56
қалпақшасын теңіз суына салады, калпақша пайда болмайды. Осы
тәжірибеден Геммерлинг ядрода қалпақшанын пайда болуына
қажетті ерекше бір зат жасалып шығады деген қорытындыға келеді.
Үшінші тәжірибесінде ацетабулярияның қалпақшасы дөңгелек пішін-
дісін емес, тілімделген пішіндісін алды. Тілімделген пішіндісінін
қалпақшасымен сабағын сабақшасын кесіп алып, қалпақшасы
деңгелек пішінді ацетабуляриянын ядросы бар бөлігімен телігенде,
дөңгелек пішінді қалпақ пайда болады. Бұл құбылыс
дөңгелек пішінді
ацетабулярияның ядросындағы тұқым қуалайтын ақпаратына
байланысты болатыңдығының дәлелі.
Осы айтылғандардың барлығы жасушаның тіршілік әрекетінде
ядроның тұқым қуалау қасиетінің маңыздылығын терең түсіндіреді.
Сонымен жасушаның тіршілік әрекетіңде ядро мен цитоплазманын
арасында тығыз байланыстылық бар, оны да Геммерлинг тәжірибе
жасау аркылы дәлелдеген.
Достарыңызбен бөлісу: