Лейкопластар. Лейкопластар көптеген өсімдіктердің жасушала-
рында кездеседі. Олар ұрықтық ұлпалардың жасушаларында,
споралар мен аналық гаметалардың цитоплазмаларыңда, тұқымдарда,
түйнектерде, тамыршаларда, көптеген дара жарнақты өсімдіктердің
эпидермистерінде болады. Лейкопластарда крахмал коры жасалады.
Крахмал қор заты ретінде глюкозадан лейкопластарға келетін
амилосинтетаза ферменттерінің әсерімен синтезделеді. Хлоропластар,
хромопластар және лейкопластар өзара бір-біріне ауыса алады. Оны
көктем, күз мезгілдеріңде жақсы бақылауға болады және оған
көптеген картоп түйіндерінің өзгерістері мысал бола алады.
Хлоропластағы көмірсу синтезіне жарық энергиясын пайдаланса, ал
басқа органикалық заттардың синтезіне энергия қоры митохондрия
органоидынан алынады.
Достарыңызбен бөлісу: |