Митохондрияның биологиялық рөлі. Митохондрияда синтез-
делген АТФ молекуласы еркін жылжып, цитоплазмаға, одан ядроға
және әр түрлі органоидтарға өтіп, биохимиялық реакцияларға жұмса-
лады. Митохоңдриялык ДНҚ ішкі жарғақшаны құрайтын кейбір
ақуызды синтездейді. Ол ақуыз, май, нуклеин қышқылдарынан басқа
зат алмасуға белсенді қатысатын ферменттерден және А, С дәрумен-
дерінен тұрады. Жаңа митохондриялар бұрыңгы митохондриялардың
бөлінуі арқылы пайда болады.
Пластидтер. Пластидтер - жасыл өсімдіктер жасушаларының
тұрақты органоиды. Пластидтер саңырауқұлақтарда, көк-жасыл
балдырларда және бактерия жасушаларында болмайды. Пластид-
тердің үш типі бар: жасыл-хлоропластар; қызыл, кызғылт-сары, сары-
хромопластар; түссіз - лейкопластар. Пластидтердің бұл аталған
типтері генетикалық жағынан бір-бірімен тығыз байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |