатын  физикалық-химиялық  өзгерістерге  мүлде  ұқсамайды.  Ұсақ 
ағзалар  органикалық  қалдықтарды  ыдыратып,  шірітеді,  бұл  кезде 
бөлінген  элементтер  топырақ  пен  ауаға  бөлінеді,  одан  соң  қайтадан 
басқа ағзаларға өтіп биологиялық зат айналымына қатысады. Осылай 
кейбір  элементтер  атомдар  күйінде  биосферадағы  зат  айналымында 
үздіксіз  бір  ағзадан  екіншісіне  миллиондаған  жылдар  бойы  ауысып 
отырады.  Бұл  соңғы  кездегі  изотоптар  арқылы  зерттеу  әдістерімен 
ғылыми дәлелденіп отыр. Кез келген органикалық қосылыстардың 


185 
 
Ноосфера. Ноосфера  -  В.И.Вернадский  қалыптастырып  енгізген 
ұғым.  Бұл  -  «саналылар  сферасы».  Ноосфера  биосфера  дамуының 
жоғары  кезеңі  деп  есептеледі,  одан  адамзаттың  саналы  іс-әрекетінің 
салдары  жаппай  сезіліп  тұрады.  Қазіргі  кезде  ноосфераның 
шекаралары биосфераның шекараларына тура келеді. Өйткені жерде 
адам іс-әрекетінің салдары сезілмейтін аумақ  іс жүзінде  қалған жоқ. 
Тіпті егер де «адам аяғын баспаған орындар» бола қалғанның өзінде 
олар атмосферада антропогендік шығарындылардың қандай да болса 
бөлшектері немесе сол қосылыстарды топырақтан немесе судан және 
т.б. табуға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   183




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет