Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Жаратылыстану-математика факультеті



Pdf көрінісі
бет63/183
Дата02.01.2022
өлшемі1.59 Mb.
#452555
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   183
Оразымбетова Б. Б. Биологияға кіріспе

Ядроның құрылымыЯдро - жануарлар мен өсімдіктер жасуша-
ларының  негізгі  және  тұрақты  жиынтығы.  Ядросы  бар  ағзаларды  – 
эукариоттар  (грекше.“карион”-ядро)  деп  атайды.  Тірі  ағзаның 
тіршілік қасиеттерінің бірі  - көбею, ол ядромен тікелей байланысты. 
Зат алмасу, көбею және өсіп-даму ядросы бар жасушаларда қарқынды 
түрде  жүреді.  Кейбір  ағзаларда  ядро  болмайды,  оларды  прокариот-
тар  деп  атайды.  Ол  ағзаларда  толық  жетілмеген  жарғақшалы  ядро 
болмаса да, оның құрамындағы pаттары болады. 
 
Жасушаның  ядросы,  негізінен,  тірі  ағзаның  тұқым  қуалау 
белгілері  мен  қасиеттерін  ДНҚ  түрінде  сақтайтын  хромосомалардан 
ядро  шырыны,  РНҚ,  ядрошық,  т.б.  құрамдас  бөлшектерден  тұрады. 
Ядро  цитоплазмадан  екі  жарғақшасы  (ішкі  және  сыртқы)  арқылы 
бөлінеді.  Жарғақша  ұсақ  шұрықтардан  тұрады,  бұл  арқылы  цито-
плазма  мен  ядроның  арасында  заттар  алмасады.  Эндоплазмалық 
тордың  шұрықтары,  ядро  жарғақшаларының  шұрықтарына  келіп 
ашылады.  Ядро  жарғақшасы  шала  өткізгіштік  қасиетке  ие.  Жасуша 
бөлінерде  ядро  жарғақшасы  жойылып  кетеді  де,  жас  жасушаларда 
қайта  пайда  болады.  Көптеген  жасушаларда  ядро  біреу,  ал 
қейбіреулерінде  ядросы  бірнешеу  болып  келетін  жасушаларда 
болады.  Мысалы,  омыртқалы  жануарлардың  бауыры,  сүйек, 
бұлшықет ұлпалары және қарапайымдарда. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   183




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет