Тірі ағзалардың қасиеттері. Тірі ағзалардың басты қасиеті -
олардың үнемі артына ұрпақ қалдырып өніп-өсуі және көбеюі болып
177
саналады. Сол арқылы олар Жер бетіне кеңінен таралады, әрі өз
биомассасын құрайды. Ағзалардың ғаламшарлық басты қызметі - күн
энергиясын өз бойында жинақтап, кейін оны биосферада болатын
геохимиялық әрекеттерге жұмсайды.
Тірі ағзалардың табиғаттағы рөлін В. И. Вернадский ерекше
бағалаған. “Тірі зат” - ағзалар жиынтығы - газ массасы тәрізді жердің
үстіңгі бетіне таралып, айналадағы ортаға белгілі дәрежеде қысым
жасайды, оның ілгері жылжуына кедергі болатын тосқауылдарды
айналып өтеді немесе түгелдей басып алады. Бұл қозғалыс ағзалар-
дың көбеюі арқылы жүзеге асады. Осы қасиеттің тірі ағзалар үшін өте
маңызды екенін, оларды сіресіп қалған өлі материядан бөліп тұратын
шекара тәрізді қасиет екенін К. Линней де жақсы білген. Сулы
ортадағы ұсақ ағзалар тез көбейіп, тез таралады. Кейбір бактерия-
лардың саны әр 22 минут сайын екі есе өсіп отырады. Құрлықтағы
жәндіктердің негізгі биомассасын буынаяқтылар құрайды және
олардың көбеюі өте қарқынды түрде жүреді.
Биосферада кездесетін ұсақ ағзалардың тіршілік әрекетінің
нәтижесінде өте көп мөлшерде химиялық элементтердің тотығуы
және қалпына келу әрекеттері жүреді. Оған мысал ретіңде азотты,
күкіртті, темірді және марганецті, т. б. элементтерді жинақтаушы
бактерияларды атауға болады. Көптеген ұсақ ағзалар, саңырау-
құлақтар және басқа жануарлардың тіршігігі нәтижесіңде бүкіл Жер
шарында кең көлемде органикалық қалдықтар ыдырайды. Атмосфера
құрамындағы оттегінің қазіргі мөлшері де тікелей жасыл өсімдіктер
тіршілігінің жемісі деп атауға болады. Тропосфераның жоғары
қабатындағы озон қабаты да ағзалар тіршілігінің нәтижесінде пайда
болған. Тірі ағзалар биосферада болатын үлкен және кіші зат
айналымдары арқылы болатын атомдардың бір орнынан екінші
орынға ауысуында белсенді рөл атқарады. Тірі ағзалардың әсерінен
болатын зат пен энергия айналымы арқылы биосфера өзін-өзі реттей
алады, сол арқылы тіршілік әрекеттерінің үйлесімділігі сақталады.
В. И. Вернадскийдің 1927 ж. мәліметі бойынша Жер ғаламшарыңдағы
тірі ағзалар биомассасы 2,42
•
10'2 т (құрғақ зат ретінде), оның
2,42
•
10'2 тоннасы құрлықта ал, 0,0032-1012 тоннасы әлемдік мұхитта
кездеседі. Құрлықтағы биомассаның негізгі бөлігін өсімдіктер
құрайды, олардың үлесі 99,2%, ал қалған, яғни 0,8%-ті жануарлардың
үлесіне тиеді. асыруға ерекше мән берілуде. Бұл салада Ақмола
облысындағы Шортанды астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу
178
институты ғалымдарының еңбектерін ерекше атап өткен жөн.Ол
институтты дүниежүзіне белгілі ғалым Мехлис Сүлейменов игілікті
істерімен басқарып келеді. Бұл институт қызметкерлері Қазақстан-
ның көпшілік аймағы эрозияға ұшыраған жерлерде ғылыми негізде
ұйымдастырушылық және агротехникалық, т. б. шараларды кеңінен
жүргізіп келеді.
Агроценоздардың түсімділігін арттыру жолында ауыспалы егіс
жүйесін ғылыми негізде жүргізе білудің де маңызы зор.
Ауылшаруашылық зиянкестерімен күрес жүргізгеңде биологиялық
әдістерге ерекше мән беру қажет. Әсіресе саңырауқұлақтардан,
вирустардан басқа да ұсақ ағзалардан дайыңдалған биологиялық
препараттарды және тікелей пайдалы жәндіктерді пайдаланған тиімді
болады. Бунақденелілерге жататын жарғақ қанаттылар отрядының
өкілі трихограмма деген жәндік өз жұмыртқасын 16 түрлі зиянкес
жәндіктердің денесіне салып, оларды жойып жібереді, оны
орамжапырақ, мақта көбелектеріне де қарсы пайдалануға болады.
Ғалымдардың зерттеулері бойынша жыртқыш құстар мен
аңдардың табиғаттағы қоректік тізбекте елеулі орын алатындығы,
табиғатты тазартушы екендігі анықталып, қазіргі кезде оларды ретсіз
атуға тиым салынды. Кейбір жануарлардың тіршілік ортасының
өзгеруіне де жол бермеу жағына басты назар аударылады.
Жайық өзенінде кездесетін бекіре тұқымдас балықтардың
санының азайып кетуіне көптеген себептер әсер етіп отырғаны да
анықталды. Өзен деңгейінің тартылуы, лас қалдық сулардың оған
қосылуы,суландыру жүйелерінің дұрыс салынбауы, заңсыз аулау, т.б.
кедергілер кәсіптік мәні жоғары, әрі мақтанышымыз бекіре
балықтарының санының азаюына тікелей әсер етуде. Олардың санын
молайту үшін арнайы балық тәлімбақтары мен зауыттарын салып,
қолдан көбейту шараларын жүзеге асыру қажет. Кейбір бағалы
жануарларды жерсіндіру және қайта жерсіндіру жұмыстарын жүргізу
қажет. Мысалы, қазіргі кезде жабайы жылқының түрі құлан Жамбыл
облысындағы Андасай кіші қорықшасында, Маңғыстаудағы Үстірт
қорығына және Қапшағай суқоймасының маңындағы қорық-
аңшылық шаруашылығына қайта жерсіңдіріліп, саны жылдан-жылға
көбейіп келеді.
Мұндай жұмыстар Жайық өзенінде тіршілік ететін терісі бағалы
кұңдызды Ертіс бойына қайта жерсіндіру бағытыңда да жүргізілуде.
Тіршіліктің сан алуан құпия сырларын жан-жақты зерттеу мақсатың-
179
да биология ғылымының көптеген жаңа салалары пайда болды.
Адамзатты азық-түлікпен қамтамасыз етуде биология ғылымының
алатын орны ерекше. Қазіргі кезде гендік инженерия, бионика,
биотехнология, т. б. биология ғылымдарына ерекше назар аударылып
отыр. Биотехнология ғылымында түрлі ағзалардың тіршілік әрекетін
өнеркөсіптік негізде пайдалана отырып, дәрі-дәрмектер, қуаты мол
азық-түлік қорларын молайту көзделуде. Ал бионика ғылымы тірі
ағзалардағы өте күрделі әрі нәзік тетіктерге сүйене отырып, құралдар
жасауды үйренуге ұмтылуда. Гендік инженерия ғылымы гендерді
алмастыру, салу арқылы табиғатқа зиянсыз, әрі халық игілігі үшін
пайдалы азғаларды көбейту мақсатын көздейді.
Табиғат қорғау шараларын нәтижелі жүргізіп және биосферадағы
заңдылықтарды бұзбау үшін биология ғылымдарын жан-жақты әрі
мұқият түрде дамытуға жол ашу қажет. Қорыта айтқанда, ноосфера
ғылыми ой-сананың және әлеуметгік қатынастардың бір мақсатқа
негізделген қорытындысын көрсетуі тиіс. Ол адамдардың бойындағы
шығармашылық күш-қуатын және бар қабілетін барынша аша түсуіне
жағдай жасау болып табылады. Ноосфераның негізгі мақсаты,
халықтың әл-ауқатын көтеру, жер бетіндегі барлық адамның
теңдігіне жол ашу, соғыс атаулыны болдырмау, барлық адамдардың
шығармашылық еңбегінің жемісті болуына жағдай жасау болып
табылады. тамырларынан және олардың жер үсті бөліктерінен
(жапырақтары, сабақтары, т. б.) құралады.
Топырақтың түзілуінде ұсақ ағзалар да елеулі орын алады.
1 шаршы метр алқапта миллиардтаған ұсақ ағзалар (вирустар,
бактериялар, төменгі сатылы саңырауқұлақтар, бір жасушалы
балдырлар, т.б.) кездеседі. Олар биологиялық айналымға қатысып,
органикалық қалдықтарды ыдыратады. Ал кейбір бактериялар ауа
құрамындағы азотты сіңіріп, топырақ құнарлығын арттырады.
Топырақ түзілуінде шұбалшаңдардың, бунақденелілердің және олар-
дың дернәсілдерінің маңызы ерекше орын алады. Олар топырақты
қопсытады, ауаның және судың алмасуына қолайлы жағдай жасайды.
Бұл салада шұбалшаңның маңызы өте зор.Ч. Дарвиннің бақылауы
бойынша 1 га жерде кездесетін шұбалшаң бір жылда орташа есеппен
25 т. топырақты ішектері арқылы өткізіп, қалыңдығы 0,5 см. құнарлы
қабат түзеді.
Топырақтың түзілуіне климаттық әсерлер (жауын-шашын, жер
асты сулары, газ алмасу, т. б.) де өз ықпалын тигізді. Жауын- шашын
180
сулары топырақты оттегімен байытып, минералды тұздардың еруіне
жағдай туғызады. Топырақ құрамында газдардың алмасуы да онда
тіршілік ететін ағзалар үшін маңызды рөл атқарады. Топырақ та
биологиялық әрекеттерге қатысып, биосферада болатын зат пен
энергия айналымының құрамына кіреді.
Кейбір кездерде адамның шаруашылық әрекеттері (өнеркәсіп
қалдықтары, мұнай өнімдерін өңдеу, агротехникалық шараларды
дұрыс жүргізбеу, минералды тыңайтқыштарды ретсіз пайдалану, т.б.)
топырақта қалыптасқан тіршілік әрекеттерінің үйлесімділігіне зиянды
әсер етеді. Топырақ биогеоценозының бұзылуына эрозияның әрекеті
ерекше. Қазіргі кезде Жер шарының 5 млрд-тан астам тұрғындары 1,5
млрд. га егістік алқаптардан алынатын түсімді пайдаланады.Ал
Қазақстанда 36 млн. га егістік алқап бар, олардың біраз бөлігі
эрозияға ұшыраған. Сондықтан да топырақты күтіп баптап, тиімді әрі
ұқыпты пайдалану және ластанудан қорғау қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |