Жасуша орталығы. Жасуша орталығы көп жасушалы жануар-
лардың жасушаларынан, қарапайымдардың және кейбір өсімдіктер-
дің жасушаларынан табылған. Әрбір центриоль ұзындығы 1 мкм
шамасындай, цилиндр пішінді. Жасуша орталығы екі құрамдас бөлік-
тен:
) центриоль, 2) центросферадан тұрады. Жасушаның белінуінен
бұрын жасуша орталығы екіге бөлініп, екі полюске қарай тартылады.
Бұл екі центриольдың арасыңда ахроматин жіпшелері пайда болады.
Ол жіпшелердің бір ұшы хромосомалардың центромерлерімен
жалғасады. Кейінгі кездегі жүргізілген биохимиялық зерттеулердің
нәтижесіңде жасуша орталығы жасушаның бөліну әрекетіне (митоз,
мейоз) тікелей қатысатындығы дәлелденді. Жасуша орталығы бөліну
арқылы көбейеді.
|